400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Білгірлер сайысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ТЫС ШАРА


«Білгірлер сайысы»

Шараның мақсаттары: 
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру, 

Шараның түрі: сайыс 
Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар, Ы.Алтынсариннің портреті мен сөздері.

Шараның эпиграфы: 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
 
Шараның барысы: 

Жүргізуші-

1.Кіріспе. 
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 7-10 сыныптан оқушылар қатысады.Тапсырма саны-7,. Біздің сайысының әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген топтардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды. 


Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 


  1. «Бәйге»- әр жауапқа 1 ұпайдан.
    2. Полиглот- әр тілге 5 ұпай;  
    3. Сөз құру-5 ұпай;
    4. Тақырыптық әңгіме құру-5 ұпай;
     5. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-5 ұпай; 
    6. Мақалды аяқта- 5 ұпай; 
    7. «Жорға»-әр жауапқа 1 ұпайдан.

Сайыстың жүруі: 
1-кезең «Бәйге». 


1-топ
Сайыскерлер 1 минут ішінде сұрақтарга жауап береді


1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 
2.Абайдың шын аты? (Ыбырай) 
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 
6. «Главные члены предложения» қазақша қалай болады? (тұрлаулы сөйлем мүшелері) 
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 
8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран) 
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 

2-топ


1.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?) 

2.Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 
3.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 
4.Бір жылда неше күн бар? (365) 
5.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 
6.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 
7.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ, ауыспалы келер шақ, өткен жедел шақ) 
8.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 
9.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15, 
дауыссыз-25)


2-кезең «Полиглот». 

Сайыскерлерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 5 ұпайдан,жиыны-15 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар. 




1-топ


1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-bell)


2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады. 
Немесе- қыста келген,көктемде еріген (қар-снег-snoh
3.Қаласы бар,үйі жоқ. 
Өзеңі бар,суы жоқ. 
Орманы бар,бүрі жоқ. 
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта- map

4.Қабат-қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама! 
Немесе- 
Көп әңгімем,өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book

2-топ

1.Түк білмей барасың, 
Тәлім аласың. 
Есейіп кетсең де, 
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа- school

2.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед- ice


3.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-skiing

4.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-notebook


3-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен көпсөз құрастыру қажет. Ойын 5 ұпаймен есептеледі. 


4-кезең ойыншылар өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды. 

Ұсынылған тақырыптар: 
1.Менің отбасым; 
2.Менің досым; 
3.Менің мектебім; 
 4.Менің ауылым; 
5.Қыста.
 



5-кезең 
Сайыскерлер сөздердің антонимдерін айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/
1.Сөздердің антонимдерін табыңыз 

1-топ


1.жаңа –ескі /новый –старый/
2.бүгін - кеше /сегодны-вчера/
3.жақсы –жаман /хороший-плохой/
4.тар – кең /узкий-широкий/


5.аз – көп /мало-много/
6.биік - аласа /высокий-низкий/
7.кішкентай – үлкен /маленький-большой/
8.ерте –кеш /рано-поздно/

2-топ

1.күн-түн /день-ночь/

2.алыс-жақын /далеко –близко/

3.аш-жап /открой-закрой/

4.қысқа-ұзын /короткий-длинный/


5.кедей – бай /бедный-богатый/

6. үстінде –астында /наверху-внизу

7.ақ – қара /белый-черный/

8.жақсылық –жамандық /доб


6 –кезең. «Мақалды аяқта» 

Сайыскерлерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі. 
1-топ
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп) 
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз) 
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)
4.....жолдастан таяғым артық (жаман) 
 
2-топ


1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір) 
2.Ұстаздан шәкірт .... (озар) 
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)
 4.Кітап- ....,тілсіз мұғалім ғалым


7 –кезең. «Жорға» 

Сайыскерлер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.. 

1-ші топка қойылатын сұрақтар: 
1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 
3.Республика астанасы (Астана қаласы) 
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ) 
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 
7.Кабинет истории (тарих кабинеті) 
8.Біздің аудан атауы (Атбасар) 
9.Бала оқытатын адам (мұғал


2-ші топка қойылатын сұрақтар: 
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы) 
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы) 
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір) 
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті) 
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер) 
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен) 


Қазылар алқасыларға сөз беріледі. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2019
838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі