Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Білгірлер" сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Білімділер» сайысы
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген
қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану
және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт
- дәстүрін, әдет - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім
қабылдауға баулу.
Оқушылардың
ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми
білім жүйесін меңгерту.
Көрнекіліктері: слайд - презентация,
доп,шар,плакат,т б.
Сабақтың
мазмұны:
Білім деген
биік шың,
Бақытқа
сені жетелер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан
өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,
оқушылар бүгін 4-класс оқушыларының білімдерін
зерделейтін «Білімділер» атты
сайысқа қош
келдіңіздер.
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ
қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын
бірнеше кезеңнен
тұрады.
Топтар әр кезең қорытындысы бойынша ұпай жинайды.
Соңғы айналымнан кейін
барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз
атанады.
Әрқашанда
білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына
жетпеген.
Сәлем берді
ұландарға талапкер,
Дос
көңілмен адал, аппақ ниетпен.
І.Таныстыру
-
Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс
болайық:
1 - топ
«Тұлпар»
Тұлпар деген
атымыз,
Өжет және
батылмыз.
Жарысуға бүгін
біз,
Қырандармен
дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз
шабамыз,
Озып алға
шығамыз
2 - топ
«Қырандар»
Біз
қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз
құмармыз.
Болашағы
қазақтың
Ұлы - қызы
боламыз!
Ұраны: Алға, тек,
алға!
Жеңіске қарай
самға.
1
- айналым «Білгенге маржан» Әр дұрыс жауап 1
ұпай.
Топтарға оқу бағдарламасы
аясында әзірленген 9 ұяшықтан сұрақ қойылады. Сұрақтарды ұяшықтар
арқылы таңдайды. 1 ұяшықта 3 сұрақ беріледі. Әдебиеттік оқу,
дүниетану, қазақ тілі пәндері бойынша Топ әр дұрыс жауапқа 1
ұпайдан алады.
1. Абылай ханның шын есімі
кім? (Әбілмансұр)
Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат
есім)
«Орман емшісі» қандай
құс? (Тоқылдық)
2. Өмірде болған адамдардың басынан өткен
шығарма қалай аталады? (аңыз)
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? ( жуан –
жіңішке,ашық,қысаң,еріндік,езулік)
Қазақстанда неше облыс бар? (14
облыс)
3. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл
кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
(М.
Мақатаев)
Түбір сөзге жұрнақ пен
жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
(жұрнақ)
Судың неше күйі бар? (3
күйі: су, бу, мұз)
4. М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін есіңе
түсір. Бала Абайға бата берген кім? (Барлас
ақын)
Етістік қандай сұрақтарға
жауап береді? (не істеді? қайтті?)
Қазақстанның ең биік тауы. (Хантәңірі
6646метр)
5. «Әлди бөпем» деген сөзі бар жыр қалай
аталады? (бесік жыры)
Сын
есім қай сөз табымен байланысады? (зат
есім)
Алтын адам қайдан
табылды? (Есік қаласынан)
6. «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге
қатысты айтылған? (Райымбек
батырға)
Сан есім қандай
сұрақтарға жауап береді? (неше? қанша?
нешінші?)
Қазақстанның негізгі
пайдалы қазбаларын ата.
(көмір,алтые,тұз,хром)
7. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің
өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар,
оқылық)
Заттың қимылын, іс -
әрекетін білдіретін сөз табы.
(Етістік)
Ең үлкен көл?
(Каспий(
8. Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім?
(М. Әуезов)
Қазақ тілінде неше жалғау бар?
(4-көптік, жіктік, тәуелдік,септік)
Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі.(5:Ресей,Қытай,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан)
9. Жеті атаңды білу қажеттілігі туралы қай
шығармада айтылған? (Б. Момышұлы. Ұшқан
ұя)
Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз (биік)
Адамдар балыққа қарап нені ойлап тапқан? (қайық)
Сөз
кезегі әділқазыларда. Бірінші айналымның қорытындысын
айтады.
Қажу бар ма
тұлпарға,
Талу бар ма
қыранға
Білім күшті
оларда
Салсын барын
ортаға.
Енді
ойынымыздың І І- айналымын
бастаймыз.
ІІ - айналым «Ұшқыр
ой» Әр дұрыс жауап 5 ұпай
Бұл
кезеңде ұлы ақын - жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер
беріледі. Әр топқа 3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі.
Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа
тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт
беріледі)
1.
Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке
сатып.
Сандалған бір киікке
ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде
келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.
Сейфуллин)
2. Аштық,махаббат,жаман мінез,қорқақтық-бәрі тәнге байлаулы.Аштық, махаббат,жаман мінез,қорқақтық-бәрі өсіп-өнеді. Олар-тәннің асырап өсірген балапаны. Сондықтан тәнді таза ұстау керек,-деп ақжүрек ақсақал әңгімені аяқтады.
(«Дүниеде жамандық неден?»
Ы.Алтынсарин)
3.Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы,жүк орнынан
қозғалмады.
(«Аққу,Шортан,һәм Шаян» А.Байтұрсынов)
1. Өнер, білім бар
жұрттар,
Тастан сарай
салғызды.
Айшылық алыс
жерлерден,
Көзіңді ашып -
жұмғанша
Жылдам хабар
алғызды.
(«Өнер, білім бар
жұрттар». Ы. Алтынсарин)
2. Әкем
екеуіміз мектепке келсек,есік алдында біраз адам жиылып тұр екен.
Олардың арасында ұзын қара шашты шинель киген , жұп-жуан, екі беті
торсықтай ,ала көз ,бұжыр қара адам сөйлеп
тұр.
(«Орындалған арман» С.Көбеев)
3. – Шүкіршілік ,әке ,-
деп біраз тұрды да: -ат барған соң , дәріс тамам болмаса да,
хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым,
-деді.
(«Жолда» Мұхтар Әуезов)
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел
көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме
жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле
бергім
Білімдіні сүйерін білім
елдің,- дей отырып,
Келесі ІІІ- айналым «Ойлан тап!» математикалық тапсырмалар орындайды.
Әр
топ сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 1
ұпай
Логикалық
есептер
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат
ойнайды? (2 сағ)
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым
жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? (40
шақырым)
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір
жұмыртқа неше минут піседі? (4минут)
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр
ма? (бірдей)
*Бір айда 5 жексенбі бола
ма? ( кей
айларда болады)
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
(бір асықты дорбасымен
алады)
Логикалық есептер: Әр дұрыс жауап 5 ұпай
1.Егер әр қайыққа 3 адамнан алса,жағада 6 адам қалады.Ал 4 адамнан алса,3адам қалады.Сонда қайық нешеу, адам нешеу?
(15 адам, 3қайық)
2.10 күшік пен мысыққа 56 котлет берілді.Әр мысыққа 5 котлеттен,әр күшікке 6 котлеттен келді. Неше мысық пен күшік тамақ жегенін тап.
(6 күшік,4 мысық)
1.Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса,қарияның жасы сонша жыл.Сонымен қарияның жасы нешеде,шөбересінің жасы нешеде?
(Қарияның жасы108-де,шөбересінің жасы 9-да)
2.Отбасында 3 бала бар: Дәурен,Әсет және Сұлу .Дәурен Сұлудан екі есе үлкен,ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен.Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?
(Дәурен 8жаста,Әсет 10жаста , Сұлу 4жаста)
Келесі айналым : «Сарамандық жұмыстар» . Дүниетану пәнінен оқығанымызды тәжірибе жүзінде көрсетейік. Екі топтың алдына берілген заттарды пайдаланып ,тәжірибе жасау, түсіндіріп айтып беру тапсырылады.
Бірінші тәжірибе «Ауаның қасиеттері» Дұрыс жауап 5 ұпай
Тәжірибе
жасау:
- Мұрныңды қысып,
демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана. (тәжірибе
жасалды)
- Біз сыныпта тақтаны,
партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. Ендеше біз
доппен, шармен тәжірибе жасалық. (тәжірибе
жасалады)
- Шарды үрлеп, бүйірінен
қысу - бұл ауаның сығылуы.
-
Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл
серпілуі.
- Шырағдан жағып оны
банкамен жабу - ауа тұншығады, жануды
қолдауы.
- Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады,
кішірейеді.)
- Сонда серпіп тұрған
не?(Ауа)
- Біз сусыз тіршілік
жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта
тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады
екенбіз.
Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр.
Ауасыз өмір сүру мүмкін емес.
2 – тәжірибе. «Судың қасиеттері»
Суға қант салып араластырайық.
Қант еріп кетті.
Су мөлдір күйінде қалды.
Судың дәмі тәтті болды.
1) Қант суда жақсы ериді.
2 – тәжірибе. Суға тұз салып араластыру.
Суға бір қасық тұз салып араластыру.
Тұз суда еріп кетті.
Су мөлдір күйінде қалды.
Судың дәмі ащы болды
.2) Тұз суда жақсы ериді.
3 – тәжірибе. Стақандағы суға құм салып араластыру.
Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді.
Құм суда ерімейді.
4 – тәжірибе. Стақандағы суға саз салып араластыру.
Су лайланады.
Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді.
Саз суда ерімейді.
Не байқадыңдар?
Қант суда жақсы ериді Тұз суда жақсы ериді . Құм суда ерімейді . Саз суда ерімейді Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.Су –тіршілік көзі. Су табиғатта үш күйде кездеседі.:бу,мұз,су.
Логикалық тапсырмалар. Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды? Оқушылардың жауабын тыңдау. Сонда суда барлық заттар ери ме?
«Сиқырлы қалам» айналымы: «Табиғат» тақырыбына әр топ сөзжұмбақ құрастыру Дұрыс жауап 5 ұпай
Музыкалық нөмерлер.
Қорытынды:
Көп біріксе ел болар, көп түкірсе көл болар -
демекші құрметті оқушылар бүгінгі сайысқа атсалысып, топ болып
қатысқандарыңызға көп - көп
рахмет.
- Әділ қазыларға сөз
беру. Оқушыларды марапаттау.
Сабағымызды Жүсіп Баласұғынның мына сөзімен аяқтағалы отырмын.
Ақыл- шырақ , қара түнді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын,
Ақыл қолдап біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі артып бекінер..
№2 Мәртөк мектеп-гимназиясы
Кластан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Білімділер» сайысы
Өткізген: Изтлеуова Г.Б.
Бастауыш класс мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
«Тұлпар» тобы
«Тұлпар» тобы
«Қыран» тобы
«Қыран» тобы
9
1.Кей адам әдет қылған киікті
атып,
Мүйізін пайда қылып
шетке сатып.
Сандалған бір киікке
ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде
келе жатып.
2. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық-бәрі тәнге байлаулы.Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық-бәрі өсіп-өнеді. Олар-тәннің асырап өсірген балапаны. Сондықтан тәнді таза ұстау керек,-деп ақжүрек ақсақал әңгімені аяқтады.
2.Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы,жүк орнынан
қозғалмады.
1. – Шүкіршілік ,әке
,- деп біраз тұрды да: -ат барған соң , дәріс тамам болмаса да,
хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым,
-деді.
2. Өнер, білім бар
жұрттар,
Тастан сарай
салғызды.
Айшылық алыс
жерлерден,
Көзіңді ашып -
жұмғанша
Жылдам хабар
алғызды.
3. Әкем екеуіміз
мектепке келсек,есік алдында біраз адам жиылып тұр екен. Олардың
арасында ұзын қара шашты шинель киген , жұп-жуан, екі беті
торсықтай ,ала көз ,бұжыр қара адам сөйлеп
тұр.
Логикалық есептер:
1.Егер әр қайыққа 3 адамнан алса,жағада 6 адам қалады.Ал 4 адамнан алса,3адам қалады.Сонда қайық нешеу, адам нешеу?
2.Он күшік пен мысыққа 56 котлет берілді.Әр мысыққа 5 котлеттен,әр күшікке 6 котлеттен келді. Неше мысық пен күшік тамақ жегенін тап.
1.Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса,қарияның жасы сонша жыл.Сонымен қарияның жасы нешеде,шөбересінің жасы нешеде?
2.Отбасында 3 бала бар: Дәурен,Әсет және Сұлу .Дәурен Сұлудан екі есе үлкен,ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен.Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?