400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білікті ұстаз-сауатты шәкірт

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екендігі туралы ой толғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білікті ұстаз- сауатты шәкірт

Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім
.

Шухрат


«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Өзім, бастауыш сынып мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Мен өз ойымша алдымда отырған жас жеткіншектерге ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сәйкес үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетуге, сондай –ақ оқу және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беруде жұмыс жасап жатырмын деп ойлаймын. Ол үшін кең ауқымды дағдыларды дамытуда жұмыстар жүргізу көзделуде. Атап айтқанда, білімді функционалдық және шығармашылық қолдану; сыни ойлау;зерттеу жұмыстарын жүргізу; ақпараттық қатынас технологияларын қолдану; қарым-қатынастың түрлі тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау қабілетінің болуы; мәселелерді шешу және шешімдерді қабылдау дағдыларын дамытуда жұмыстар жүргіземін.

Қорыта келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да тәрбиелейтін ұстаздар. Білікті ұстаз ғана білімді, сауатты ұрпақты тәрбиелейді.

Алимжанова Кульзира Куандыковна

«Абай атындағы мектеп-интернаты» КММ

бастауыш сынып мұғалімі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі