Материалдар / Білім - бақыт бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім - бақыт бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқшылардың білім деңгейін саралау, білімге деген қызығушылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Білім - бақыт бастауы

Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Қажетті материалдар: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар,

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Топқа бөлу.

ІІ. Әділқазылар алқасын сайлау

ІІІ. Шарттарымен таныстыру

2. Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!»

3. Екінші айналым. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

4. Үшінші айналым. «Ой жүйрік»

5. Төртінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»

6. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау

7. Қорытындылау.).

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білім бақыт бастауы» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.

І топ – «Білімділер»

ІІ топ – «Ойшылдар»

Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.

«Білімділер» тобы.

Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»

«Ойшылдар» тобы.

Біз дайынбыз жарысуға достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

Ойын ережесімен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау.

Ойын 5 - айналымнан тұрады.

1 – айналым.

«Тездет, бірақ қателеспе!»

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.

«Білімділер» тобы.

1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)

2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)

3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)

4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)

5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)

6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)

7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)

8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)

9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)

10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)

«Ойшылдар» тобы. 2 слайд

1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)

2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)

3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)

4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)

5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)

6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)

7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)

8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)

9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)

10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)

2 – айналым. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Сайысымыздың ІІ кезеңі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Бұл кезеңде оқушылар жұмбақты шешіп жауабын 3 тілде айту керек. Дұрыс жауабы 5 ұпай, орыс тілінде айтса 5 ұпай қосылады, ағылшын тілінде айтса тағы 5 ұпайға ие болады.

«Білімділер» тобына

1.Білімнің жол басшысы 2. Сағат сайын қағылады,

Шәкірттің қол басшысы Тек мектептен табылады

(мұғалім-учитель- teacher) (қоңырау-звонок- The bell)

3. Үйреткен білімді

Қырық екі ілімді. (әліпби-алфавит- Alphabet)

4. Ұшымен қазық тор көздi жазық.

Үстiнен өттiм,асыл сөз жазып. (Дәптер-тетрадь-Notebook.)

5. Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не? (Күнделiк-дневник- a pupil's)

«Ойшылдар» тобына

1.Ілулі тұр кең алаң, 2. Кең алаң – тақырдан,

Керегімді мен одан. Шиырлап қайтады

Жазып алам көшіріп, Ақ қант қатырған.

Сүртем сосын өшіріп. (бор-мел- chalk)

(Тақта-доска-blackboard) 4. Бөлiнгендi табыстырып,

3.Ойды аяқтап қорытады, Бiрiктiрсе қабыстырып.

Соңында доп тұрады. Жымдастырған жiгiт де,

(Сөйлем-предложение-sentence) Байқамайсың түгiн де.

(Желім-клей-glu)

5. Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш-линейка-ruler)

Үшінші айналым: «Ой жүйрік» деп аталады.

• Әлемде ең арзан саяхат жасайтын не? / хат/

• Пойыз қай уақытта судың үстінде жүреді? / көпірдің өткенде/

• Қандай жұлдыздар күндіз де түнде де көрінеді? / кино, эстрада жұлдыздары/

• Жарылған соң қолданылатын нәрсе не? /жұмыртқа/

• Тістері бар, бірақ тамақ жемейді. Ол не? / тарақ/

• Теңізде қанша балық бар? / бүгінгі күнге дейін ауланбағандар/

• Адамдар киімді неге сатып алады? / тегін бермегені үшін/

• Әйел затының ең қауіпті жасы? / көз жасы/

• Әрбір адам кімнің алдында бас киімін шешеді? / шаштараздың алдында/

• Бізге тиесілі, бірақ оны басқалар көп олданады? / есім/

• Аспанға лақтырғанда жерге құламайтын нәрсе? / құс /

• Ең алғаш туды кім тіккен? / тігінші/

Төртінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»

Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.

«Ойшылдар» тобы. Атамекен.

«Білімділер» тобы. Болашақ.

Дұрыс орындаған топқа10 ұпай беріледі.

- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

Бесінші айналым. «мақал сөздің - мәйегі»

Алтыншы айналым «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Жарнама жасау 10 ұпай.

«Білімділер» тобы.

«Менің мектебім» жарнама

«Ойшылдар» тобы.

«Сүйікті оқулығым» жарнамалау.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау. –

деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді оқушы анықталады. Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.





Аққыстау орта мектебі













Shape1

Білім – бақыт бастауы























Түрі: Сайыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!