400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім- білгенге байлық » зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым:1. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. 2. оқушының сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру. 3. болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу , туған тілімізді сүюге ,туған елін, жерін құрметтеуге жан жақты білімділікке баулу.Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа ,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Білім- білгенге байлық » зияткерлік сайысы

Сабақтың мақсаты: 1. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.

2. оқушының сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

3. болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу , туған тілімізді сүюге ,туған елін, жерін құрметтеуге жан жақты білімділікке баулу.Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа ,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.



1.Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік өрендерге талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!” Білім- білгенге байлық” атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!

Ал келіңдер, келіңдер

Біріңе бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер!

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.Бұл сайыскерлеріміз көшбасшылардың көшбасшысы атануға сайысқа түскелі отыр.(ортаға сайысқа түсетін оқушылар шығып өздерін таныстыралһды.)

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Сайыскерлеріміздің білімін сараптап, әділ баға берушілермен таныстырып өтейін ( қазылар алқасымен таныстыру) және сарапшылармен таныстыру( сыныптан екі оқушы сайланады)

Сайыс кезеңдері:

1. Кім шапшаң?( 12 сұрақ, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

2. Өз таңдауынды жаса( ұяшық таңдау, оған сәйкес ұпай алу)

3. Ұшқыр ой, жылдам жауап. 6жұлдызша тақтаға ілінеді.Жұлдызшаны кезекпен таңдау арқылы ішінен ашылған мақалдың жалғасын тауып айтады (әр жауапқа 5ұпай ).

4. Тапқыр болсаң, талас жоқ( логикалаық тапсырмалар беріледі.Әр тапсырмаға 10 ұпай ).

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Өнер- білім шыңымен алысуға.

Бар білімді салайық ортамызға,

Кәнекей кім озады бұл сайыста?

I-кезең. “ Кім шапшаң?”12сұрақ қойылады, сұраққа бірінші болып жұлдызша көтерген оқушы жауап береді.

  • Қазақтың ұлы ақыны ( Абай)

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубәкіров)

  • Қазақтың үш биі кімдер? ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  • Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?( А. Байтұрсынов)

  • Қазақтың ұлттық аспабы? ( домбыра)

  • Тұңғыш Президент күні қай күні атап өтіледі? (1желтоқсан)

  • Астана қаласының басты нышаны? (Бәйтерек)

  • Әнұранның авторлары кімдер?( Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

  • Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

  • Елімізде Тәуелсіздік күні қай күні тойланады? (16- желтоқсан)

  • ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)

  • ҚР-ның мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

II-кезең. “ Өз таңдауыңды жаса”.Әр сайыскер ұяшықты таңдап,онда жасырынған сұраққа жауап беріп, ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді.Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.

10 20 30

20 30 10

30 10 20

10 20 30

Қазақ тілі: 10 ұпай. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?

20 ұпай. Мәтін түрлерін ата?

30 ұпай. Тырнағы өткір орақтай,

Тұмсығы имек қармақтай.

Қауырсыны құндыздай,

Қос жанары жұлдыздай. Мәтіннің қай түріне жататынын айт.

Ана тілі: 10 ұпай. “ Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?

20 ұпай. Қазақтың тұңғыш ғалымы кім?

30 ұпай. Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

Өлең қалай аталады, авторы кім?

Дүниетану: 10 ұпай. Бізді қоршаған орта қалай аталады?

20 ұпай.Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығы?

30 ұпай. Ауаның қасиеттерін ата?

Математика: 10 ұпай. Ең кіші натурал сан ?

20 ұпай. Бұрыштардың түрлерін ата?

30 ұпай. Жұмбақты шеш.

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

III-кезең. “Ұшқыр ой, жылдам жауап ”. Әр жауапқа 5ұпай.

1.Өнер алды...(қызыл тіл)

2.Әдептілік белгісі.-... (иіліп сәлем бергені)

3.Бірлік болмай,... (тірлік болмас)

4.Еңбектің наны тәтті,...(жалқаудың жаны тәтті)

5.Батыр туса-ел ырысы,... (жаңбыр жауса жер ырысы)

6.Отансыз адам,... (ормансыз бұлбұл)

IV-кезең. “Тапқыр болсаң, талас жоқ”.(логикалық тапсырмалар)

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Білім мен ісі сәйкессе,

Тапқыр болар “ топ жарған”

Бұл кезеңде әр сайыскер 1-ден 6-ға дейінгі суықторғайлардың артында жасырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді.

1. Ағаштың бұтағында 6 құс отыр еді. Екі құс ағаштың көрші бұтағына барып қонды. Ағашта қанша құс қалды?

2. Жанұяда үш ағайынды бала бар.Әрбір баланың қарындасы бар.Жанұяда неше бала бар?

3. Дүкенде үш тоңазытқыш бар еді. Оның қалғанынан көбін сатты.Дүкенде қанша тоңазытқыш қалды?

4. 1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?

5. 1 жұмыртқа 3 мин піссе, бес жұмыртқа неше минутта піседі?

6. Қаздың 1аяғымен тұрғандағы салмағы 7кг болса, екі аяғымен тұрған салмағы қанша?

“Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік” деп бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтуға қазыларға сөз кезегін берейік.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену жалықпау!

Сайыс жеңімпаздарына арнап “ Тұлпарлар алға ұмтылды” әні орындалады.

Осымен бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті.Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп Рахмет!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі