400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім – болашаққа салынған инвестиция

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білімнің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру. Сыни тұрғыда ойлау және өз пікірін дәлелді айту дағдыларын дамыту. Оқу мотивациясын арттыру. Топтық жұмыс арқылы коммуникация және өзара құрметті нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті

«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» КММ

педагог-психологы

Нуридинова Рауабану Абытқызы


Білім – болашаққа салынған инвестиция


Тақырыбы: Білім – болашаққа салынған инвестиция.

Мақсаты: Оқушыларға білімнің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру. Сыни тұрғыда ойлау және өз пікірін дәлелді айту дағдыларын дамыту. Оқу мотивациясын арттыру. Топтық жұмыс арқылы коммуникация және өзара құрметті нығайту.

Сабақ түрі: психологиялық тренинг

Көрнекілігі: слайд, қималар, маркер, плакат, бейнелі суреттер, су, құрғақ майлықтар.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Көңіл күй термометрі» психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында экранға термометр бейнесіұсынылады, оқушылар өздерінің көңіл күйлерін баяндайды.

2.Қызығушылықты ояту.

Мотивациялық оқиға.

«Өмірде көптеген адамдар жетістікке бірден жетпейді. Мысалы, әйгілі ғалым Томас Эдисонды алайық. Ол шамды ойлап табу үшін мыңдаған эксперимент жасады. Жаңа материалдарды сынап көріп, көптеген сәтсіздіктерге ұшырады. Бірақ Эдисон әр сәтсіздікті тоқтау деп емес, жаңа білім деп қабылдады. Ол былай деген: «Мен сәтсіздікке ұшыраған жоқпын, мен жұмыс істемейтін 1000 әдісті таптым». Осының арқасында ол әлемге шамды әкелді. Сол сияқты, білімге ұмтылған адам да қиындыққа қарамастан, үнемі ізденіп, биікке көтеріледі.

Визуалды ынталандыру. Экранда тауға өрмелеп бара жатқан адам немесе шамды ұстаған Эдисонның суретін көрсетіп: «Бұл сурет сіздерге қандай ой береді?»



«Судағы сиқыр» мотивациялық сәт.

ҰБТ-ге қатысты позитивті сөздер ұсынылады.

3. Инвестиция мағынасын ашу.

Инвестиция – бұл болашақта пайда, табыс немесе нәтиже алу үшін бүгін салынған ресурс. Яғни, қазір уақытыңды, ақшаңды, күшіңді немесе біліміңді жұмсап, ертең соның жемісін көру – инвестиция болады.

? Ақша арқылы: Бизнеске ақша салдың → кейін табыс таптың → бұл қаржылық инвестиция.

? Білім арқылы: Қазір жақсы оқыдың → мамандық алдың → жақсы жұмысқа тұрдың → бұл білімге салынған инвестиция.

4. «Визиткалық карта» жаттығуы.

Оқушыларға визиткалық карта толтыру үлгісі түсіндіріледі, өз ойларымен бөліседі.

5. «Түрлі түсті мәтін» сергіту жаттығуы.

6. Қорытынды.

Табысты адам — ең алдымен өзіне сенетін адам.

Әр күн – жаңа мүмкіндік!

Білім – табысқа апарар ең сенімді жол!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі