400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім – инемен құдық қазғандай»

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау, білімді,тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Олардың білімдерін тексеру жолдарын түрлендіре отырып, логикалық ойлауларын қалыптастыру. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баул
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 11.05.2018жыл.

Тобы: «Ұлан»

Тәрбиеші: Нәлібаева Мақпал

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Білім – инемен құдық қазғандай»

Мақсаты: Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау, білімді,тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.  Олардың білімдерін тексеру жолдарын түрлендіре отырып, логикалық ойлауларын қалыптастыру. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту. Алға қойған мақсатына, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге мүмкіндік жасау.

Әдісі: Сайыс.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: Пәндер бойынша оқулықтар.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.


Кіріспе.

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаев жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

Негізгі бөлім.

«Кім жылдам?» Брейн Ринг

1.    Қытайдың астанасы (Пекин)

2.    Тәуке ханның заңы (Жеті жарғы)

3.    Жердің кішірейтілген макеті? (Карта, Глобус)

4.    Абай Құнанбаевтың азан шақырып қойған аты? (Ибраһим)

5.    Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

6.    Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)

7.    «Алтын адам» қай обада жерленген? (Есік обасында)

8.    Сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі өсімдіктер мен жануарларды қайдан кездестіруге болады? ( Қызыл кітап)

9.    Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

10.   Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)

11.    Жерұйықты іздеген кім? (Асан Қайғы)

12.    Буын үндестігі басқаша қалай аталады? (Сингорманизм)

13.    Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінді? (Үш кезең, Нұра , Атасу, Бегазы- Дәндібай)

14.    Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады? (Фонетика)

15.    Төрт таңбалы ең үлкен сан? (9999)

16.    Жер бетінде неше мұхит бар? ( 4 мұхит бар)

17.    . Ғарыштызерттеуменайналысатынғылымсаласықалайаталады? (космонавтика

 

18.    1. Қазақстандағыеңбиік тау шыңықалайаталады? ( Хан Тәңірі )

 

19.    Биология сөзіне анықтама беріңіз? (“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )

20.“Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов

 «Ұшқыр ой»

Әр  оқушыға қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топтан 1 оқушы шығып сұраққа жауап береді.
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

7.  Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
8. Анықтауыш қандай сұраққа жауап береді?  (қандай?, қай? )

 «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
5. Бетінен оты шықты (ұялу)
6. Ит өлген жер (алыс)
7. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)


Қорытынды:

Қайсысы білгір, білімді

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық.


Тексерілді: _______________



 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
1314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі