Материалдар / "Білім – өмір шырағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім – өмір шырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары 2-сынып "Білім – өмір шырағы".Оқушыларға білімнің ізгілікке бағытталуы туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сәлеметсіңдер ме қымбатты оқушылар! Өзін-өзі тану пәніне қош келдіңдер! Бүгін біз сендермен, 5-ші сабағымыздың тақырыбына тоқталайық; «ҒАСЫРЛАР ДАНАЛЫҒЫ» тарауы бойынша бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «БІЛІМ-ӨМІР ШЫРАҒЫ»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2021
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы»

Мұғалім: Жұмабекова Ж.Ж



Сынып


2

Тарау

I - тарау

Сабақ нөмірі

және тақырыбы

5 Білім – өмір шырағы

Құндылық

Дұрыс әрекет


Қасиеттер

Үлкендерге деген құрмет, батылдық, шындықты айту.

Сабақтың мақсаты

 Оқушыларға білімнің ізгілікке бағытталуы туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

 - білімді ізгілікке, жақсылыққа бағыттауға, үлкендерге құрмет көрсетуге үйрету.

- батылдық, адалдық қасиеттерін дамыту.

- әрқашан шындықты айтуға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім сөзінің мәтіні

Ресурстар

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сәлеметсіңдер ме қымбатты оқушылар! Өзін-өзі тану пәніне қош келдіңдер! Бүгін біз сендермен, 5-ші сабағымыздың тақырыбына тоқталайық; «ҒАСЫРЛАР ДАНАЛЫҒЫ» тарауы бойынша бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «БІЛІМ-ӨМІР ШЫРАҒЫ»

Балалар, Білімді болу үшін адам көп оқып, көп ізденеді. Алған білімімен басқалармен бөлісу керек.

Білімді адам қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Олар өзінен бұрын, өзгелерді ойлап, қамқорлық жасайды. Алған білімді өмірде ізгі іске қолданып, риясыз жақсылық жасаған адам бақытты адам болады.



Тыныштық сәті: «Тыныс алу» жаттығуы

Сіздерден аяқ- қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз демалады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Қане, дайындалайық, Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңызды тізеге қоюға болады...



I - слайд










II- слайд















III- слайд



















Дәйексөз

Келесі кезекті, сабағымыздың дәйексөзіне берейік. Сонымен, бүгінгі сабағымыздың дәйексөзіде «Білім - өмір шырағы» (халық даналығы)

Ендеше, тағы бір экранға назар аударып, дәйексөзді бірге қайталайық... «Білім - өмір шырағы». Тамаша...Мұқият қайталап, есте сақтап алыңдар!

Ал, енді, дәйексөзімізді қаншалықты түсінгендігімізді білу үшін келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік!


IV- слайд

Оқиға әңгімелеу

Сұрақ-жауап:

  1. Балалар, дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

  2. Адам өміріндегі білім алудың маңызы қандай?


Әңгімелесу

Балалар, сендерді мен аңыз әлеміне шақырамын! Қазір, біз, бірге Махатма Ганди Аңызын тамашалайық!

Махатма Гандиді адамдар өте жақсы көріп сыйлайтын. Ол керемет ұстаз болған. Бірде Гандиге 10 жасар немересін ертіп әжей келеді . Ұстаз! мен сенен кеңес сұрап келдім мына бала менің немерем. 5 жасында жетім қалды, оны мен тәрбиелеп жатырмын. Ол тәттіні өте жақсы көреді. Ол кәмпитті көп жейтіні соншалық , тіпті оның денсаулығы күннен - күнге нашарлады. Дәрігерлер оған тәтті жеуге тыйым салды бірақ оларды тыңдағысы келмейді. Алаңдамаңыз мында бір айдан соң келіңіз. Осы уақытта мен оны денсаулықтың байлықтан да маңызды екеніне сендірудің амалын ойлап табамын. Әжей Гандиге ризашылығын білдіріп кетіп қалады. Туп- тура бір айдан соң қайтып келеді. Екеуіде ұстазбен жылы амандасады. Ганди баланы қасына отырғызып: Қымбаттым менің! Есіңде болсын: шынайы байлық – ол денсаулық. Егер сен өзіңді күтпесең, сен күшті әрі сау жігіт болып өсе алмайсың Ал әлсіз адам өмірде ұлы ешнәрсе жасай алмайды. Егер біздің ағзамызға бір тағам зиян әкелсе, біз одан бас тартуымыз керек. Ертеңнен бастап сен кәмпитті мүлдем доғарасың. Біраз уақыт өткеннен соң сен оны қайта жей аласың, бірақ- аз мөлшерде . Сен жақсы баласың ғой, менің айтқанымды тыңдайсың ғой ? – деді . Бала басын изеп, енді тәтті жемеуге сөз береді. Осыдан кейін әжесі Гандимен оңаша сөйлесу үшін, баланы дәлізге шығарып жібереді.. Ұстаз ! Саған бір сұрақ қойсам бола ма? – деп сұрады. Әрине анашым деді Ганди . Ұстаз сен неге бір айдан соң келуді талап еттің? Түсіндірші ұға алмадым. Ганди жылы жымиып жауап береді: Бір ай бұрын мен өзім тәттіні өте көп жейтінмін. Қалайша мен балаға өзім істей алмайтын нәрседен бас тартуды талап етемін? Өзі істей алмаған нәрсені басқа біреуге істету құқығы ешкімде жоқ. Сондықтан, маған біраз уақыт керек болды. Бүкіл осы ай бойы тәттіні аузыма алмадым, сондықтан сенің немереңе кеңес беру құқығына ие болдым.

Ал, балалар Махатма Ганди туралы не түсіндіңіздер? Қаншалықты мазмұнын түсіне білдіңіздер? Соған байланысты сұрақтарға жауап берсеңіздер?

Талдау сұрақтары:

1. Қандай себеппен әжей немересін ұстазға алып келді?

2. Неліктен «өзі істей алмаған нәрсені біреуге істету» дұрыс

іс әрекет емес?




V- слайд




















































































VI-слайд

Шығармашылық іс-әрекет

Келесі кезекті шығармашылық жұмысқа берсек. Өздерің білетіндей, шығармашылық жұмыс барысында осы сабақтан алған білімдеріңді көрсетіп, жүзеге асырасыңдар, адами қасиеттеріңді бойларыңа сіңіресіңдер.

1 – тапсырма. Суреттерге қараңдар. Рухани бай, білімді болу үшін өздеріңе қажетті қасиеттерді оқып, естеріңе сақтап алыңдар.


VII-слайд

Сабақтың аяқталуы

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылайтын уақыт та жетті. Иә, балалар, мұғалім – мектептің жүрегі. Ол тек қана білім беріп қана қоймай, әр баланың жүрегіне ізгілік сәулесін төгеді. Әр адамның өмірінде ұстаздары болады. Ұстаздар бізге өмірде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білуге үйретеді.

Балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, ізгілік, жанашырлық, қамқорлық секілді жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, дұрыс әрекет құндылығын әрдайым сақтай білейік! Осымен, сабағымыз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңдар!

VIII-слайд



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!