Сабақ
мақсаты:
Оқушыларға білімнің ізгілікке
бағытталуы туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
- білімді ізгілікке,
жақсылыққа бағыттауға, үлкендерге құрмет көрсетуге
үйрету.
- батылдық, адалдық
қасиеттерін дамыту.
- әрқашан шындықты айтуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
5Т ережесі
(тәртіп, талап, тыныштық , тазалық,
тәртіп.)
Сергіту
сәті.
Нұрға
бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,
сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы
нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр
бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен
Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл
әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
«Қазына» мазмұнын
айту
Талдау
сұрақтары:
- Бұқар жырау неліктен «Қазына
білімдінің басында» деп айтты?
- Білімді адамда қандай
қасиеттер болғанда қазынаға
айналады?
- Өмірде біліміңді пайдаланып
дұрыс жол тапқан кездеріңді айтып
беріңдер?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
4.Оқиғаларды әңгімелеу
(әңгiмелесу)
Махатма Ганди
(Аңыз)
Махатма Гандиді адамдар өте
жақсы көріп сыйлайтын. Ол керемет ұстаз болған. Бірде Гандиге 10
жасар немересін ертіп әжей келеді . Ұстаз! мен сенен кеңес сұрап
келдім мына бала менің немерем. 5 жасында жетім қалды, оны мен
тәрбиелеп жатырмын. Ол тәттіні өте жақсы көреді. Ол кәмпитті көп
жейтіні соншалық , тіпті оның денсаулығы күннен - күнге нашарлады.
Дәрігерлер оған тәтті жеуге тыйым салды бірақ оларды тыңдағысы
келмейді. Алаңдамаңыз мында бір айдан соң келіңіз. Осы уақытта мен
оны денсаулықтың байлықтан да маңызды екеніне сендірудің амалын
ойлап табамын. Әжей Гандиге ризашылығын білдіріп кетіп қалады. Туп-
тура бір айдан соң қайтып келеді. Екеуіде ұстазбен жылы амандасады.
Ганди баланы қасына отырғызып: Қымбаттым менің! Есіңде болсын:
шынайы байлық – ол денсаулық. Егер сен өзіңді күтпесең, сен күшті
әрі сау жігіт болып өсе алмайсың Ал әлсіз адам өмірде ұлы ешнәрсе
жасай алмайды. Егер біздің ағзамызға бір тағам зиян әкелсе, біз
одан бас тартуымыз керек. Ертеңнен бастап сен кәмпитті мүлдем
доғарасың. Біраз уақыт өткеннен соң сен оны қайта жей аласың,
бірақ- аз мөлшерде . Сен жақсы баласың ғой, менің айтқанымды
тыңдайсың ғой ? – деді . Бала басын изеп, енді тәтті жемеуге сөз
береді. Осыдан кейін әжесі Гандимен оңаша сөйлесу үшін, баланы
дәлізге шығарып жібереді.. Ұстаз ! Саған бір сұрақ қойсам бола ма?
– деп сұрады. Әрине анашым деді Ганди . Ұстаз сен неге бір айдан
соң келуді талап еттің? Түсіндірші ұға алмадым. Ганди жылы жымиып
жауап береді: Бір ай бұрын мен өзім тәттіні өте көп жейтінмін.
Қалайша мен балаға өзім істей алмайтын нәрседен бас тартуды талап
етемін? Өзі істей алмаған нәрсені басқа біреуге істету құқығы
ешкімде жоқ. Сондықтан, маған біраз уақыт керек болды. Бүкіл осы ай
бойы тәттіні аузыма алмадым, сондықтан сенің немереңе кеңес беру
құқығына ие болдым.
Талдау
сұрақтары:
1. Қандай себеппен әжей
немересін ұстазға алып келді?
2. Неліктен «өзі істей алмаған
нәрсені біреуге істету» дұрыс
іс әрекет
емес?
|
Өз
қоржынымнан
|
5. Шығармашылық іс -
әрекет. (3-топқа бөлінеді) Топтарға
төмендегі тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Суретке назар
аударыңдар. Рухани бай, білімді болу үшін өздеріңе қажетті
қасиеттерді оқып, естеріңе сақтап
алыңдар.
2 тапсырма. Берілген
кітаптардың қайсысын таңдар едіңдер?
Неліктен?
|
|
6.Топпен ән
айту.
Мұғалім - ол
біздің
Өлеңін жазған: Мұзафар
Әлімбаев
Әнін жазған: Ибрагим
Нүсіпбаев
Білімнің
кілтіндей
Әліппе
ұстатқан.
Оқуға
іркілмей,
Тоқуға
ұстартқан.
Қайырмасы:
Қамқоры
ұл-қыздың,
Мұғалім-ол
біздің!
Қамқоры
ұл-қыздың,
Мұғалім-ол
біздің!
Қиынға төзуге
,
Үйреткен қашан
да.
Жаманнан
безуге,
Жақсылық
жасауға
|
Интербелсенді
тақта
|
8. Сабақтың соңғы
минуты
Өз жүрегіміздің жылылығын
сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей
оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз
сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді
жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға
болады.
Сабақ аяқталды. Сау
болыңыздар!
|
|