400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Білім ағашы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу сабағынан алған білімдерін қорытындылау, сөздік қорларын арттыру, жүйелі сөйлеуге қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім ағашы»

Мақсаты:Сауат ашу сабағынан  алған білімдерін қорытындылау, сөздік  

                 қорларын арттыру, жүйелі сөйлеуге қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, иллюстрация

Көрнекіліктер:оқу құралдары, қуыршақ, карточкалар, «Білім ағашының»

                          суретің колькулятор суреті

Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі

 Жарты шеңберге тұрып: Сары ақпыз қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз

-Балалар, сендер күзде қайда барасыңдар?

-Мектепке барамыз

-Мектепте не істейсіңдер?

- Білім аламыз

-Қандай оқушы боласыңдар?

-Білімді, ақылды, озат оқушы боламыз

-Міне, балалар Аружан деген қыз да мектепке дайындалып жүр екен. Бірақ Аружанның көңі-күйі жоқ сияқты, өйткені мектепке дайындап қойған құралдарын жоғалтып алыпты. Сендер оған көмектесіңдерші.

-Құрал-жабдықтарды қайдан байқап тұрсыңдар?

-Ағаштан

-Балалар, бұл жай ағаш емес қой, «Білім ағашы» ғой. Білім ағашы Аружанды сынамақ болу үшін алған ғой. Аружан жалғыз күшім келмейді, сендер көмектесіңдерші дейді.

- Көмектесесіңдер ме?

-Ендеше, Аружанның күнделігін алуға көмектесейік.

-Ол үшін мына колькулятордағы «буындарды қосып» сөздер шығарып көріңдер.

-Кітап, күнделік, әліппе сөздері шықты.

-Жақсы бұл заттарды жалпы қалай атаймыз?

-Оқу құралдары деп атаймыз. Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайық.

-Жақсы балалар күнделікті сөмкеге салып қояйық.

-Енді Аружанның «Әліппе» кітабын алып беру үшін кітап, қалам, дәптер, күнделік сөздеріне дыбыстық талдаужасайық.

- Жақсы, Аружан сендерге өте риза болып тұр.Келесі тапсырманы жасап көрелік.

-Жазу құралы қалай аталады?

-Қалам. Дұрыс, ендеше, Аружанның қаламын қайтарып беру үшін сөйлемдер құрап көрелік.

                                                                                                   ?

 

 

 

 


 

                                                                                                   .

-Жақсы, кім тақтада орындап береді?

 

-Жақсы, сөйлемді тамаша орындадыңдар.

-Енді Аружанның қылқаламын алыпберу үшін «Сөзжұмбақ шешіп» көрейік.

20.15.26.24.37.11-3.38.16.38.17.       10.20.15,

3.38.16.38.17.24.38.11-14.28.18.38.19.        10.20.15.

 

-Қандай мақал шықты?

-Оқусыз - білім жоқ,

  Білімсіз – күнің жоқ.

-Тамаша орындадыңдар , балалар.

-Енді Аружанның қаламын алу үшін ойын ойнап көрелік.

1. Аружан бірінші сыныпқа барды. Оған қандай тілектер айтылды?

2. Аружан мектеп асханасынан балмұздақ алғысы келді. Ол қандай сыйқырлы сөздер айтады?

3. Аружан мектепке автобуспен  келе жатқанда, аялдамадан кәрі ата жақындады.  Ол қандай сыйқырлы сөздер айтты?

 

Қорытындылау:Жақсы, балалар  сендер көп сыйқырлы сқздер біледі екенсіңдер. Аружанның мектептегі өмірі қалай болады деп ойлайсыңдар?

Сендер Аружанға көп көмек көрсеттіңдер. Ол көп рахмет айтады. Ол да сендер сияқты мектепте білімді, ақылды боламын деп тырысамын дейд.

Ал, сендер қалай ойлайсыңдар, сендер мектепке дайынсыңдар ма?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
2052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі