Білім ал, өз құқығыңды
біліп ал
Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасында: «Қазақстанға білім беруді түбегейлі жаңғырту
қажет: оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың
басты бағыттарының бірі» делінген.
Мақсаты. Заң туралы түсініктерін
кеңейту. Заңның алдына қоятын құқықтары мен міндеттерін таныстыру.
Заң алдындағы жауапкершілікке, мектеп ережесін орындауға міндеттеу.
Ойлау, сараптау, пікір қорыту танымдық қабілеттерін жетілдіру. Ел
жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнектіліг: көрнекті жазулар,
үлестірме қағаздар, мектеп түрлері.
ТСО: интерактивті тақта,
видео
Түрі:
іскер-ойын.
Барысы:кезеңдері жұмыс
түрлері
Сабаққа оқушыларды дайындау,
жұмылдыру...
-Балалар, ғалым-ойшылдардан
қалған, мынадай бір сөз бар екен. Адамзат қоғамынын алдында ең
қасиетті бір ғана мақсат бар. Ол мақсат жер бетінде тіршілік ететін
адамзат атаулынын бәрі сау-саламат болып, өркениетті, мемелкеттер
құрып ғарыш әлемімен бірге әсемді өмір сүре біледі
екен.
Расында да, қарап тұрсақ,
әрбір адам осынау үлкен әлемнің титімдей бір бөлшегі екен. Әрбір
сәби, әрбір адамзат, мейлі он-дана болсын, мейлі ол ұры болсын осы
әлемнің бір бөлшегі. Сондықтан барлық адамзат баласы бір-бірінің
ажырамас бөлігі деп есептеледі, және сондықтан барлығы бір-бірінің
барлық заңдылықты сақтап, үйлесімді өмір сүруі керек
екен.
-Бүгін біз сондықтан да тәрбие
сағатымызды бір тамаша тақырыпқа арнап
отырмыз.
-Мына бір көрініске назар
аударайықта балалардың іс-әрекетіне баға берейік. «Менің атым-Қожа»
әңгімесінен үзінді Қожа мен Сұлтан.
Талдау
сұрақтар
-Көрініс таныс
па?
Тақырыпқа сәйкес балалардың
іс-әрекетін талда.
Қандай жағымсыз әрекеттер
болды.
-Заңды бұзушылық адамгершілік
ережелері қалай бұзылды?
Сұлтан Қожаға қандай үлгі
көрсетті?
-Заң бұзушылық деген
не?
-Заң деген
не?
-Заң не үшін
керек?
- Заң қайдан
шыққан?
-Заң әрбір мемлекеттің жоғарғы
биліктегі парламенті шығаратын, президент бекітетін нормативті
актілер
Заң адамдардың қоғамға
қауіпті, зиянды әрекеттер істеуіне тиым
салады.
Заң алдында жұрттың бәрі
бірдей. Азаматтарға толып жатқан міндеттер
жүктелген.
-Заң тарихынан: Қазақ елінің
тарихында әр түрлі заңдар жасалып, халықтың тыныштығы үшін қызмет
атқарады. Мысалы қандай заңдарды білеміз?
1. Қасым ханның Қасқа
жолы
2. Есім ханның Ескі
жолы
3. Әз Тәукенің жеті
жарғысы
Осы заңдарға біраз тоқталып
өтейік. Бұлар неге кісі есіміне байланысты
аталады?
-Қасым ханның заңдары қандай
еді? Нешеу еді?
-Мүлік заңына не
жатады?
-Қылмыс заңына не
жатады?
-Есім ханның ескі жолы деп
неге аталады?
-Жеті Жарғыны кімдер
жазды?
-Жарғы деген сөз нені
білдіреді?
-Ұрыға қандай жаза
қолданылған?
-Ата-ана мен балаға байланысты
қандай жарғы болған?
-Үй мүлкі ұрлау болған
ба?
-Қазақта үйінде неге құлып
болмаған?
-Қылмыстың жазасына жеті айып
кесілетін болған.
1. Қара қазан
төлеу.
2. Қара нан
беру.
3. Қара мылтық
алу.
4. Қара жолақ бие
жетектеу.
5. Қара кілем
ұстау.
6. Жетім
беру.
7. Жесір бастаған тоғыс
жөнелту.
«Қыз Жібек» фильміндегі
Бекжанның жазасын көру, «Қара найзаға отырғызу деп
аталады».
-Қазіргі кезде біз қандай
заңдарға сүйенеміз?
-ҚР
Конституциясы.
-Баланың құқықтары мен
міндеттері?
-Мектеп
ережесі.
-Заң бізге қандай міндеттер
қояды танысайық
-Әрбір баптың тұсына белгі қою
(-бұрыннан білем, -білмеймін, -жаңа
білдім)
Түсіндіру. Мектеп
ережесі.
-Осы заң баптары негізінде
мектеп ережесін жасаймыз. Әрбір топ өз ережесін
қорғайды.
Ортақ ереже шығару.
Президентке қорғауға ұсыну.
-Сауалнама қорытындысы
(1-топ)
-Дебат
(2,3)
Заң бұзушылық жиі/аз
кездеседі?
-Заң қойған міндеттердің бірі-
Мемлекеттік нышандарымызды қастерлеу.
Мемлекеттік нышандар: Ту,
Елтаңба, Әнұран.
Мемлекеттік белгіміздің
қатарына бас қаламыз Астананы да жатқызуға болады. Сондықтан келесі
жұмысымыз-жоба қорғау.
3 топтың балалары өз жобасын
қорғайды
-
Бабалар
мекені
-
Болашақтың мектебі-Еуразия,
Назарбаев
-
Тарих
доңғалағы.
Қазақта «Аулының жастарын,
бозбаласын көрсет, елінің болашағын айтайын»,-дейді
екен.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы Заңында атап көрсеткендей, білім беру жүйесінің
негізгі міндеті: бала тұлғасының рухани және қабілеті
мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту және тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар
шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсиби
сауаттылық. Бұл орайда тіл сабақтарының алатын орны ерекше. Бүгінгі
мектеп оқушысы ертеңгі елге тұтқа болар азамат өз елінің тілі мен
әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойына сіңіргенде ғана нағыз
азамат тұлғасы қалыптасады.
Осы отырған сендер еліміздің
болашағысыңдар. Сендерге қарап болашақ Мемлекетіміздің, Еліміздің
қандай болатындығын көреміз. Сендер ақылды, білімді, біріңе-бірің
қайырымды, заң талаптарына адал болсаңдар еліміз көркейіп қазақ
деген халықтың аты әлемге жақсылықпен жайылатынын ұмытпаңдар,
біліңдер!