Білім әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін жинақтау және бекіту. Тапсырмалар барысында есте сақтау, көру, ой – қиялын сезіну, қабылдау мен жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Балаларды буынға бөліп оқуға, математикалық қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету. Шыдамдылыққа баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік білім беру: Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке,

оны қорғауға құштарлыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдар байланысын орнату қабілетін дамыту;

Бақылау қабілеттерін, айналадағы әлемдегі қызықты сәттерді байқай білу қабілетін дамыту.

Пішіндерді салыстыру; 10 ішіндегі тақ, жұп сандарды салыстыру және олардың арасындағы байланысты түсіну қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Танымдық әрекеттерді қалыптастыру;

Сандық және реттік (жұп, тақ, ондық сандарды ретімен тура және кері санау) дағдыларын бекіту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Таныс геометриялық пішіндер және олардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

Апта күндері және олардың ретін түсінуді жақсарту.

Сөздік жұмыс: трапеция, ромб, бесбұрыш, үшбұрыш, сопақ, шеңбер, сол, оң, жоғарғы, төменгі, ортаңғы.

Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткiзу үшiн орта құру:

Үй жануарлары мен құстардың суреттері, геометриялық пішіндер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі балалар қызметінің түрлері:

Ойын: «Орныңды тап» «Бір сөзбен айт» т.б

Коммуникативтік (әңгімелесу, сұрақтарға жауап беру).

Қозғалыс белсенділігі (сергіту сәті)

Танымдық зерттеу (геометриялық пішіндерді, сандарды санау, апта күндері)

Музыкалық және көркемдік (орман дыбыстарын тыңдау)

Көркем әдебиет оқу (тақпақтар)

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған қорытынды оқу

іс-әрекетіне көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қанекей, келген қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: (үш тілде сәлемдеседі)

Тәрбиеші: Балалар, бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы қуанышты көңіл - күймен өткізу үшін мен сендерді

«Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге.

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем делік үлкенге.

- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті күндегіден ерекше болмақ, өйткені ойындар арқылы жыл бойы алған білімімізді қайталайтын боламыз. Ойынның шарты: Барлық тапсырмалар мен сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.

Ал ендеше тұрмайық, Не үйрендік, не білдік?

Ойынымызды бастайық. Соны ортаға салайық.


1 тапсырма «Кім көп біледі?»

  1. Тәрбиеші: Кім айтады маған бүгін қай күн?

Балалар: (бүгінгі күнді айтады)

  1. Тәрбиеші: Қанекей балалар, есімізге түсірейікші бүгін

аптаның қай күні?

Балалар: (бүгінгі апта күнін айтады)

  1. Тәрбиеші: Бүгін дүйсенбі болса, кеше аптаның қай күні болды?

Балалар: ( кеше жетінші күн жексенбі)

  1. Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар?

Балалар: ( Бір аптада 7 күн бар) Апта күндерін атайық.

Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі – дүйсенбі,

Екіншісі – сейсенбі,

Үшіншісі – сәрсенбі,

Төртіншісі – бейсенбі,

Бесіншісі – жұма,

Алтыншысы – сенбі,

Жетіншісі – жексенбі.

Тәрбиеші: Апта күндері балалар, бірінен кейін бірі ретімен келеді.

  1. Тәрбиеші: Демалыс күндері қалай аталады?

Балалар: (Сенбі, жексенбі)

2 тапсырма «Өз орнын тап?»

  1. Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: (Көктем мезгілі) көктем мезгіліне қай айлар жатады?

(Наурыз, сәуір, мамыр айлары)

  1. Тәрбиеші: Көктемде жылы жаққа ұшып келетін құстарды атаңдаршы?

Балалар: (Көкек, Қарлығаш, Аққу, Тырна)

  1. Тәрбиеші: Барлық жыл мезгілдерін атайықшы?

Балалар: (Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері) (айларын атайды)

  1. Тәрбиеші: Бір жылда неше ай бар?

Балалар: (бір жылда 12 ай бар) Оларды маған атап беріңдерші?

  1. Тәрбиеші: Балалар, арайланған таңды сүйетін кім?

Балалар: (Мен)

  1. Тәрбиеші: Алтын сәулені сүйетін кім?

Балалар: (Мен)

  1. Тәрбиеші: Ата-ананы сүйетін кім?

Балалар: (Біз)

  1. Тәрбиеші: Еліміздің болашағы кім?

Балалар: (Біз)

  1. Тәрбиеші: Кәне балалар, «Отан» деген не?

Балалар: (Адамның туып өскен жері, туған туысқандары,

біз тұратын атамекен)

10.Тәрбиеші: Біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: ( Қазақстан Республикасы)


Ойын: Додокаэдр «Отан» туралы


Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз.

Балалар: Қайда........?

Ал біз мұны, жұмбақтың шешуін тапқан кезде білетін боламыз.......

Онда неше түрлі ағаштар бар,

Шөптер, шыршалар, бұталар.

Құстар, жануарлар.

Саңырауқұлақтар мен жидектер,

Және, әрине- масалар.

Іші толған керемет.

Біз онда серуендеуді жақсы көреміз....Қайда??? Барлығы (орманда)


Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Сендер қандай ақылдысыңдар


1) Балалар, білесіңдерме, орманға қалай жетуге болады?

Балалар: Орманға қайықпен жете аламыз ба?

2) Жете аламыз. Алайда бұл көлікті бір сөзбен қалай атауға болады?

Балалар: (Бұл көлік, су көлігі деп аталады)

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар! Өте керемет!

Балалар, олай болса саяхатқа шықпастан бұрын қанекей, барлығымыз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті:

Қояндар сияқты секіріп,

Қолымызды доп сияқты соғайық!

Тыныштықты сақтайық,

Аздап дем алайық.

Содан кейін бәріміз, сізбен бірге жүзейік...........


Енді қайықпен жүзіп орманға жетуіміз үшін,

аяғымызды үш рет тарсылдатып алайық...........

Қолымызды үш рет шапалақтап алайық............

Тәрбиеші: Мінекей балалар, бізде орманға келіп жеттік.

Тәрбиеші: - Балалар тыңдаңдаршы, біреу жылап отырған сияқты?

  • О, мен кімді көріп тұрмын? Бұл аю ғой?

  • Сізге не болды?

  • Неге жылап тұрсыз?

Аю орманда жылап отырады: Балалар мен сендерді ұзақ күттім,

маған сендердің көмектерің қажет. Өтінемін көмектесіңдерші?


Тәрбиеші: Сіз жыламаңыз, маған түсіндіріп айтып беріңізші,

бәріміз қолымыздан келгенше көмектесеміз.

Аю: - Мен көп жыл бойы оқымадым, карантинге байланысты көп нәрседен қалып қойдым. «Жұлдыз» балабақшасының дайындық тобына барғым келеді. Алайда, тапсырмаларды шешу үшін математика, сауат ашу мен көркем әдебиетті білуім қажет.

Мен мұның бәрінің артында тұрмын, және ол жерде бәрі өте қатал,

мен «Жұлдыз» балабақшасына жетуім үшін, тапсырмаларды шешуім керек, сіздер маған көмектесесіз бе? (аю жылайды)

Тәрбиеші: Балалар, аюға тапсырмаларды шешуге көмектесейік. «Жұлдыз» балабақшасына қабылдансын.

Балалар: Иә.........


ТОСЫН СӘТ: Дауысты мен дауыссыз кіреді.

Дауысты: Сәлем достар, қызықты әріптер әлеміне қош келдіңдер! Менің атым Дауысты, қараңдаршы мен сондай әдемімін қып - қызыл алмадаймын, қып-қызыл раушан гүлдеймін, айғайлап әндете де аламын.

А-А-А-А; О-О-О-О; Е-Е-Е-Е; Ы-Ы-Ы-Ы

Дауыссызға қарап, ал сен, дауыссыз мен сияқты әндете аласың ба?

Дауыссыз: Сәлем достар, менің атым Дауыссыз, мен көкпеңбек аспандаймын, көк бұлттаймын, шайдай ашық боп тұрамын.

Түсім Туға жақын. Көк теңіздеймін. Өзім кішкене қысылып тұрамын, ұялшақпын менен шыққан дыбыста қысылып шығады.

Т-т; М-м; Б-Б; К-к;

Дауысты: Көрдің бе сенің қасында әрқашанда менің жүруім керек.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме дауысты мен дауыссыз. Сіздер дауласпаңыздар екеуіңіздің қайсыңызды балалар көп біледі екенін балалардың білімдері арқылы тексеріп көрейік.

Дауыссыз: Жарайды, біздің балаларға дайындап әкелген тапсырмаларымыз бар. Достар орындаймыз ба?

Балалар: - Иә


Дауысты мен дауыссыздың тапсырмалары:

Ойын: «Сөз ойла, көп ойла»

Дауысты: Сөйлем құрастыр: ........айдады

Дауыссыз:Сөйлемді толықтыр: Мен ....... оқыдым

Дауысты: Сөйлемді толықтыр: ....... жуды

Дауыссыз:Сөйлем құрастыр: ........Жанып тұр

Дауысты: Сөйлемді толықтыр .......шылдырлады

Дауыссыз:Сөйлемді толықтыр: Мен ....... іштім

Дауысты: -Балалар, біздің тапсырмамызды жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Дауысты мен дауыссыз біздің балалардың Әріптер туралы сіздерге арнаған тақпақтары бар. (барлық бала бірге айтады)


Ә Әтеш әнге басады, Б Жағалудың көгі еді,

Таңғы ұйқыңды ашады. Мама қаздың жегені.

Жетіп келсең жанына. Балпаң – балпаң соңынан,

Тырайғайлап қашады. Балапаны ереді.


Г Күн шуағын төккенде, У Уық – тіреу бұл жерде,

Жаңбыр сеуіп өткенде. Сүйенетін шаңырақ.

Қызыл – жасыл далада, Киіз үйге кіргенде.

Гүл тереміз көктемде. Қаласың бір жадырап.



Тәрбиеші: Дауысты мен дауыссыз «Балдәурен» тобының балалары сіздердің тапсырмаларыңызды жақсы орындады деп ойлаймын. Сіздер үнемі дос болып жүріңіздер және осында келіп өздеріңіз жайлы балаларымыздың білімін тексергендеріңізге рақмет.

Даусты мен дауыссыз балаларға алғысын білдіріп,

мақтап – мадақтап, балалардың біліміне ризашылығын білдіріп, келесі топқа шығып кетеді.


Тәрбиеші: Балалар ендеше аюға математикалық тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Тапсырмаларды орындамастан алдын,

біз сендермен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Кәне, қанат жазайық.

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық.


Тәрбиеші: Ой, балалар қараңдаршы, мен мұнда бөшке көріп тұрмын. Бөшкеде аюға берілген тапсырмалар бар екен, тапсырманы алып аюға көмектесейік.


  • Математикалық тапсырмалар

1 «Геометриялық пішіндер»

Тапсырманы оқимын: Геометриялық пішіндердің атауларын атап, қанша бұрышы бар екенін санауымыз керек. Әрбір пішіннің бұрышының (тақ ; жұп; бұрышы бар, бұрышы жоқ; артық) екенін табу.

Балалар: бесбұрыш, шаршы, шеңбер, ромб, үшбұрыш, тіктөртбұрыш

(Шеңбер артық) - бұрыштары жоқ, қалған пішіндердің барлығының бұрыштары бар.

2 Ойын: «Білгіш болсаң ....»

(балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту)

1)Ағашта 5 құс отыр, оған 2 құс келіп қосылды. Ағашта қанша құс отыр? 7

2) Қолыңда 4 алма, табақта 2 алма қосқанда барлығы болады неше алма? 6

3) 10 тоқаш пісірілді, оның 2 желінді, нешеуі қалды? (8)

4) Жандоста 6 кітап, ал Нұрайда 4 кітап бар, барлығы неше кітап болды? 10

5) Қай қолдың саусақтары көбірек?

Балалар: (олар тең, әр қолда 5 саусақ бар)

6) Маған неден жоғары екенін кім айтады? Шөппе, әлде ағаш па? (ағаш)


3 Ойын: «Орныңды тап»

Тәрбиеші: Орманда қатты жел соққандықтан, барлық сандар өз орындарын ұмытып, араласып кетті. Әр санның өз орнына орналасуына көмектесеміз. Олардың жұп немесе тақ, сонымен қатар ондық сандарды ретімен санап орналастыруымыз қажет.

(Аяқ іздері бар сандарды, аю жерге шашып кетеді)


1 бала: (жұп сандарды ретімен табу, тура және кері санау) 2-10

2 бала: (тақ сандарды ретімен тауып, тура және кері санайды) 1-9

3 бала: (ондық сандарды табу, ретімен санап шығу) 10-99



4 тапсырма «Бір сөзбен айт»

Тәрбиеші: Балалар, бұл тапсырмада: Ұяшықтардағы «1» санымен белгіленген әріптерді жазып, мақал – мәтелді оқыңыз.

Мақал: «Күш-білімде, білім-кітапта»


5 Ойын: «Кім тапқыр?»

1) Маймылды тамақтандыру әдісі;

2) Ағаштағы алмаларды есептеп шығару;

3) Үйшіктегі сандар құрамы ; (оң және сол жақтағы жануарларды санау, есептеу)

4) Шелектегі балықтарды есептеу;

5) Балалармен жеке жұмыс;

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.


Аю: Тапсырмалардың орындалғанына риза болып отырады


Аюға тапсырма:

Тәрбиеші: Аю, менің сізден сұрағым келіп тұр.

«Заттар неден жасалғаны?» туралы

Аю: - Шар - .......... резеңкеден

  • Шыны ыдыс - ....... шыны әйнектен

  • Ағаш матрюшка - ......ағаштан

  • Резеңке үйрек - .......резеңкеден

  • Жүн ойыншық - .......жүннен

  • Шеге -........темірден

Тәрбиеші: Жарайсыз аю!

Аю: Менің күшім мүлде жоқ, шаршадым. Мүмкін мен балабақшаға дайындық тобына бармай ақ қоярмын?

Тәрбиеші: Жоқ олай демеңіз, сіз міндетті түрде балабақша баруға тиіссіз. Сіздің үнемі көңілді болып жүруіңіз үшін,

біздің балаларымыз сізге арнап жаттаған тақпақтары да бар.

Мансур: Айсұлтан:

А Толқыны өбіп жағаны, Ю Жүреді өзі жәйлап,

Өзен баяу ағады. Екі көзі жайнап.

Айдынында қалықтап, Тәтті балға тоймайды,

Аққу жүзіп барады. Аю деген маймақ.

Білесің бе араны?

Жолай көрме жанына,

Жақындасаң шағады.

Тәрбиеші: Құрметті аю, бұл жерде сіздің тапсырмаларыңыздың шешімі бар, «Жұлдыз» балабақшасының ақылды мамандарының сізге сыйы. Енді осындай жұмыстармен «Жұлдыз» балабақшасының дайындық тобына қабылданатын боласыз......


Қанағаттанған аю, балаларға өз алғысын білдіреді.......


Осымен балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымызда болды

Енді қайықпен жүзіп балабақшамызға оралуымыз үшін, аяғымызды үш рет тарсылдатып алайық........... Қолымызды үш рет шапалақтап алайық...........

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар! Менің қыбатты саяхатшыларым,

бүгін сендер бір жыл бойы алған білімдеріңді көрсетіп қана қоймай,

игі істерді қалай жасау керектігін дәлелдедіңдер. Сендер бүгін аюға, сонымен қатар дауысты мен дауыссыздың дос болып қалуы үшін бірнеше тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер.

Әрқашан да ақылды, әрі мейірімді болыңдар! Жарайсыңдар!

  • Балалар, қонақтарымыздың да бізге әкелген тапсырмалары бар. Шешеміз бе?

Балалар: Иә......

Біздің қонақтарымыз қолдарындағы өз қағаздарын көтереді, Сіздер осы Әріптерге тақпақ айтып, сөзді оқуларыңыз керек.

(Р, А, Қ, М, Е, Т)


Сафия: БҰЛ АЛҒЫС......

Сафия: Біз мұнда барлығын балабақшадан үйрендік:

Қарындаш ұстау, бояу, сурет салу, әріптерді жазу, сандарды тану, қосу, азайту, санау, ән айту, билеу, мейірімді болу, құрметтеу,

дос болу, сүйіспеншілдікті, мейірімділікті біліп үйрендік.

Т.Нурсая: Басшымыз Раушан Қаныбекқызына, осындай балабақша үшін, жұмысы мен еңбегіне алғыс айтамыз.

Балайым: Әдіскеріміз Гульзира Мәденқызына да еңбекқор, талапшыл болғаны үшін алғыс білдіреміз.

Тәрбиеші: Осымен балалар, бүгінгі қорытынды ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті аяқталды, сендерге саяхатымыз ұнадыма?...............


Келесі саяхат балалар, мектепте болады...... соңғы тақпағымызды барлығымыз бірге айтып берейікші. ( М, Е, К, Т, Е, П )

М Марал қандай әдемі, Е Нәр алатын жауыннан,

Тау- орманның сәні еді, Қорықпайтын дауылдан.

Мүйізінің шырын, Емен деген ағаш бар,

Таптырмайтын дәрі – емі. Жапырағы жайылған.


К Күн – әлемнің шырағы, Т Тасбақаға отырып,

Төгіледі шуағы. Кездік орман, даланы.

Көбелектер қуанып, Бізді көріп секіріп,

Бірін – бірі қуады. Тиін қашып барады.


Е Есепке ылға қандықта, П Тұмсығы оның күшті.

Есекке мініп алдық та. Аяқтары сұсты,

Ерінбей шөпті тасыдық, Таси алады жүкті.

Есейіп бүгін қалдықта. Піл дегенің мықты!

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.










Бекітемін:

«Жұлдыз» балабақшасының

меңгерушісі:

Кунесова.Р.К_________













«Білім әлеміне саяхат»

Қорытынды ұйымдастырылған іс - әрекеті

«Балдәурен» мектепалды тобы








Тәрбиеші: Бейсебаева Г.С













Шымкент қаласы

2023-2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі