Материалдар / Білім әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
785
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білім - әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, сөздік қорын, тіл байлығын, ауызша есептеулерін, нақты шапшаң жауап табуға үйрету, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: парақшалар, схемалар, суреттер.
1. Ұйымдастыру: - Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтеді. Себебі, бізге қонаққа ата - аналар, мұғалімдер келіп отыр. Олар сіздердің бір жыл бойы не оқып, не үйреніп, не білгендеріңді көруге келіп отыр. Сол себептен қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысамыз. 3 топ болып жарысамыз. Дұрыс жауап берген топқа жұлдызша береміз.
Саяхатқа шықпас бұрын көліктің неше түрі бар? 3 (жер, су, әуе)
I аялдамаға жету үшін немен барған дұрыс? Ұшақ, машина, кеме?
- Бұрынғы заманда көлік жоқ кезінде немен жүрген?
I - аялдамамыз «Ана тілі» пәнінің тапсырмалары.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Сөз дегеніміз не?
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
5. Дауысты дыбыс нешеу?
6. Дауыссыз дыбыс нешеу?
Ойын: «Гүл күлтесін жинау»
зат есім -------------- сын есім ----------- сан есім
1. анар -------------- 1. қызыл ------------ 1. бір
2. түйе --------------- 2. қоңыр ----------- 2. он
3. ұшқыш ----------- 3. әдемі ------------ 3. екінші
4. домбыра -------- 4. зәулім ----------- 4. жиырма
5. әнші -------------- 5. жақсы ------------ 5. елу
6. аттар ------------- 6. адал -------------- 6. бірінші

Поэзиялық минут «Адам болам десеңіз»
Кімнің өлеңі? Осы өлең жолдарында заттың санын білдіріп тұрған сөйлемді тап.
- Сандар туралы қай пәннен оқып үйрендік?

II – аялдамамыз «Математика» пәнінің тапсырмалары.
I. Фигураларды атау.
II. 30 секундта қанша өрнекті тез есептейді?
(3 топтың жауаптарын санау)
1. Ыдыста 7 алма болды, 2 алманы алды. Ыдыста неше алма қалды?
2. Қызыл шар 5, көк шар 4, барлығы қанша шар?
3. Атасы 50 жаста, немересі 10 жаста. Атасы немересінен неше жас үлкен?

III. Логикалық есептер.
1. 1 жұмыртқа 1 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
2. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады?
3. Шырша түбінде 8 құлақ қоянның көрінді. Шырша түбінде неше қоян отыр?
IV. Топпен жұмыс:
I топ ------------------- II топ ---------------------- III топ
8+2= ------------------- 9 - 4= --------------------- 3+6=
8 * 7 ------------------- 6 * 7 ---------------------- 9 * 5
10 * 6+4 -------------- 8 * 10 - 2 ---------------- 9 * 10 - 1
a+3=7 ----------------- a+4=7 -------------------- 7 - a=4

Поэзия минуты: «Сурет сабағы»
«Сурет сабағы» өлеңінде қандай гүлдер туралы айтылған?
- Гүл дегеніміз не? Оны қай пәннен оқып үйрендік?

III – аялдама «Дүниетану» пәнінің тапсырмасы.
I тапсырма:
1. Табиғатқа не жатады?
2. Күннің қандай пайдасы бар?
3. Дүниеде неше түс бар? ата.

II топпен жұмыс:
Табиғат - өлі табиғат тірі табиғат
Құстар - үй құстары жабайы құстар
Өсімдік - шөп бұта ағаш

IV – алдама. Әдемі жазу.(әдемі жазылған дәптерлердің көрмесі)
V – алдама. Еңбектен жасалған бұйымдар.
VI – аялдама. «Сыныптың қызықты сәттері» Слайдтан суреттер көрсету.
VII – аялдама. Құттықтау. (Өз ой - пікірлерін айту)
Міне, бүгінгі біздің «Білім - әлеміне саяхатымыз» аяқталды. Қайтадан мектепке келдік. Енді ұпай сандарымызды санайық. Қай топ жүлдеге ие болады, екен?

«Біз отбасымызбен біргеміз» толағай отбасылар сайысы
№11 Қоскөл орта мектебінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күні
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «Толағай»отбасылар сайысы болып өтті
Сіздерге сол сайыстың өтілу барысын ұсынып отырмын.

Жүргізуші:
Бүгінгі 15 мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- Ойын залына акробат қыздарымызды Жаңыл мен Айжанды ортаға шақырамыз
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі сайысымызға демеушілік жасап отырған ауыл әкімі Хамзат Абдуллаұлына, мектеп директоры Абдиманап Саматұлына, ауыл азаматтары Акмал ағай, жеке кәсіпкер Ардаққа көп - көп рахмет айтамыз. Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1. Қыран тобы 2. Сұңқар тобы 3. Бірлік тобы 4. Барыс тобы
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Математика пәнінің мұғалімі - Ахметова Роза мұғалім
2. Әкім бас маман - Сейітбеков Асылан
3. Ата - аналар комитеті атынан - Аппазова Мағрипа
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2 тур. Кім жүйрік?
Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
3 тур « мергендер» сайысы
Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
4 тур «Кім епті?
Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
5 тур «Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
6 тур «көпірлерден өту»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру
7 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен жарысады.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!
8 тур «капитандар сайысы»
( топ басшыларын шақырып алып отырып - тұрып, тез - тез таблица айтқызу)
Өмірзақ Арайдың орындауында «Анашым»әнін қабыл алыңыздар
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін 110 ұпаймен «Барыстар»тобы иеленіп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!