400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім алушылардың әлеуметтік эмоционалдық дағдыларын дамыту үшін ойын әдістері мен модельдеуді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білім алушылардың әлеуметтік эмоционалдық дағдыларын дамыту үшін ойын әдістері мен модельдеуді қолдану" тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмір жолымды осы адал, қиын да, бірақ қызық мамандыққа арнау мектеп жасымнан ойлаған арманым еді. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, балалықтан өтіп, жоғары сыныпқа көшкенде мұғалім мамандығының мәртебесі жоғары екенін түсіне бастадым. Оған себеп болған ұстаздарым- Байгукина Жүрсін апай мен Айдарбекова Лаззат апай. Осы ұстаздардан білім нәрімен сусындай отырып, жаратылыстану және математика пәндеріне қызығушылығым оянды.

Ұстaз болу – жай ғана мамандық емеc. Ол – адамның болашағын жасаушы. Әрине, ұстаз болу жоғарғы педaгогикалық оқу орнын үздік бітіруді aздық етеді. Ұстaздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқу, білу, тaлпыну керек.

ХХІ ғaсырдағы білім саласы ұстaздарға, оқушыларғa, ата-анаға көптеген мақсaттар мен міндеттер қойып отыр. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Cол себепті мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға тырысамын.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғaлім хабарлайды, Жaқсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.

Қоңырау үні. Оқушылар шуы. Сырт қараған aдамға басқаша естілсе, ұстаздар үшін жағымды дыбыстар.

Менің педагог ретіндегі міндетім-балалардың толық дамуына жағдай жасап, білім алу процесіне үлес қосу. Сол себепті әр сабағымда оқушыларға адам мен табиғаттың өзара байланысын түсіндіріп, олардың функционалды сауаттылықтарын қалыптастыруды мақсат етіп қойдым. Қазіргі таңда физика пәні техникалық мамандықтардың негізі екенін ұғындырып қана қоймай, осы салада болашақ мамандығын таңдап, білім гранттарын жеңіп алуларына да белсенді ат салудамын. Ата-аналар балалары үшін алғыстарын білдіргенде, ұстаз екеніме тағы бір мәрте марқайып қаламын. Оқушы жетістігі –ұстаз еңбегінің жемісі емес пе?!

Мерекелер қарсаңында түлектерімнің құттықтау хаттарын оқып, жылы лебіздерін тыңдағанымда, ұстаз ретінде оқушыларымның жүрегінен орын алғаныма қуанамын.

Қорыта айтқанда, жаңа мектептің жаңашыл ұстазы, бұл - өзінің ізденгіштігі арқасында шығармашылыққа бой ұрып оқушыны да өзін де сыни ойлауға, ой тұжырым жасауға, өзгерістер жасауға алып келеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.07.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12