Материалдар / Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингі жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингі жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
іс -шара жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2024
327
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бекітемін»

Мектеп директоры

____________ М.Жусупова

«___»____________жыл

















Ағылшын тілі пәнінен 9 сыныптарға арналған

ББЖМ-не күнтізбелік-тақырыптық жоспары

















Пән мұғалімі: Нарымбетова С

Сынып:9







2023-2024 оқу жылы



КІРІСПЕ

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (одан әрі – ББЖМ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
























Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың мағынасы

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9 - сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2 (3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін және өзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес  2021-2022 оқу жылында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) рәсімі енгізілді.

ББЖМ-ті уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады. 

ББЖМ-гі негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

ББЖМ-гі кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді,олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.

9 сыныптарда ББЖМ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі  пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.

Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының  және ББЖМ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін  жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ББЖМ-ті өткізу үшін ММББС - ның базалық және бейіндік пәндерінің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары  пайдаланылады.

ББЖМ-гі кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

ББЖМ-ті өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен  Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

МАБ пен ББЖМ-тің арасындағы ерекше  айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ББЖМ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата - аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады.



Түсініктеме хат


Ағылшын тілі пәнінен 9-сыныпқа арналған оқу жетістіктерін сырттай бағалауоқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасын (5-9 сыныптар) басшылыққа ала отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы;

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық;

2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы негізінде құрастырылды.

Бұл бағдарлама оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және коммуникативтік құзыреттерін кеңейтуге, сөйлеу дағдыларын және әлеуметтік-мәдени біліктерін толықтырып жетілдіруге көптілді тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу, үйрету.

Міндеттері:

  • сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу;

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • шығармашылық қабілеттерді дамыту;

  • оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы;

  • маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы;

  • сұрақ-жауап түрінде сөйлеу;

  • танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы;

  • естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі;

  • жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу.

Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы


9-сынып курсы үшін әлеуметтік-техникалық, оқу-еңбек және әлеуметтік-мәдениеттік салалары қамтылған оқу бағдарламасына төмендегі оқу тақырыптары енгізілген:

Лексикалық минимумның орфографиясы.Мысалы exemplifying-especially, particularly, for example, such as, reason: because, due to, since, as. Предлогтар:from, to, at, in, by, into, on, off, out, out of.

Оқу-тақырыптық жоспар

Тақырып

Сағат

Мерзімі

1

Floods

1


2

Maxim’s – A great restaurant

1


3

Robinson

1


4

Charlie Chaplin

1


5

Chinese Food – What a way to cook!

1


6

Sports and games in Kazakhstan

1


7

3D printing: the future of food production?

1


8

Travelling

1


9

The worth of wealth

1


10

Hunting for treasure – the adventure of your life

1


11

The newspaper article


1


12

Does a lot of money really make you happy?

1


13

Black Friday

1


14

Family Affairs

1


15

St. Paul’s Cathedral

1


16

The City

1


17

William Shakespeare (1564s – 1616)

1


18

Shaw Wrote a Play

1


19

The Discovery of America

1


20

Going in for Sports

1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!