Білім алушылардың цифрлық ойлауындамытудағы жиынтық бағалау тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім алушылардың цифрлық ойлауындамытудағы жиынтық бағалау тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың цифрлық ойлауын дамытдағы жиынтық бағалау тәсілдері" атты оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік өамтамасыз етубарасында барлық деігейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты басшылыққа алынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындық білім бөлімі

«Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Білім алушылардың цифрлық ойлауын дамытудағы жиынтық бағалау тәсілдері

(орта мектептің 6-сынып оқушыларына арналған)








Ыдырысов Махсат Алгожаевич

педагог-зерттеуші

информатика пәні мұғалімі

















Түсінік хат

Жалпы сипаты. «Білім алушылардың цифрлық ойлауын дамытудағы жиынтық бағалау тәсілдері» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнына аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. 6-сыныптың биология пәнінде қолдануға ұсынылған.

Бағдарламаның мақсаты: Цифрлық ойлау дағдыларын дамытуда жиынтық бағалаудың тиімді тәсілдерін меңгерту .

Міндеттері:

  1. Цифрлық ойлаудың негізгі компоненттерін (алгоритмдік, логикалық, жүйелік ойлау) меңгерту;

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ақпараттық сауаттылықты арттыру;

  3. Цифрлық деректерді талдау және интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;

  4. Жобалық және зерттеушілік жұмыстарды бағалаудың критерийлерін жасауды үйрету;

  5. Жиынтық бағалау нәтижелерін рефлексия негізінде талдау дағдыларын қалыптастыру;

  6. Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы ақпараттық сауаттылықты арттыру;

  7. Практикалық есептер мен модельдеу әдістерін қолдану икемін жетілдіру;

  8. Ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну және дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру.

Бағдарламаның өзектілігі:

Информатиканың дамуы әлемдік білім беру кеңістігінде ХХІ ғасырдың ғылыми-технологиялық серпілісінің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Қазақстандық білім беру жүйесінде бұл салаларды меңгерту оқушылардың зерттеушілік қабілетін, ғылыми ойлауын және цифрлық сауаттылығын арттыру үшін ерекше маңызды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында информатика пәнінде теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды нақты бағалау қажеттілігі артып отыр, 6-сынып ақпараттық сауаттылық, алгоритмдік ойлау және цифрлық мәдениетті қалыптастырудың базалық кезеңі, сондықтан жиынтық бағалау жүйесін жетілдіру, түсіндіру оқыту талаптарының өзегін құрайды.

Бағдарламаның жаңалығы:
Педагогикалық жаңалығы: Жиынтық бағалау тәсілдерін цифрлық құралдармен (онлайн-платформалар, виртуалды зертханалар) интеграциялау арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру..
Психологиялық жаңалығы: Топтық жұмыс, өзара бақылау және рефлексия арқылы оқушылардың ынтымақтастық, өзін-өзі бағалау, жауапкершілік және өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.



Күтілетін нәтиже:

  1. Цифрлық ойлаудың негізгі ұғымдарын меңгереді;

  2. Ғылыми ақпаратты талдау дағдысы қалыптасады;

  3. Цифрлық деректерді модельдеу арқылы логикалық ойлауы дамиды;

  4. Жиынтық бағалау нәтижелеріне сәйкес рефлексия жүргізу дағдылары қалыптасады;

  5. Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы ақпараттық сауаттылығы артады;

  6. Практикалық есептерді шешу және зерттеу нәтижелерін ұсыну мәдениеті қалыптасады, мәселелерді талдау арқылы функционалдық сауаттылығы дамиды;

  7. Ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну және дәлелдеу мәдениеті қалыптасады.


































Тұрақталу бөлімі

(аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат)

Бұл бағдарламада дәрістік сабақтар мен тәжірибелік сабақтар араластырып берілген.

Тақырып

Сағат саны

Нәтиже

1

Эргономика дегеніміз не?

1

эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдайды және шешеді

2-3

Есептеу техникасының даму тарихы

2

Компьютерлік технологияның даму тарихы мен келешегі туралы әңгімелейді

4-5

Сымсыз желілер.


2

сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіндіреді

6-7

3D – редакторы

2

3D-модельдер қолдану мысалдарын келтіреді, 3D-редактордың мүмкіндіктерін сипаттайды

8-9

3D-редактор құралдары

2

3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын пайдаланады

10-11

Конус, цилиндр және сфера құру

2

айналу денелерін құру және оларды түрлендіреді

12-13

Объектілердің 3D модельдері

2

3D-редактордағы объектілердің модельдерін құрады

14-15

Объектілердің 3D модельдері.


2

3D-редактордағы объектілердің модельдерін құрады. Талқылау арқылы этикалық көзқарасты қалыптастырады

16-17

3D – баспасы

2

Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттайды және 3D-баспасын баптайды

18-19

IDE-мен танысу

2

IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолданады

20-21

Тіл әліппесі. Синтаксис

2

Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады

22-23

Мәліметтер типтері

2

Деректер түрлерін жіктейді

24-25

Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері

2

Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады

26-28

Санды енгізу және шығару

3

Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

29-31

Сызықтық алгоритмдерді программалау

3

Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

32-34

Сілтемелер және гиперсілтемелер

3

сілтемелерді ұйымдастырады (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер) және авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіреді, «авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын түсіндіреді































































Нормативті бөлім

Аптасына - 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Лекция

Тәжірибе

1

Эргономика дегеніміз не?

Цифрлық ойлаудың негізгі ұғымдары мен терминдерін түсіну

1

1

0

Цифрлық ойлаудың негізгі ұғымдарын түсінгенін дәлелдей алады

2-3

Есептеу техникасының даму тарихы

Алгоритмдерді құрастыру және логикалық есептерді шешуді меңгеру

2

0

2

Логикалық есептерді шешіп, алгоритмдерді сипаттай алады

4-5

Сымсыз желілер.


Формативті және жиынтық бағалау түрлерін ажыратып, олардың маңызын түсіну

2

1

1

Бағалау тәсілдерін талдап, олардың маңыздылығын түсіндіреді

6-7

3D – редакторы

Онлайн платформаларды және бағалау құралдарын тиімді қолдануды меңгеру

2

0

2

Цифрлық құралдарды қолданып, бағалауды жүргізе алады

8-9

3D-редактор құралдары

Бағалау деректерін талдау және графикалық түрде ұсынуды меңгеру

2

1

1

Деректерді талдап, графиктер мен диаграммалар арқылы интерпретациялайды

10-11

Конус, цилиндр және сфера құру

Жиынтық бағалауға арналған нақты критерийлерді жасауды үйрену

2

1

1

Бағалау критерийлерін жасау принциптерін түсіндіре алады

12-13

Объектілердің 3D модельдері

Оқушылардың цифрлық жобаларын талдау және бағалау тәсілдері

2

0

2

Жобаларды бағалау критерийлерін қолданып, нақты жағдайларды талдай алады

14-15

Объектілердің 3D модельдері.


Цифрлық кеңістіктегі этикалық нормаларды бағалаудың жолдарын түсіну

2

1

1

Этикалық нормаларды түсіндіріп, пікір алмасу арқылы этикалық көзқарасты қалыптастырады

16-17

3D – баспасы

Дереккөздердің сенімділігін және ақпараттық сауаттылықты бағалау

2

1

1

Ақпараттық сауаттылық дағдысын талдау және бағалауды меңгереді

18-19

IDE-мен танысу

Қарапайым роботтехникалық және "Заттар интернеті" (IoT) жобаларын бағалау

2

0

2

Роботтехника элементтерін қолданып, жұмыс нәтижесін бағалай алады

20-21

Тіл әліппесі. Синтаксис

Бағалау нәтижесі бойынша рефлексия жасау және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру

2

1

1

Өзара бақылау және рефлексия жүргізу дағдылары қалыптасады

22-23

Мәліметтер типтері

VR/AR технологиялары негізінде жасалған оқу өнімдерін бағалау

2

0

2

VR/AR элементтерін бағалау әдістерін түсіндіре алады

24-25

Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері

Қарапайым кодтарды жазу және орындау нәтижесін бағалау

2

0

2

Бағдарламалау дағдыларын бағалауды практикалық түрде орындай алады

26-28

Санды енгізу және шығару

Жиынтық бағалаудан кейін тиімді кері байланыс беруді меңгеру

3

1

2

Тиімді кері байланыс беру әдістерін түсіндіріп, қолдана алады

29-31

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Жиынтық бағалау нәтижелерін статистикалық және цифрлық әдістермен модельдеу

3

1

2

Бағалау деректерін модельдеуді және талдауды орындай алады

32-34

Сілтемелер және гиперсілтемелер

Оқушылардың цифрлық портфолиосын құрастыру және оны жиынтық бағалау құралы ретінде қолдану

3

1

2

Портфолионы жиынтық бағалау құралы ретінде құрастыру және ұсыну дағдылары қалыптасады


Барлығы


34

12

22
















Ақпараттық – әдістемелік бөлім

(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)

6-сынып оқушыларына информатика пәні бойынша жазылған «Білім алушылардың цифрлық ойлауын дамытудағы жиынтық бағалау тәсілдері» бағдарламасының алғашқы бөлімі «Цифрлық ойлау негіздері» тақырыбымен аталады. Бұл бөлімде 5 сағат: "Информатиканың негізгі ұғымдары", "Цифрлық ойлаудың негізгі ұғымдары", " Алгоритмдік ойлауды дамыту", "Логикалық ойлауды дамыту", "Жиынтық бағалаудың түрлері мен маңызы" тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімде:

  • Проблемалық оқыту технологиясы;.И.Махмутов)

  • Тірек сызба .Ф.Шаталов)

  • Кезеңдеп оқыту технологиясы;.Я.Гальперин)



Авторлық бағдарламаның екінші бөлімі "Бағалаудың әдістемелік тәсілдері" тақырыбына 5 сағат берілген. "Цифрлық құралдар арқылы жиынтық бағалау", "Деректерді талдау және визуалдау негіздер", "Бағалау критерийлерін әзірлеу әдістемесі" тақырыптары негізінде құралған. Аталған тақырыптарды оқыту барысында төмендегідей жаңа технологиялар қолданылады.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;(СТО)

  • Модульдік оқыту технологиясы .Жанпейісова)

  • Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)



"Цифрлық деректерді талдау және бағалау" бөліміне 14 сағат берілген. "Жобалық жұмыстарды бағалау (Case Study)","Ақпараттық сауаттылықты бағалау (Media Literacy)", "Роботтехника және IoT негіздерін бағалау", "Виртуалды және толықтырылған шындықты бағалау", "Бағдарламалау тілдерін меңгеруді бағалау (Python негізінде)", "Рефлексия және өзін-өзі бағалаудағы цифрлық құралдар", "Қарқынды талдау және кері байланыс (Feedback)" тақырыптары негізінде құралған. Бұл ең көлемді бөлімде оқушылардың әртүрлі цифрлық дағдыларын (жобалау, бағдарламалау, ақпараттық сауаттылық) бағалаудың практикалық және әдістемелік жолдары қарастырылады.

  • Ынтымақтастық педагогикасы;(Ш.А.Амонашвили)

  • Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясы;(АKT)

  • Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген оқыту технологиясы;



"Технологиялық және этикалық аспектілер" бөлімінде 10 сағат берілген. Төртінші бөлімнің тақырыптары "Технологиялық тәжірибелердегі этикалық нормалар", "Генетикалық кеңес беру негіздері", "Геном технологиялары және оның биомедицинадағы болашағы", "Биоинформатикалық алгоритмдер және генетикалық деректерді модельдеу". Бұл бөлімде төмендегі педагогикалық технологиялар қарастырылады.

  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы;.Қараев).

  • Ойын технологиясы;

  • Диалог құру технологиясы;(Л.С.Выготский)




Бағалау критерийі


Критерийлер

Дескриптор

әдіс

Теориялық сабақтар үшін

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің мазмұнын түсіндіру

3

Берілген информатикалық процестердің құрылымын немесе кезеңдерін сипаттау

3

Тақырыптар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсініп, ғылыми тілде жеткізу

3

Практикалық сабақтар үшін

Бақылау, тәжірибе немесе модель арқылы биомедицина және генетикалық құбылыстарды анықтау

5

Тәжірибе нәтижелерін кесте, сызба немесе қысқа қорытынды түрінде рәсімдеу

5

Зерттеу барысында құрал-жабдықтарды дұрыс және қауіпсіз пайдалану

5

Объектілерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін дәлелмен көрсету

5

Практикалық нәтижелерді талдап, қорытынды шығару

5

Барлығы


34 балл




























Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

  1. Смағұлов Т.Б., Әбілқасымова А.Е., Цифрлық ойлауды қалыптастырудың теориялық негіздері, Алматы, Ақпарат, 2022.

  2. Қалиев А.С., Информатика пәніндегі жиынтық бағалауды ұйымдастыру әдістемесі, Астана, Фолиант, 2021.

  3. Байсариева Ж.Б., Педагогикалық өлшеулер және бағалау жүйесі: теориясы мен практикасы, Алматы, Сана, 2019.

  4. Рахметова Д.Н., Lesson Study әдісін информатикада қолдану және оқушы жетістігін бағалау, Семей, Ғылым, 2020.

  5. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі., Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулық, Астана, 2023.

  6. Нұрғалиева М.К., Ермеков С.Ж., Білім берудегі инновациялық және цифрлық технологиялар, Қарағанды, Технолоджи, 2018.

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.Ж., Ахметова А.Б., Информатика. 6 сынып оқулығы, Алматы, Атамұра, 2023.

  2. Сейдахметов Б.Р., Логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар жинағы, Нұр-Сұлтан, Арман-ПВ, 2020.

  3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі., Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік ережелері, Алматы, 2024.

  4. Интернет-ресурстар (білім беру порталдары):

    • BilimLand.kz — Интерактивті сабақтар және цифрлық бағалау құралдары.

    • KhanAcademy.kz — Алгоритмдік және есептеуіштік ойлауды дамытуға арналған курстар.

    • Scratch.mit.edu — Бағдарламалау негіздеріне арналған онлайн-платформа.

  5. Сүлейменова Г.Е., Желідегі әдеп және ақпараттық сауаттылық, Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқу құралы, 2021.

  6. Ізбасар Н., Цифрлық жобаларды жасау және оларды бағалау критерийлері, Әдістемелік нұсқау, 2022.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
23
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі