Тыңдалым және
айтылым
1.Берілген үзіндіні мұқият
тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Табиғат ананың керемет
күйге түсуінің себебі неде болуы мүмкін? Көркем сөздерді қолданып,
мәтінді әрі қарай жалғастырып айт.
Табиғат
ананың Жер, Су,Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Бір күні Табиғат-
ана ұлдарын шақырып алып: -Адамдарға адал қызмет еткен балама үлкен
сый таратамын,- деп уәде береді.
Ұлдары адамдарға
жақсылық жасауға қуана келіседі. Олар жан-жаққа кетіп, адамдарға
көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде еліне қайтып оралған
ұлдары аналарының бұрынғыдын да көріктене түскенін көріп: -Апатай,
сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – деп
сұрайды.
Анасы балаларына қандай уәде
берді? Жаз.
..........................................................................................................................................................................................................
Мәтіннің мазмұны бойынша 1
ашық сұрақ құрастыр.
............................................................................................................................................................................................................
Оқылым
2.Мәтінді түсініп оқы.
Тапсырмаларды орында
Арсылдаған ит ызалана тап- тап
береді. Шарбақтың басында бір кішкентай мысық бүрісіп
отыр.
Иттен қорыққанынан арқасын
қүжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарады.
Анадай жерде оқиғаның соңын
күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны терезеден көрген бір әйел
сыртқа жүгіріп шықты.- Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі
бала селк етіп, арттарына қарады. Әйел қолындағы таяғымен итті қуып
жіберді.
- Біз не істедік? – деп
таңданды екі бала.- Біз жай ғана қарап тұрмыз
ғой.
- Міне, ең жаманы осы, - деді
әйел зілденіп.
Бейтаныс әйел балаларға
неліктен ашуланды? .
.......................................................................................................................................................................................................
Балалар неліктен қарап тұрды
деп ойлайсың? .
.........................................................................................................................................................................................................
Кейіпкерлердің қайсысының
іс-әрекетін дұрыс деп санайсың?

Бейтаныс әйелдің
балалардың
Неліктен?
Мәтін арқылы автордың не
айтқысы келді деп ойлайсың?
Мәтінге ат
қой.
Жазылым
3. Берілген сұрақтардың
көмегімен оқыған мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат
қой.
|
Мәтіннің
бөліктері
|
Сұрақтар
|
Жоспар/тақырып
|
|
1) Оқиға неден
басталады?
|
Мәтін не
туралы?
Ит пен мысық не
істеді?
|
1)
|
|
|
|
|
2) Әрі қарай не
болды?
|
Балалар не істеп
тұрды?
Мысықты кім
құтқарды?
|
2)
|
|
|
|
|
3) Оқиға қалай
аяқталады?
|
Балалар неге таң
қалды?
Бейтаныс әйел не
деді?
|
3)
|
|
|
|
4. Әйелдің сөзінен кейін
балалар не істейді деп ойлайсың? Балаларға қатысты 1 сөйлем құрап
жаз.
Ойың
:
Сөйлем:
.