400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Білім ақиқат бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып өзін-өзі тану Тақырыбы: Білім ақиқат бастауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: Т.Тәжібаев жом

Тақырып: Білім ақиқат бастауы

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Молдабекова Д.А.

Сынып: 3 «А»

Сабақ мақсаты:.

Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге және

өмірде білімді қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік:Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық: Білімге,оқуға қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік:Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақ барысы:

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ойын

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру

Көрнекі құралдар: дәптер,үнтаспа

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi.

-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп.жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жекізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

а).Адам айналасын қалай таниды?

ә).Өмірге құштарлық дегеніміз не?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсатында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіремін.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?

Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын Оқушылардың білім туралы мақал-мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер»атты ойын ұйымдастыру.

Ақыл тозбайтын тон,... (Білім таусылмайтын кен.)

Білімдіге дүние жарық,... (Білімсіздің күні-ғаріп.)

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. «Білім мен байлық»әңгімесін оқушы әңгімелейді.

Тапсырма «Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар»

Оқу-білім....,

Білім-өмір...

Дәптермен жұмыс

-Дәптердегі тапсырмада берілген «Білім мен байлық»кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазу.

-Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып,шешуін табу.

Білім: сені бағады,досыңды көбейтеді,

жұмсағанмен азаймайды,ел құрмет тұтады.

Ашық дала,қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптер)


7.Топпен ән айту.

Оқушылар мұғаліммен бірігіп,мынадай өлеңді айтады:

Білім іздесең, Ақыл іздесең,

Кітаппен таныс, Адаммен таныс,

Еңбегің еш болмайды. Өнерің кеш қалмайды.


8.Үй тапсырмасы.

Дәптерге білім туралы мақал мәтелдер жазып келу.


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Міне,балалар,білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндік.

Білім оқу арқылы жинақталғанын ұғындық.Білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің.Өйткені білім-ақиқат бастауы.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі