400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білім аралына саяхат". Ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау. Жоғары- төмен ұғымдарын дамытуды жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Балалардың тілін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Коммуникация.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.

Сурет салу. Тіл дамыту.

Тақырыбы: Білім аралына саяхат.

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандар көршісін

атауды, кеңістікті бағдарлау. Жоғары- төмен ұғымдарын

дамытуды жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы

білімдерін кеңейту.

Балалардың тілін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.

Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі

тапсырмаларды орындай отырып, санау, топтау дағдыларын

ойын арқылы дамытып, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін

дамыту. Жауапкершілікке, шапшандылыққа, тез ойлауға және

дер, кезінде шешім қабылдауға, адам мен табиғат арасындағы

қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке

тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, үйрету, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: проектор, үлестірмелі материалдар, суреттер, бояу, сандар. Полибилингв. компанент: Бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three,

төрт-четыре-four, бес-пять-five.

Инклюзивтік әлеумет: Нұрдәулетпен жеке жұмыс.


- Балалар, бүгін бізге өте ерекше күн. Бізге көп қонақтар келді, біз өте қуаныштымыз, қане орнымыздан тұрып шаттық шеңберін орындайық:

І. Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң, ұстаз,

Қайырлы таң, достар.

Шеңберге тұрайық,

Жылылық сыйлайық.


Доброе утро, учитель,

Доброе утро, друзья.

Посмотри друг на друга,

Пожелайте добра.


Good morning, good morning,

Good morning to you.

Good morning, good morning.

We are glad to see you.

ІІ. Негізгі бөлім:

Слайд арқылы сұрақ-жауап.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілі болғанын қайдан білдік?


-Балалар, қазір енді «Білім аралына» саяхатқа барамыз. Саяхат кезінде кедергілер кездеседі, сол кедергілерден өту үшін, біз әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. Біз саяхатқа ұшатын кілемшемен саяхаттаймыз.

-Бәріміз көзімізді жұмамыз, барлығымыз ұшатын кілемге жайғасып отырамыз.

-Ұшып келеміз, ұшып келеміз, биік үйлердің үстінен өтіп жатырмыз, орманнын үстінен ұшып келеміз. (көздерін жұмады) (көздерін ашып кедергілер слайд арқылы шығады)

-Балалар, ағаштың арасында төртбұрышқа ұқсайтын бір бейне көрінетін сияқты. «Білім аралына» қалай баруға болатының сұрайық.

-Балалар, бұл не екен?

-Пеш.

-Пештің пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды ?

-Пеш, пеш «Білім аралына» қалай бару керек екенің білесіз бе?

Пеш: - Сендер әуелі менің пісіп тұрған нанымды санап беріңдер, сосын мен сендерге жолды көрсетемін.

-Барлығы -5 нан.

- Рахмет сендерге, енді сендер орманның ішімен жүре берсеңдер, алдарыңнан жалмауыз кемірдін үйі шығады, содан сұраңдар.

-Қане балалар, көзімізді жұмып алға қарай ұшайық.

- Міне балалар жалмауыз кемпірдін үйіне келіп жеттік.

- Үй, үй «Білім аралына» қалай баруға болады?

Үй: - Ол үшін сендер менің тапсырмамды орындап беріңдер.

1 тапсырма: Мен қандай пішіндерден құралғанмын?

-Төртбұрыш, үшбұрыш.

2 тапсырма: Жолақшамен жұмыс.

Жолақшаның жоғарғы жағына үш қызыл үшбұрышты саламыз, ал төменгі жолақшаға екі көк төртбұрышты саламыз.

Енді сендер тіке жүрсеңдер алдарынан өзен шығады, содан сұраңдар.

-Қане, балалар көзімізді жұмып алға қарай ұшайық.

-Міне балалар өзенге де келіп жеттік.

-Өзен, өзен «Білім аралына» қалай баруға болады?

Өзен: -Сендер алдымен менің тапсырмамды орындаңдар.

1 тапсырма: 1 ден 5 ке дейінгі сандардың көшірмесін табу.

Үлкен пойыздын вагондары санмен бергіленген. Сол вагондарға санмен белгіленген карточкалы суреттерді орнына орналастыру.

2 тапсырма: 1 ден 5 ке дейін үш тілде санау.

3 тапсырма: санамақ айтып беріңдер.

Санамақ

Жібек: -Бір дегенің-бүркіт,

Қалады аңдап үркіп.

Аққайын: -Екі дегенім-есек,

Білмейді ол есеп.

Қадыржан: -Үш дегенім-үкі,

Ұстап жеді түлкі.

Нұрбек: -Төрт дегенім-тиін,

Есебі оның қиын.

Жанна: -Бес дегенім-бұлбұл,

Сайрағанда дүлдүл.

Сергіту сәті

Бір,екі.үш, бір,екі,үш,

Санайық.

Бір,екі,үш, бір,екі,үш,

Ойыннан сен шығасын


Раз,два, три, раз,два,три,

Ты выдий.

Раз,два,три, раз,два,три,

Ты виходи из игры.


One,two,three, one,two,three,

Ai kun ci.

One,two,three, one,two,three,

U hа ji.

Өзен: Менің тапсырмамды өте дұрыс орындадыңдар. Еңді сендер оңға қарай жүрсендер алдарынан қарға шығады, содан сұраңдар.

-Қане, балалар көзімізді жұмып алға қарай ұшайық.

-Қарға, қарға бізге «Білім аралына» баратын жолды көрсетіп жіберіңізші.

Қарға: - Сендер алдымен менің тапсырмамды орындаңдар.

1 тапсырма: Логикалық есеп шығару.

2 тапсырма: Сандардын көршісін табу.

3 тапсырма: Сандарды тура және кері санау.

Енді сендер солға қарай жүрсеңдер алдарынан алма ағашы шығады, содан сұрандар .

-Қане, балалар көзімізді жұмып солға қарай ұшайық.

-Алма ағашы, алма ағашы бізге «Білім аралына» баратын жолды көрсетіп жіберіңізші.

Алма ағашы: -Алдымен сендер менің тапсырмамды орындаңдар. Маған алма ағашына алманын суретін салып беріңдер.

(Балалар манкамен алманын суретін салады.)

-Рахмет балалар сендер өте әдемі алма суретін салдыңдар.

Енді сендер тура алдыға қарай жүрсеңдер алдарынан «Білім аралы» шығады.

-Қане, балалар көзімізді жұмып алға қарай ұшайық.

Білім ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: -Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Гудмонин!

Білім ханшайымы: - Мен сендерге ризамын, сендер жолдарында кездескен тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап келе жатсыңдар. Мен сендерді сырттарыннан бақылап жүрдім. Мен сендерге өзім дайындаған сыйлығымды ұсынамын. Сау болыңдар!

-Ал, балалар «Білім аралынада» жетіп сыйлығымызды алдық, енді балабақшамызға оралайық. Көзімізді жұмып кілемшеге отырып ұшайық.

ІІІ. Қорытынды:

-Балалар саяхат ұнады ма?

-Бүгін біз не үйрендік?

-Саяхатта бізге кімдер жолықты?

-Бізге сыйлықты кім берді?

- Жарайсыңдар, балалар, сендер тапсырмалардың бәрін өте дұрыс

орындадыңдар.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 көлемінде сандарды, бағдарлауды, геометриялық пішіндерді ажырата біледі.

Игереді: Әртүрлі тапсырмаларды тез ойланып, дер кезінде шешім қабылдауды.

Меңгереді: Бір-бірімен тату болуды, еңбекқор болуды, алма суретін салуды.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі