жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім бәйгесі биология- география пәні 7-8 сынып
«Білім бәйгесі»
Өтетін күні : 25.02.2019 ж.
Қатысатын сынып – 5 -7 сынып аралығында
Мақсаты: Білімділік- Биология, география, жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалана білуі.
Дамытушылық- Топпен жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: сыныптан тыс іс –шара
Әдіс – тәсілі: жарыс, ойын, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар
Сабақ барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі
Оқушыларды жарысқа дайындау
Әділ – қазылар алқасын сайлау
Сыныпты топқа бөлу
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адам, қалай ғана қатігездік жасайсың ?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
топтар: «Тайбурыл», «Құлагер», «Шалқұйрық»
Әр топтың ат бапкері болады.
Мұғалім сөзі:
Қазақ халқы жылқы малын ертеден аса қадірлеген. Жылқының арасынан жүйріктерін таңдап, оларды баптап, бәйге жарыстырға қатыстырған. Ең алдымен мына сұрақтарға жауап беріп алайық:
Қазақ халқының ұлттық ат ойындарының қандай түрлерін білесіңдер? ( Көкпар, Жорға, Бәйге, Теңге алу, аударыспақ, Қыз қуу)
- Ат ойындарының тәрбиелік мәні зор. Қазақ батырлары мен сал – серілерінің жапан – түзде мұңдасар серігі жылқы болған.
Бүгінгі біздің аламан бәйгемізде әр топ өзінің білімін көрсетеді деген сенімдеміз. Топ жарып шығар жеңімпазды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын сайлап алайық.
Оқу ісінің меңгерушісі: Раисова Р.Б.
Камзина Р.Ж.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – аламан бәйгені бастаймыз. Жарысымыз мына кезеңдерден тұрады:
«Тіркелу»
«Жорға жарыс»
«Аударыспақ» жарысы
«Теңге алу»
«Көкпар»
«Жабағы жарыс » немесе «Кім жылдам»
«Бапкерлер сайысы»
Бұл жарыста жылқы өзінің жұмсақ, жайлы жүрісімен көзге түседі. Жарыс кезінде де жорғасынан таймайды. Жарыс 2-3 шақырым қашықтықта өтеді.
Бұл жарыста әр топқа 6 сұрақтан қойылады.
1 топ: «Тайбурыл»
1. Биология нені зерттейді ?
(тірі ағзаларды )
2. Үйге кірдің ғажап жер,
Назарыңды сала көр.
Шыр үйіліп, үңіліп,
Іздегеніңді таба бер.( Глобус)
3. Киттің салмағы 250 000 кг, ол неше тонна? (250 т )
4. Қай құста мүлде ұя болмайды (Көкек )
5.Қорық дегеніміз не?(Сирек кездесетін аңдар мен жануарларды, құнды өсімдіктерді қорғап өсіретін арнаулы аймақ)
6.Тірі ағзаларға тән белгілер атаңдар(тыныс алу, қоректену, көбейеді, дамиды, қартаяды, өледі.)
2- топ: «Құлагер»
1. Балдырлар дегеніміз не? (Суда өсетін өсімдіктер)
2.Дүниежүзіндегі ең биік тау, шыңы ?(Гималай, Джомолунгма)
3.Күнге ең жақын ғаламшар? (Меркурий)
4.Қоректік тізбек дегеніміз не?( Қоректік тізбектің барлығы өсімдіктен басталады. Өсімдік-тізбектің бірінші бөлімі. Екінші бөлімі-өсімдіктермен қоректенетін жануарлар, үшінші бөлімі-жыртқыштар)
5.Үш түрлі күйде кездесетін зат (Су)
6.Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болсада өзі құрметті,
Тиіпті орын ең шеттен ( шартты белгі )
3- топ: «Шалқұйрық»
1. География ғылымының атасы? (Эратосфен)
2. Масштабтың неше түрі бар? (3 түрі)
3. Күннен ең алыс орналасқан планета? (Плутон)
4.Қой төлін қалай еркелетіп айтады? ( қоңырым )
5.Суды шашып бұрқақша, мұхиттарда жүреді? (Кит )
6.Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Өзі бірақ көрмейді. ( тұсбағдар)
3. «Аударыспақ» жарысы (слайд)
Бұл да ат үстіндегі ойынның бір түрі. Аударыспақта аттың үстінде жүріп екі адам білектесіп, күреседі. Күресте кім жықса сол жеңіске жетеді. (жаратылыстану, география, биология)
Оқушылар шартты белгілер бойынша жарысады..
4. «Теңге алу» (слайд)
Теңге алу да ат спортына жататын ұлттық ойындардың бір түрі. Бұл ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады. Бірақ, теңге жетқан келгенде баяулауға болмайды, шапқан бетінде, аттың үстінен жерде жатқан теңгені алу керек.
5. «Көкпар»
Ойынның шарты бойынша ортаға семіз марқаны қойып, бір ойыншы марқаны аттың қанжығасына өңгеріп шаба жөнеледі. Қалған ойыншылар жаңағы ойыншыныартынан атпен қуады. Қайсысы бұрын жетсе, сол ойыншы марқаға жармасып, екі ойыншы марқаға таласады. Бұл ойында ойыншылардың бірі додаға түскен марқаны жеңіп алады.
Енді көкпар жарысының сауалдарына жауап берейік.(слайд)
6. «Жабағы жарыс» немесе «Кім жылдам»
1. Қай кезде энергия көп болады-қол соққанда ма,әлде күн күркірегенде ме?
(Күннің күркіреуі, қол соққанға қарағанда қатты, сондықтан онда энергия көп болады.)
2. Әл –Фараби өмір сүрген жылдар? (870-950 жж).
3. Жұлдыз дегеніміз не. ( Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық денесі)
4. Жеке жұлдыздар тобын қалай атайды? (Галактика)
5. Күн мен Жердің орташа арақшықтығы ? (150 млн км)
6. Темірқазық жұлдызы әрдайым қай бағытты көрсетеді? (Солтүстік)
7. Жердің су қабығы қалай аталады? (гидросфера)
8.Жер шарындағы ең үлкен және ең терең мұхит ( Тынық мұхит)
9. 100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр)
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
6.«Бапкерлер сайысы »
1-топқа:
1. Телескопты ойлап шығарған кім? (Галилео Галилей)
2. Нептун қай жылы ғылымға белгілі болды? (1846 жылы)
3. Жердің ішкі құрылысы (Жер қыртысы, мантия, ядро)
4. Метаморфты жыныстар дегеніміз не? (Жер қойнауындағы шөгінді жыныстарға жоғары температура мен қысымның әрекет етуінен болады)
5. Рельеф дегеніміз не? (Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы)
6. Төрт мұхиттың суларымен жанасып жатқан жалғыз материк (Евразия)
7. Арасан дегеніміз не? (Емдік сулардың шығып жатқан жері)
8. Мексика, Гудзон шығанақ па әлде бұғаз ба? (Шығанақ)
9. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су? (Өзен)
10. Тынық мұхитының ең терең жері қалай аталады және қанша м? (Мариан шұңғымасы, 11022 м)
2-топқа:
Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? (3, бақылау, өлшеу, тәжірибе)
Жұлдыз дегеніміз не? (Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспан денесі)
Фобос және Деймос қай ғаламшардың серігі? (Марс)
Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
Масштабты көрсетудің неше түрі бар? ( 3, сандық, сызықтық, атаулы)
Дүние жүзінде неше материк бар? (6)
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен(Ніл)
Тау жыныстарының неше түрі бар? Оларды ата:(Магмалық, шөгінді, метаморфты)
Аралдардың шығу тегіне қарай топтасып орналасқан жері? (Архипелаг)
Тынық мұхиты атауы қалай пайда болған? ( Ф. Магеллан осы мұхитпен жүзіп өткенде мұхитта ешқандай дауылда, толқында болмаған, сол себепті солай аталған)
3-топқа:
Велосипед, танк, парашюттың, ұшақтың, тікұшықтың, сүңгуір қайықтың жобаларын сызған кім? ( Леонардо да Винчи)
Галактикалық жыл дегеніміз не? (Күнде басқа жұлдыздар сияқты Галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 млн жылда айналып өтеді. Бұл уақытты галактикалық жыл деп атаймыз)
Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы қалай аталады? (Орбита)
Экватордың ұзындығы (40 мың км)
Мантия латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жамылғы)
Пайдалы қазбалардың топтасып жиналған жері? (Кен орны)
Үнді мұхитының ең терең жері? (Зонд. 7209 м)
Табиғи жолмен пайда болып жер бетінің ойыстарына жиналған су? (Көл)
Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен? (Амазонка)
Өзеннің сағасы дегеніміз не? ( Өзеннің белгілі бір жерге барып құятын жері)
Қосымша сұрақтар.
Алғаш қырғыз «Манасын » жазып алған,
Қашқарияға өзгеден бұрын барған.
Кім еді орыстың география қоғамына,
Қазақтан тұңғыш рет мүше болған ?
(Шоқан Уалиханов)
2. Әлемді алғаш айналып,
Жерді шар деп жар салып.
Кім еді тұңғыш жиһанкез
Ойын айтқан аңғарып ? ( Фернан Магеллан )
6.«Бәйге төбе»
Әділ қазылар алқасының шешіміммен жеңімпаз топ анықталады.
Бағалау парағы
Топтар |
Тіркелу |
Жорға жарыс |
Аударыспақ |
Теңге алу |
Көкпар |
Жабағы жарыс |
Бапкерлер сайысы |
Қоры тынды |
Тайбурыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
Құлагер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шалқұйрық |
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
Топтар |
Тіркелу |
Жорға жарыс |
Аударыспақ |
Теңге алу |
Көкпар |
Жабағы жарыс |
Бапкерлер сайысы |
Қоры тынды |
Тайбурыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
Құлагер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шалқұйрық |
|
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген