Материалдар / «Білім беру жағдайын жаңғырту жағдайында оқытудың инновациалық технологиялыарын тиімді қолдану» баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Білім беру жағдайын жаңғырту жағдайында оқытудың инновациалық технологиялыарын тиімді қолдану» баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша инновациалық технологиялыарын тиімді қолдану жолдары туралы теорияжәне практикамен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
481
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еңбекту орта мектебі

















БаяндамаТақырыбы: «Білім беру жағдайын жаңғырту жағдайында оқытудың инновациалық технологиялыарын тиімді қолдану»











Картбаева Н.А.Математика пәнінің мүғалімі































2017-2018 оқу жылы Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы деп білемін. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Қазір білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.Ұрпаққа қоғам талабына сай  тәрбие мен білім  беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді  даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің  бірі және тұлғасын қалыптастыру  үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады.       2015 жылдың 23 тамызы мен 30 қарашасы аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасы бойынша  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ұйымдастыруымен  Ақтөбе қаласында түрлі пән мұғалімдері деңгейлік курсынан өтіп, білімдерін жетілдірді. Бұл деңгейлік курсы – мұғалімдердің Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауға үлес қосуына мүмкіндік береді. Курста мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Сол курстан үйренгенімді бүгін сіздермен теориялық және практикалық жұмыстарыммен бөліспекпін. Білім беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  педагогикалық үдерісті ұйымдастыру модульдерінің бірі білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Әр оқушы оқудың маңыздылығы мен мағынасын түсініп өз бетінше жұмыс жасауға көмектесу. Метасанасы жақсы амыған оқушы оқу үшін нестеу керектігін, оқудың өзі үшін қажеттігін және оқуды қалай оқи алатынын түсінеді. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға:- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.Мысалы: 11-оқушыларын ҰБТ-ке дайындық барысында оқушылардың өзіндік метасанасы мықты санасы болу маңызды себебі, оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін жетілдіріп және ескі білімдерін жаңартып отырды өздіктерінен түсіне білу керек. Сондықтан сабақ барысында тосыннан өткен тақырыптар бойынша байланыстыра шолу жасап отыру керек.Алгебра пәнінен топқа бөлу кезінде «Сандарды топтастыру» әдісі кеңінен қолданамын. Оқушылар сандарды түрлі пікірде топтастырады. Сол жаңаша пікірі бар оқушыларды тыңдау әр сабақ сайын қызықты болады. Геометрия пәнінен «Жазу машинкасы» арқылы «Пирамида» тақырыпты қайталап және сол сөзді шығару арқылы топқа бөлуге болады. 2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасы бойынша ол:- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:- білім алушының белсенділігін арттыру;- пәнге қызығушылығын ояту;- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;- зерттеуге икемділігін дамыту;- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды. Оқушылардың әрбір ойлаулары сыни ойлауларын білдіреді. Мұғалім сол оқушылардың ойлау қабілеттерін қадағалап, қорытынды жасап отыру керек.



3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:Бақылау;Алынған мәліметтердің интерпретациясы;Бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.Кері байланыстар арқылы оқушылардың нақты білімдері туралы ақпарат аласың. Мен сабақтарымда «Есте қалған 4 нәрсе», «Білім ағашы», «Суретті жауап» т.б. әдістерді жиі қолданамын.Геометрия пәнінен кеңістіктегі фигуралардың қималарын, симметрия осьтерін табуда пластилин арқылы жұмыс жасау табысты қолданылды. Сол арқылы оқушыларды нақты түсінік қалыптасып, абстрактілі ойлау дами түсті. 4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында.Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор. (Электронды оқулық және геогебра бойынша жұмыстар жүргізіледі)











































































ҚОРЫТЫНДЫОқытушының көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір оқытушы жадында сақтауы тиісҚазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отырса, сонда қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады деп сенемін.







Әдебиеттер.
  • Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика., Астана-1998.
  • Жұмабаев М. Педагогика. А.1992 ж.
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, Астана, "Дастан " баспа үйі 2000жыл,336 бет.
  • Тәжібаева Т.С. XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісінің педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
  • З.Ә.Әбілова. Этнопедагогика. А.1997ж.
  • Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары. А.1978


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!