400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуметін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ373.1.02:519.71:002

Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін тиімді пайдалану


Смагулова Л.А.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ

jgu_laura@mail.ru


Қыстаубаева М.С.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, магистрант Талдықорған қ

k_miki87@mail.ru


Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуметін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіші болып табылады. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі[1].

Қазіргі кездегі оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс-тәжірибеде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс-тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де, студенттерге де қолайлы.

Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновациядамып келеді.

Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерді
инновация - әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі [2].

Қазіргі уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда ақпараттық- технологияны қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:

– ақпараттық технологияны оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті арттыру, әртүрлі нысан мен үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;

– оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;

– әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен программалық әдістемелік кешендерін жасақтау;

– ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;

– білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;

– білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кәсіби қолдануға баулу (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);

– психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Ақпараттық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық жүйеге біріктірілген әдістер, өндірістік үдерістер және программалық техникалық құралдар жиынтығы ретінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісін оңтайландыратын және оның сенімділігі мен жылдамдығын арттырады.

Ақпараттық технология құралдары білім беру үдерісінде қолдану – өзінің тәсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан, олар арқылы орындалатын оқу әрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, дәстүрлі оқыту кезінде оқушыға қалыптастыруға келмейтін арнайы іскерліктерді қалыптастырады [3].

Оқытудыңақпараттық-коммуникативтікжәнеинтерактивтіктехнологияларыбағыттары:

а) электронды оқулықтар; 

ә) телекоммуникациялық технологиялар; 

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; 

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. 

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 

• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу; 

• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 

• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). 

• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. 

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. 

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. 

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 

Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. 

Қашықтан оқыту жүйесі - бұл оқытушы мен оқушы бірге бола  алмаған жағдайда белгілі бір ара  қашықтықта  оқыту тәсілдері. Тарихи   тұрғыдан алып  қарасақ  қашықтан оқыту  бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл – байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио. Бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары.Күндізгі және сырттай  оқу  формалары  сияқты  қашықтан  оқыту да білім беру процесінде оқытудыңкомпьютерлік және телекоммуника-циялық технологияларын негізделген ең озық  дәстүрлі  және  инновациялық әдістері, формалары мен  құралдары қолданылатын  білім алудың бір  формасы болып  табылады.

Қашықтан білім беру  - қашықтан  оқытумен  тығыз  байланысты. Қазіргі  күнгі   ғылымда  қашықтан білім беру  - бұл білімді қолма – қол  беру процесі (ол үшін оқу  орталығы мен оқытушы  жауапты), ал, қашықтан оқыту – бұл білімді  қабылдау  процесі (бұған оқушы  жауапты) деген  ұғым қалыптасқан. Қашықтан білім беру -  жаңа ақпараттық  технологиялар мен мультимедиа  жүйелері  негізінде күндізгі, сырттай  және кешкі  оқыту жүйелерінің  элементтерін  біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы  телекоммуникациялық және электрондық басылымдар  құралдары дәстүрлі оқыту  формаларының  жағымды жақтарын  сақтай  отырып, олардың  жетіспейтін жерлерін  толықтыруға  мүмкіндік  береді.

Мультимедиалық технологиялар ақпаратты ұсынудың шекарасын біршама кеңейтуге, әртүрлі ақпараттық өнімдер құруға мүмкіндік береді. Материалды баяндаудың бір формасы – слайд-лекциялар болып табылады.

Слайд-лекция кестелер, схемалар, диаграммалар, графиктер, суреттер, бейне-слайдтар және т.б. түріндегі көрнекі, эффектілі бейнелерді пайдаланып мазмұндалатын ақпараттың маңызды бөліктеріне назар аударуға мүмкіндік беретін материалды баяндау формасы [4].

Слайд-лекциялардың мақсаты ақпаратты аудиовизуалды құралдар арқылы білімді меңгеруді жеделдетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Слайд-лекцияның негізін мәтіндік материал, сонымен қатар иллюстрациялар мен дыбыстық безендендірулер құрайды.

Слайд-лекцияларды даярлаудың логикалық схемасының негізгі элементтері:

— лекцияның жоспары;

— оның негізінде лекцияның мәтіні құрастырылады;

— слайдтар дайындалады;

— лекция мәтінінде оның әрқайсысын демонстрациялауға арналған орын бөлінеді.

Енді электронды оқыту процесінде цифрлы оқу контенттерін Интернет арқылы көпшілікке тарататын әдістерді қарастырайық.

Подкастинг ағылшынныңpodcasting деген сөзінен шыққан, ал ол болса iPod және ағылшынның broadcasting деген сөздерінен құралған, бұл дыбыс және бейнефайлдарды жасау және Интернет арқылы радио- және телехабарлау стилінде тарату процесі. Сонымен, подкаст –арнайы дыбыс және бейнефайлдарға сілтемелері бар подкаст-сервистері арқылы таратылатын файл. Бүгінде подкастинг түсінігі тек қана портотивті қондырғылар емес басқа да қондырғылар иелерінің арасында көп тарап кетті, подкастингтің дамуы бейнефайлдарды таратуға да мүмкіншілік берді.

Подкастардың аудио-подкаст, скринкаст деген түрлері бар. Аудио-подкаст әртүрлі материалдардың аудио жазылуы. Бұл дәрістерден бастап белгілі бір тақырыпқа бағытталған көпшілікті қызықтыратын ой-толғаныс болуы мүмкін. Ал скринкаст деген компьютердің экранында шығарылатын ақпаратты бейнеге жазу немесе video screen capture сөзбе сөз аударғанда «экранды бейнеге басып алу» дегенді білдіреді [5].

Скринкаст подкастингтің жаңа бағыты. Оның негізгі қолданылуы Интернет арқылы оқыту. Бұл компьютер экранында болып жатқандарды және оны автор өз даусымен түсініктемелейтін бейне жазылу. Скринкастар арнайы экраннан жазатын бағдарламалар арқылы түсіріліеді.

Оқу контенттерін Интернет арқылы көпшілікке тарататын әдістің тағы бірі түрі – вебинарлар.

Соңғы уақытта білім беру жүйесінде, оқыту компанияларында вебинарларды, яғни онлайн-оқытуды белсенді пайдалануда. Вебинарлар Интернет арқылы ұйымдастырылатын виртуалды семинар. Веб-конференциялар кезінде әрбір қатысушы өз компьютерінде отырады, ал олардың арасындағы байланыс әрбір қатысушының компьютерінде орнатылған жүктелетін қосымша құралдары арқылы орнатылады.

Вебинарлар бірлескен болуы мүмкін және аудитория мен жүргізуші арасында толық өзарақатынастықты қамтамасыз ететін дауыс беру сеанстары мен сұрақ қоюдан тұруы мүмін. Қазіргі уақытта вебинар қашықтан оқыту жүйелерінде қолданыс табуда.

Білім берудің инновациялық, нанотехнологиялық жүйелері адамның жаңа типін қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі қоғам ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қатар бұрын белгісіз болған көптеген психологиялық, гуманитарлық проблемалармен де ұшырасып отыр.

Студенттердің арасында оқу әрекетінің мотивациясын арттыру – қазіргі білім берудің негізгі проблемаларының бірі.

Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды жүзеге асыруда оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық технология құралдарының алатын орны ерекше.



















































ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: Юрист, 2008. - 240 б. Сайт: www.edu.gov.kz

  2. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”. // № 3. 2011 ж. 4-5 б.

  3. Бидайбеков Е.Ы. Білім берудің әртүрлі деңгейлерінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану әдістері. Білім саласындағы инновациялық ақпараттық педагогикалық технологиялар жаңашыл педагогтардың 3-ші форумы. - Шымкент, 2012. - Б. 204-208.

  4. Информатика әдістемелікқұрал Авторы: Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, Н.Н.Шпигарь

  5. Евгений Мятин. Подкастинг – синтезинтернети радио // iXBT, 2006

Т.А.Ә. Смагулова Л.А., Қыстаубаева М.С.

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі п.ғ.к, доцент, магистрант

Жұмысорны: _________________________________________

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі,58

Телефоны,факс, 8 702 592 75 80

E-maіl: k_miki87@mail.ru

Баяндама тақырыбы Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа формалары

мен әдістерін тиімді пайдалану

Секциясы: Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық

технологиялар

Автордыңконференцияға келу

мүмкіндігі (бар/жоқ) ___________________________________________

Қонақ үйдің

қажеттілігі(...нен…дейін) ___________________________________________



сканер.jpeg






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі