Білім беру жүйесіндегі
менеджмент
Қазіргі білім
берудің жаңашыл бағытының
өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол,
өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі,
бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бұған жету
үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық
менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын
дамыту болып табылады. Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың
ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде
өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык
менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалык
менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға
болады.
1. Адамды сыйлау және оған
сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде
қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті
немесе басқарудан қарым-катынасқа
көшу.
4. Үздіксіз кәсіптік білімін
көтеру. Мұғалімге ықпал жасау
кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау
қағидасы.
Бұл қағидалар педагогикалык
менеджментте бірқатар накты міндеттер қояды. Олар мына
төмендегілер:
-
адамның жеке басының беделін
құрметтеу, адамның құқы мен мумкіндіктерін
мойындау;
-
адамға сену, оның өзін-өзі
тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай
жасау;
-
өзара құрмет негізінде сенім
ауанын қалыптастыру;
-
бастамашылдықты, шығармашылық
бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді
қалыптастыру;
-
жетістікті, мектептің ісіне
әркімнің қосқан жеке үлесін
мадақтау.
-
адамға құрмет және сенім -
басқарудағы ізгілікгің ең жоғары
көрінісі.
адамдарға тұлға ретінде қарау
кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек,
педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп
емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен,
мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп
карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана
окушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны
баланың бойындағы барлык нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы,
қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы,
т.б.
Педагогикалық менеджменттің
ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде
мынандай қағидалар
туындайды:
-
мұғалімге жауапкершілік
артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің
қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын
жасау;
-
мұғалімнің жеке қасиеттерін
білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті
қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен
жауапкершіліктерін бағалау;
-
мектеп басшысы мен
педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы -
адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа
лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару,
талдау,сараптау, сонан соң шешім
қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің
қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді біріктіре,
жұмылдыра білу. Барлык қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби
қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін
мұғалімдердіц кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция,
педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдык ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
жетілдіру кажеттілігін талап етеді. Д.Карнегидің басқара білудің
(әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі
назарда ұстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын
ерекшелігін ыкыласпен мойындаңыз және мақтаудан
бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде
көрсетіңіз. Тура сынау пайда
келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы
айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны
сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық
беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін
қорғауға мүмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң
болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау және
сақтау үшін мүмкіндік
туғызыңыз.
8.Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай
түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт
туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам
қызығушылықпен орындайтын күйге қол
жеткізіңіз.
10.Адамның өз бейнесін
сақтауға мүмкіндік беріңіз. Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі
қарауындағы адамға сыйластыкпен қарауға үйретеді. Менеджменттік
басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен карау негізі
қаланған.
Менеджменттің басты мақсаты —
жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш.
Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы
нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың
педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген
деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет —
әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық,
зерттеушілік мәдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы
мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін және өзін дамыту
үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып
табылады.
Қорыта айтқанда Жаңа
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-
білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу
материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік
беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру
программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер
қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал
мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы
үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының
алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету
керек.