Материалдар / Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады: - нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі); - психологиялық кабинеттер мен бөлімдер; - психологиялқ қызмет орталығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2022
845
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелері

Бакирова А.А.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология пәнінің оқытушысы

Көптеген БҰҰ елдерінде психологиялық қызмет адам денсаулығын сақтауға, кәсіби жолмен тұлға дамуына, әсер ететін іс-әрекет ретінде танымал. Ал АҚШ-та психологиялық қызмет өз жұмысын 1800-ші жылы бастады. Мектеп психологиясы АҚШ-та заңмен бекітілген, білім беру департаменті мектеп психологтарына куәлік беруді қадағалайды. АҚШ-тағы алғашқы психолог-практиктер өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттеген экспериментальды психологтар. Бірақ көп ұзамай мектеп психологтарының негізгі функциясындағы бастапқы міндет арнайы бағдарламалар бойынша балаларды оқытуға дайындау. АҚШ мектептердегі тестілеудің кең практикасы орын алды, өлшем және тестілеу функциясы ертеден қолданылды. Мектеп психологының негізгі күші - өлшемді стандартталған тесттер арқылы қолдану дәстүрге айналған мектеп психологиясы эволюциясы және мектеп психологының қызметіндегі теориялық және практикалық елеулі жетістіктер соңғы 35-40 жылдары дамығанын атап өту керек. 60 жылдары мектеп психологтарының кәсіптік ұйымы құрылды. 80 жылдары АҚШ-та мектеп психологтарының ұлттық асоциациясы құрылды (NAZP). Психологиялық қызметтің бірнеше функцияланған деңгейін ерекше көрсетуге болады.

Оқушылар арнайы оқуды таңдау үшін тесттер өңдейді. Бұл жұмыс белгілі бір деңгейдегі білім мен тәрбие көрсеткіштеріне бағытталған. Психологиялық мәселелер бойынша кеңес, оқушылардың қажетсінуі бойынша тікелей психологиялық көмек қарастырылады.

Психологиялық қызмет екінші деңгейліктен бастап жүзеге асырылады. Көптеген мамандар қазіргі кезде өлшем мен тестілерді психологиялық қызметтердің тек бір компоненті ретінде қарастырады.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет - тұтас білім беру жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі. Психологиялық қызметтің тууы ғылым мен практиканы өзара әрекетімен шарттасқан психологиялық қызмет бала туралы тұтас ғылым мен осы дамуды қазіргі білім беру мекемелері жағдайында жүзеге асыру практикасын өзінің бойында біріктіретін қызмет.

Білім берудегі практиканың мектеп жасындағы балалардың ғылыми білімге деген қажеттілігімен, ғылымның осы қажеттіліктерді қанағаттандыру және тереңдетуге дайындығының бірлігі әр баланың психикалық және жеке басын дамыту міндетін шынайы шешудің негізгі шарты деп қарастырады.

Психологиялық қызмет төрт құрамдас бөліктен тұрады: ғылыми; қолданбалы; практикалық; ұйымдастырушылық.

Бұл аспектілердің әрқайсысы орындаушыдан арнайы кәсіби даярлықты талап ететін мінденттерді шешуден тұрады.

Ғылыми аспект - әдіснама және практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді жүргізуді көздейді. Мұндағы міндеттің бірі: психодиагностикалық, психокорекциялық, психопрофилактикалық немесе психологиялық алдын алу және дамытушы бағдарламаға психологиялық білімді қазіргі білім берудің нақты жағдайында кәсіптік қолдануға ғылыми негіз беру және оларды жасау болып табылады. Демек, білім берудің тәжірибелік психологиясы туралы теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді білдіреді. Білім берудің тәжірибелік психологиясы психикалық дамудың жас ерекшеліктің заңдылықтарының индивидуалды түрде көрінуін, оқушы жасындағы балалардың психологиялық, денсаулығының негізі болатын жеке адамдық және индивидуалдық даму шарттарын қарастырады. Бұл жерде міндет ретінде, психодиагностикалық және дамытушылық бағдарламалардың операционалдық түрде құрылуы мен ғылыми түрде негізделуі, сонымен қатар психологиялық білімдерді, қазіргі білім беру жүйесінің нақтылы жағдайларында, құралдарды, тәсілдерді, әдістерді кәсіби түрде қолдануды айтуға болады. Бұл зерттеу жұмыстарының академиялықтан айырмашылығы, онда тек қандай да бір психологиялық механизмдер мен заңдылықтарды анықтап қана қоймай, нақты бір баланың жеке адам болып қалыптасу жүйесіндегі механизмдермен заңдылықтардың дамуының психологиялық шарттарын көрсетеді.

Қолданбалы аспект – білім беру қызметкерінің психологиялық білімді қолдануын көздейді, білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді қолдануын білдіреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: тәрбиешілер, педагогтар, әдіскерлер. Олар өздері дербес немесе психологпен біріге отырып, жаңа психологиялық мәліметтерді оқу бағдарламасын, жоспарын, оқулықтарын, дидактикалық және әдістемелік материалдарды жасауды, оқу және тәрбие бағдарламасын құруда қолданылады.

Практикалық аспект - мұны балабақша, мектеп, білім беру мекемелерінің психологтары қамтамасыз етеді. Олардың міндеті: балалармен, топпен, сыныппен жұмыс, белгілі бір нақты міндетті шешуде тәрбиешімен, ата-анамен, мұғаліммен жұмыс жүргізу. Білім беру орындарының, оның ішінде бала-бақша, мектеп және басқа да білім беру жүйесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін балалар тобымен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыстар жүргізу. Олардың міндеті жаңа әдістер құру емес, керісінше, ғылыми түрде бекітілген әдістер мен тәсілдерді кәсіби түрде дұрыс қолданып өңдей білу.

Ұйымдастыру аспектісі - бұл білім берудегі психологиялық қызметтің құрылымын жасау. Практикалық психологтардың білімін жетілдіру және олардың кәсіби әрекетін қадағалау. Бұл бөліктер иерархиялық байланыста бола отырып мынадай топтардан тұруы мүмкін: тәжірибелік психологтар, психологиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік бөлімі (орталықтар, кабинеттер), республикалық немесе федералдық білім беру министрлігіндегі психологиялық қызмет бөлімдері. Тек түбегейлі түрде ұйымдастырылған бөлім қызметкерлері ғана білім беру жүйесіне білікті психологиялық қызмет көрсете алады. Балаларға, ата-аналарға, мұғалімдер мен білім беру орындарына нақтылы түрде көмек көрсете біледі.

Психологиялық қызмет - оқу-тәрбие процесі мен әлеуметтік жағдайының дамуын ғылыми психологиялық тұрғысынан қамтамасыз ету, яғни даралық даму мен тәрбиені қазіргі психологиялық–педагогикалық теориялар негізінде осы процесті құру және өткізу, ұйымдастыру, сондай-ақ барлық білім беру процесіндегі оқушылардың салауаттылығын сақтау үшін психологиялық жағдайды қаматамасыз етуі тиіс.

Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарына теңестірілген маман болып табылады. Қызмет саласы бала-бақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету ұйымдары, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.

Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін) қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.

Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс істеу бөлмесі болып, әрбір кабинетте қолдану үшін таспа – бейне, әр түрлі техника аппараттары мен ыңғайлы жиһаз болуы тиіс.

Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәйкес төленеді.

Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.

Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.

Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады:

- нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі);

- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер;

- психологиялқ қызмет орталығы.

Практикалық психолог нақты оқыту мекемелерінде жұмыс істейді. Мұнда психолог оқыту кезеңі барысында балалардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әр баланың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Баланың сабаққа үлгермеуін оның себептерін, тәртіптілігіндегі бұзылыстарды анықтап, түзетіп алдын алады. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді білім беру мекемелерінің әкімшілік қызметкерлерін, ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландырады, психологиялық білімін көтереді.

Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастырады, қадағалайды, сондай-ақ әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді, психологиялық, педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық – педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен қатар жеткіншектермен жұмыс жасау комиссиясына да араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде, басқа да кәсіби мәселелер жөнінде кеңестер береді.

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;

Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады: - психодиагностика

- психокорреция

- психологиялық кеңес беру

- психологиялық ағарту

Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.

Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:

біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;

екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.

Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:

1) ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта – оқушының қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.

2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.

3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке –дара қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», - деп жазды Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.

4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы, яғни психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке –дара қарастырылмайды.

Д.Б.Әлькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте мұқият жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция мектепте анықтау – түзету жұмыстары болып беріледі.

Мектеп психологы анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.

Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.

Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.

Психодиагностиканың кәсіби –әтикалық аспектілері

Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –әтикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың әтикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.

Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша әксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.

Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.

Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме қорытындысы болуы керек.

Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.

Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті білу.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.

2. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.

3. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.

4. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М, 1989.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!