400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сынып жетекшісінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ретінде беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру жағдайында

сынып жетекшісінің рөлі



Білім алушылардың күтілетін тәрбие ,оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. 2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізуге әбден болады. Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме адамның іс-әрекетке дайындығын, өмірге қажетті құзыреттіліктерді алу жолымен социумда қызмет етуін анықтайды. Білім берудің нәтижесін ұсынатын деңгейдің бірі функционалдық сауаттылық болып табылады. Функционалдық сауаттылықты дамытуға жалпы бағыттылық Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған, ондағы мақсаттың бірі жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады. Әрбір жаңа тәрбиелік іс - шара тәрбие жұмысын дамытудың және оны үнемі жаңартудың жаңа айналымының элементтерінен тұрады

Осылайша, құзыреттілікке негізделген тәсілдемеге сәйкес оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады





Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына, жан-жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының

дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын

жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерийлері бекітілген.

Нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:

• Оқушы білім алудың қай сатысында

• Сабақ оқуда олар неге талпынады

• Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу қажет

Ата-аналардың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетелейтінін есте сатай отырып, мектеппен тығыз байланыста болуын жүйелі жолға қою әрбір сынып жетекшінің жоспарлы жұмысының басты бөлігі болуы керек, Білім алушылар мен ата-аналар, ұстаздар қауымының жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде бірлескен мақсатты ортақ жұмысын ұйымдастыру сынып жетекшілерінің тікелей рөліне негізделеді.

АТА-АНАҒА НЕНІ ІСТЕГЕН МАҢЫЗДЫ

• Оқу барысында балаңызға қажетті қолдау көрсету және көмектесу.

• Балаңыздың оқу нәтижелерін қадағалау.

• Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және

балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау.

• Мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары, тренингтер, бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі