БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҒДАҒЫ «КВЕСТ» ОЙЫНЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҒДАҒЫ «КВЕСТ» ОЙЫНЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық

колледжінің арнайы пән оқытушы

Дутбаева Дария Барисовна

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҒДАҒЫ «КВЕСТ» ОЙЫНЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың 2 ші қыркүйектегі Қазақстан халқына алғашқы жолдауында  Білім беру сапасын жақсарту керектігін атап өтті. Біз білім алушылардың  қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет делінген. Атап айтсақ оларға еліміздегі жұмыссыздықты жою, әрбір отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, адамдарға сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын арттыру сияқты әлеуметтік салаларды дамыту жатады. Елбасы индустриялы-инновациялық даму аясында білім мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінетіні көрсетілген. Мысалы, ғылыми–зерттеу жұмыстарын инновациялық гранттар арқылы қаржыландыруға бюджеттік шығындардың арттырылатыны көзделуде.

Бүгінгі таңда білім, ғылым, инновация қоғамның барлық салаларына кеңінен енген. Оның нәтижесі де жоқ емес. Еліміздегі индустриялы - инновациялық жобалар бойынша ашылған шаруашылық субъектерде инновациялар кеңінен қолданылуда. Ұлы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі» деген әйгілі сөзін еске алсақ, еліміз еңсе көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық.

Қазіргі заманғы нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.

Осы бағытта мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде. Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың – ғылым ғасыры деген сипатын дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді дамыту көзделген. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

Елбасымыз Қасымжомарт Тоқаев “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті. Осы бағытта оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі инновациялық технологияларын жетілдіріп, оны арнайы пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату мақсатында бір қатар бағыт-бағдарлар берілуде.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді және технологияларды тиімді қолдана білуі қажет.

Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, деген ұғым) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады.

Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық іс—әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады.

Білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері ретінде «КВЕСТ» зияткерлік ойынының элементтерін практикалық сабақтарда қолдануды, әрі толыққанды командалық ойын ретінде өткізуді ұсынамын. Квест (ағылш. quest), немесе шытырман ойын (ағылш . adventure game) - ойыншының басты кейіпкері бар интерактивті тарихты білдіретін компьютерлік ойындардың негізгі жанрларының бірі. Квест жанрындағы ойынның маңызды элементтері шын мәнінде әңгіме және әлемді зерттеу болып табылады, ал ойын процесінде негізгі рөл ойыншының ақыл-ой күшін талап ететін бас қатырғыштар мен міндеттерді шешу ойнайды.

Квест ойыны арқылы білім алушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге, бәсекелестік қабілетін,оқу қабілеттерін дамытуға, білім-білік, таным ерекшеліктерін, білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, әрі пән бойынша білім-білік дағдысын қалыптастырады. Білім алушылардың өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әркеттерін ұйымдастырады, жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттырады, сөздік қорын дамытады, сөйлеу мәдениетіне төселдіреді.

Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті, шынайы бетпердесін көрсетеді. Өзімшілдік пен бірлесе әрекет ету ойыншылардың психологиясынан хабар береді. Ойнай отырып, ойлау. Оны сырттай бақылау мектептегі психолог мамандар үшін тиімді әдіс. Квест ойынын барлық пәнге қолдануға болады. Сондықтан да біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс. Сенім артып отырған осы жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы – көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналады.

Жас ұрпақ жаңа идеяларды ашық, жаһандық тұрғыда пайымдап, болашақтың категорияларымен ойлайды. Пайымдай келгенде, болашақта елді дамытудың басты жолы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру екендігіне сенімдіміз. Жас ұрпақ жаңа идеяларды ашық, жаһандық тұрғыда пайымдап, болашақтың категорияларымен ойлайды. Пайымдай келгенде, болашақта елді дамытудың басты жолы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру екендігіне сенімдіміз.

Интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда үш базалық аспекті бойынша нақты әрі жүйелі түрде алға жылжу бар. Білім, мәдениет және инновация салаларын дамытудың жаңа жолдары әзірленді. Бұл адам капиталын дамытуға жағдай жасайды.

Өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау керек. Неміс философы Зиммелдің айтуынша, «білімді адам-білмейтін нәрсесін қайдан тауып алуды білетін адам». Мен білім алушыларды жан-жақты дамытуға шақырамын.

Қолданылған әдебиеттер

1.ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы»

2.Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы

3.Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы 02.09.2019ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі