400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы: Денсаулық . Тақырыбы: Сезім мүшелері Бөлім: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмек дайын технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық . Тақырыбы: Сезім мүшелері

Бөлім: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Мақсаты: «Тамақтану»түсінігінің маңызын ашу.Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету.Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.Сурет бойынша

әңгіме құрастыру сөздік қорын дамыту.Дастарқан басында өзін -өзі ұстай білуге

тәрбиелеу.

Көрнекі құрал: Ас үстінде отырған адамдар суреті

Сөздікпен жұмыс:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушы кезең


Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздер

Екі көз не үшін керек? 
Бір жақсылық көру үшін. 
Екі құлақ не үшін керек? 
Ақыл кеңес тыңдау үшін керек 
Екі қолың не үшін керек? 
Елге көмек беру үшін керек 
Екі аяқ не үшін керек? 
Шетте жүрсең 
Туған жерге жету үшін. 

Балалар шеңбер болып амандасу.




Ұйымдастыру

шылық

ізденушілі кезең



























- Мынау – көз. 
- Көз не үшін керек? 
- Көз – көру мүшесі. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек. Адам затты көзбен көріп заттың түрін - түсін, көлемін, пішінін, неден жасалғанын ажырата алады. Мысалы, допты алайық. 
-Доптың түсі қандай? 
-Балалар, біз допты көзбен көріп, түсін ажыратып тұрмыз. 
Көзге алғашқы жәрдем. Егер көзге бөгде зат түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу керек. Көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу керек. Қолмен уқалауға, сүртуге болмайды. Тек таза, жұмсақ шүберекпен сүрту керек. 


Мынау – құлақ. 
- Құлақпен нелерді естиміз? 
- Қоршаған орта сан алуан дыбыстарға толы. Сендер дыбыстарды есту арқылы ажырата аласыңдар. 
-Құлақ арқылы нені білесің? 

-Көрмей-ақ, дыбысы, даусы арқылы жануарларды ажыратып, анықтауға бола ма? 

Мынау - мұрын. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту). 

Мынау - тіл. 
-Тіл туралы не білеміз? 
Тіл – дәм сезу мүшесі. 
-Алманың дәмін қалай білесің? 
-Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді. Оларды мезгілімен тазалап тұру керек. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек. 


Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшелері арқылы беріледі. 
Олар: көз – көру мүшесі, құлақ – есту мүшесі, тіл – дәм сезу мүшесі, мұрын – иіс сезу мүшесі, тері – ыстық пен суықты сезу мүшесі. Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып білеміз. 

Жұмбақ жасыру.  
Екі ағайынды, 
Екеуі де бір үйде, 
Бірін - бірі көрмейді. 

Бір таудың екі жағынан 
Екі қалқан жабысқан. 
Жақын барсаң маңына, 
Сезе қояр дыбыстан. 

Көреді бәрін өзгенің, 
Көре алмайды өздерін. 

Екі шырақтың ортасында бір өзім. 

Күмбір - күмбір қарағым, 
Қартайғанша жарадың. 

Денесі жұмсақ сүйрік. 
Бунақты көсеу, 
Тармағы бесеу. 


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел өседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп – үлкен боп өседі

Ойын – тәжірбие

«Дәміне қарай ажырат»

Мақсаты: Тамақтың дәмін дәміне қарай ажырату.Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін айту.

Тіл – сезім мүшелерінің бірі.Ол әр түрлі қызмет атқарады.тыныс алу,тамақ ішкенде тамақты қозғауға,сілекейлеуге,суытуға,жұтуға,өлең айтуға,сөйлеуге,күлуге көмектеседі.Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажырата аламыз.

Тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды.Бұл денсаулыққа өте зиянды

Балаларға сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды.






Көз туралы түсінік беру






Құлақ туралы түсінкі беру





Мұрын туралы түсінік беру








Тіл туралы түсінік беру













Жұмбақ шешу







Сергіту сәтін қимылмен орындау

















Ойын «Дәміне қарай ажырат»








Рефлексивті – түзетуші кезең

Қорытындылау.

- Балалар бүгін біз не туралы айттық? 
-Қандай сезім мүшелерін білесіңдер? 
-Көз не үшін керек? 
-Құлақ не үшін керек? 
-Мұрын не үшін керек? 
-Тіл не үшін керек? 
Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Келесі сабаққа да осылай белсене қатысыңдар. 


Мадақтау.



Күтілетін нәтиже:




Білу керек: Адамның көмекшілері сезім мүшелері туралы білу керек. 
Игеру керек: Мақал-мәтелдерді анық айтып, жаттауды, жұмбақтардың шешіміне ойланып жауап беруді игеру керек. 
Меңгеру керек: Сезім мүшелерінің атқаратын қызметтерін. 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
3846
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі