Тақырыбы: «Гүлдер біздің
сәніміз»
Мақсаты: Гүлдердің
түрлерімен таныстыру Гүлдердің түр –
түстерін ажырата білуге баулу.
Өсімдіктерді күту ережелерімен
таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту,
түстердің атын білуге машықтандыру.
Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік
қызметін арттыру. Гүлдердің түр –
түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау
сезімдерін дамыту. Түған еліннің
табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге
қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке
жастайыннан тәрбиелеу.
Жаңа сөздер:
қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ,
лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті
қазына».
Көрнекі құралдар:
экран-проэкторға салыған гүлдердің
суреттері, қойылған бөлме гүлдері,
қиылған гүлдердің суреттері.
Әдіс-
тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру,
сұрақ- жауап.
Сабақ барысы: Балалар
жарты шеңбер болып тұрып, бір- біріне
күлімдеп, келген қонақтармен
амандасады.
Балалар: Білер қазақ
баласы
«Сәлем»- сөздің
анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Тәрбиеші:
Балалар, келіңдер шеңбер болып
отырайық, бәріміз көзімізді жұмып,
әуенді тыңдайық. Осы кезде гүлдердің
киімдерін киген қыздар келеді. Балалар
орындарынан тұрып, орындыққа отырады.
Олай болса мен сендерді гүлдермен
таныстырайын.
Бәйшешек:
Бес дегенім бәйшешек
( Меруерт)
Бірінші гүлі көктемнің
Бәйшешекті
оятар
Баяулап түртіп, көктен
нұр.
Түймедақ: Түймедейін сары дақ
ортасында,
( Анеля) Тарала өскен
ақ гүлі бар қасында
«Түймедақ»
деп аталып кеткен екен,
Түймеге
ұқсас сол дақтың арқасында.
Қызғалдақ:
Қырқалардың төрінен
( Айнамкөз)Лаулап
көзге ұрады
Қызғалдақтар өңірді
Қып- қызыл ғып тұрады
Лалагүл:
Лаулап оттай шілде айында лалагүл,
(
Айғаным) Лала гүлмен құлпырады дала
бір
Ләззат алмау мүмкін болмас
көркінен
Лалагүл де өзгеше әсем,
дара гүл
Күнбағыс: Көк төсінде
алтын күн
( Нұрай) Көрінгенмен
мұнша алыс
Келеді одан
көз алмай
Кербез сұлу
күнбағыс
Раушангүл: Әдемімін, менен
қай гүл аса алған
( Жансая) Әуелден
-ақ «Гүл патшасы» атанғам
Әсемдік
пен хош иістен нәр алдым
Әлемнің
көп жерлеріне таралғам
Бақытгүл:
Бұл әсем гүл күзде, ұзақ гүлдейді
(
Ақниет) Басқа гүлдей шілдеде өмір
сүрмейді
Бір мереке бар
жапондар елінде
Бақытгүлі
тұрады оның төрінде
Сергіту сәті:
Жайқалады ағаштар,
Бетімізге жел еседі,
Кіп- кішкентай балалар,
Үп- үлкен болып өседі.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған
Жарайсыңдар балалар! Балалар
орындыққа отырады.
Ойын: «Жеті
қазына»
Шарты: Қоржыннан түрлі- түске
боялған асықтарды, балалар бір- бірден
шығып, алады. Қандай түсті алса тура
сол түсті гүлдің шоғырын алып, оның
ішіндегі суретін атап әңгімелейді.
Әңгімелеп
болған соң, тақтаға іледі.
Тәрбиеші:
Балалар бәріміз енді мына үлкен
теледидарға қарайық. «Түстерді үйренеміз»
атты слайдқа қарайық.
Қыздардың
орындауында «Гүлдер» биі.
Балалардың
шығармашылық жұмысы «Меруерт гүлін»
жапсыру.