400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы Қатынас.Бөлімі Көркем әдебиет.Ашық сабақ "Төлдерді тап"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша жас мамандарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Төлдерді тап»

Мақсаты: Әр малдың төлдерімен таныстырып, оларды жаттап алуға баулу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын,

Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

I.Мотивация







II.Ізденіс-ұйымдастыру


































III.Рефлексия

1.Шаттық шеңбер жасау.

Мысалы: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

2. Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Көктемде ауа райы қандай болады?

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

3.Үнтаспаны қосу.

-Балалар,бұл ненің дыбысы естіледі?

-Қандай жануарлардың дыбысын естідіңдер?

-жылқы,сиыр,қой,дейді балалар.

-Олар бізде қандай жануарлар: үй жануарлары ма,әлде жабайы жануарлар?

4. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар ,бүгін біз ойын сабағында үй жануарлар жайында әңгімелесеміз.

-Үй жануарлардың ішінен біз төрт түлік малға ерекше тоқталамыз.

-Төрт түлік мал дегеніміз, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

-Суретпен жұмыс жасау.Жануарларды атау.

-Жылқы,сыр,қой,ешкі,ит,мысық.

-Төлдерін атау.

-Жылқының баласын-құлыншақ дейміз,

-Сиырдың баласын-бұзау дейміз.

-Қойдың баласын-қозы дейміз.

-Ешкінің баласын –лақ дейміз.

-Иттің баласын-күшік дейміз.

-Мысықтың баласын-мысықпай дейміз.

5. а).Дидактикалық ойын: Үй жануарларды тауып,қоршап сыз.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары жайында түсініктерін кеңейту.

б).Дидактикалық ойын: Үй жануарлардың төлдерін тауып,қос.Мақсаты:үй жануарлардың төлдерін бір-бірінен ажырата алуды үйрету.

6.Сергіту сәті: Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз.

7.Жұмбақтар шешу.

Мысалы: а)Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.( Қой).

б) Екі айнасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр).

в)Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып кеткен. (Жылқы).

8.Дидактикалық ойын: Жануарлардың суретін құрастырып жинау.

Мақсаты: Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

9. Төрт түлік малдың пайдасы жайлы әңгімелеу.

-Балалар,осы төрт түлік мал -Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар боп саналады. Адамға пайдасы өте көп.Балалар осы малдар адамға не береді?

-балалар: сүт,ет,жүн береді.

-Түйенің сүтінен не жасайды?

-балалар: шұбат.

-Жылқының сүтінен не жасайды?

Балалар: қымыз.

-Сиыр,қойдың,ешкінің сүтінен не жасайды?

Балалаар: май, құрт, айран,ірімшік.

-Қойдың,ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?

Балалар: жіп,киім тоқиды,көрпе жасайды.

-Дұрыс айтасыңдар,адамдар да оларға көп қамқорлық жасайды. Оларды бағады, шөп,жем,су береді,көптеген күтім жасайды.Үй жануарлар өздері күн көре алмайды.

10.Төрт түлік мал туралы мақал мәтел айту.

а) Ат-адамның қанаты.

б) Сиырдың сүті тілінде.

в)Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

11.Қорытындылау. Балалар,бүгін бізде қандай сабақ болды? Сабақта не жайында әңгімелестік Балаларды бағалау,мадақтау.

Өлең шумағын қайталайды.






Сұрақтарға жауап береді

Үнтаспаны тыңдайды,ненің

дыбысы екенін айтады.





Жаңа тақырыппен танысады.





Төлдерді атайды.






Дидақтикалық ойынға қатысады.





Сергіту сәтін жасайды





Жұмбақтың шешемін табады.








Жануардың бейнесін құрастырып жинайды.

Төрт түлік малдың пайдасы туралы әңгімелейді.











Мақал-мәтелдерді қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала үй жануарларды танып білуі тиіс;

Игеру: Төрт түлік малдың төлдерін бір-бірінен ажыратып, атауларын атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Бала төрт түлік малдың пайдасын меңгерілуі тиіс;






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
6049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі