Білім беру саласы: шығармашылық, Бөлімі: мүсіндеу Тақырыбы: «Доптар»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім беру саласы: шығармашылық, Бөлімі: мүсіндеу Тақырыбы: «Доптар»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»

Мақсаты: Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінің және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарға күтіп-баптауға баулу.

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру, ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту,тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі-түсті доптардың суреттері, демонстрациялық көрнекіліктер,қызыл,сары,жасыл және қара түсті ермексаз,тақтайша,ермексаз кесуге арналған құрал,тұғырық,үлестірмелі материалдар,доп

Сөздік жұмыс: домалақ

Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық кезең







Шаттық шеңбер.

Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып: Добым,добым,домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың-деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.


Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші жасаған қимыл-қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс-әрекетін жалғастырады.

Ұйымдастырушылық ізденуші

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз- допты мүсіндейміз.

Тәрбиеші балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұрайды.Суреттегі көк,қызыл,жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз.Тәрбиеші жұмысқа кіріспей тұрып ұқыптылық ережелерін қайталатады:мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді түру керек;ермексазды арнайы тақтайшаның үстіне қою керек;жұмысты таза орындауды қадағалау және т.б.

Сергіту сәті:

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз,

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз

Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып,сол қолдарыңмен ермексазды жауып,алақанмен алақанды біріктіріп,ырғақпен домалатыңдар. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Кім қандай түстерді пайдаланды?

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.




Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады.





















Балалар қолдарын оңға,солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.


Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шымшу әдісімен үзіп алып,алдымен жұмырлау,одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды.

Балалар пайдаланған түстерін атайды.

Рефлекциялы түзету кезеңі

Тәрбиеші балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп,талдайды. Олардың жұмысын мақтап, марапаттайды.

Мүсіндеген доптарын тәрбиешінің үстеліне әкеліп,барлығы бірге қарайды, доптардың ұқсастығына тоқталады. Өздері жасаған әдемі доптарына қарап,көңілдері көтеріледі.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: доп жасау үшін ермексазды домалақтайды, яғни допты

Түсінеді: доптың домалақ болатынын

Қолданады: ермексазды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау әдісін



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
475
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі