жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім беру саласы: "Шығармашылық" Ертеңгілік.
Әрқашан сау болыңыз!Жаңа жылдық ертеңгілік.
«Жаңа жылдық ертегі»
«Раушан» кіші тобы
Әуен ойнап тұрады, балалар кіреді, айналаға қарап үйшікке жақындайды.
Ерте ерте ертегіде.
Қар сарайында Ақшақар терең ұйқтап жатты.
Бір күні ол ұйқысынан оянып біздің «Қысқы ертегі» мерекесіне қонаққа келеді.
Барлығы: Ақшақар
Ақшақар: жаңа жыл қарсаңында
Қар мен мұз елдерінен
Аяз атамен сендерге,
Қонаққа келеміз асыға.
Мереке той думанға мені күтуде үлкені де жасы да.
Мені Қаршақыз деп атайды.
Сәлеметсіңдер ме балалар, қыздар мен ұлдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар? Бізге келгеніңізге өте қуаныштымыз.
Бізбен бірге тұрып, біздің балалармен билеңіз.
«Сұлу шырша» хор орындалады.
Жүргізуші: Балалар, жаңа жыл бұл жылдың өте тамаша мерекесі, ол тек қыста ғана болады.
Балалар шыршаны қараңдаршы өте сұлу, әдемі болып тұр.
Біздің шырша қандай Үлкен! Биік!
Кәнекей біздің шыршаның үлкен екенін көрсетейік.
Бұл шырша жалпақ, Бұл шырша биік, Анаман да жоғары, әкемнен де жоғары.
Төбеге дейін жетеді.
Балаларымызда әдемі ойыншықтар, сылдырмақтар бар. Кәнекей шырша астында билейік оған ойыншықтарымызды көрсетейік.
«Сылдырмақ» би-әні ойналады.
Ақшақар: Балалар, қандай тамаша шын көңілменен биледіңдер.
Біздің шыршаның шамдары неге жанбаған?
Жүргізуші: Ай-ай-ай дұрыс емес.
Қанекей шыршаның шамын жағайық!
Білесіңдер ма шыршаның шамын жағу үшін не істеуміз керек?
Оған үрлеу керек-кәне үрлейік. /үрлейді шырша шамы жанады/
Алақай! Міне біздің шыршаның шамдарын жақтық.
Шыршамен ойын.
Жүргізуші: Біздің шырша мінекей
Шамдары оның жағылып тұр.
Аяқтармен тарсылдатсақ
Шамдары оның өшеді.
/Аяқтармен тарсылдатады шамдар өшеді/
Ақшақар: Тыныш- тыныш! Ертегі басталды.
Ертегі. Қуыршақ ертегісі.
Жүргізуші: Шымылдырықты көрсетеді, бұл орман, ал мынау үйшік.
Бұл үйшікте кім тұрады? /үйшіктен сығалап/
Пи-пи-пи тышқан!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе тышқан!
Тышқан: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жүргізуші: Тышқан сен қалай тұрып жатсың?
Тышқан: Жақсы тұрамын! Ешкімге кедергі болмаймын, жақсылық жасаймын.
Жүргізуші: Сен жалғыз түрасың ба? Ішің пыспай ма?
Тышқан: Ішім пыспайды, не істеймін?
Жүргізуші: Ал сен қонаққа біреуді шақырып көр, бірге тұруға.
Тышқан: Жарайды, егер ақкөңіл біреу болса кіргізем.
Жаңа жылды жалғыз қарсы алу өте көңілсіз, ал достармен көңілді!
Ой, біреу келе жатыр.
Қоян: /тышқан тығылып қалады, қоян жүгіріп шығады./
Жүргізуші: жол үстімен, қар бетімен. Орман шалшықтарын басып, секіріп, ұзын құлақ ақ қоян мерекеге келеді.
Қоян: Мен кішкентай қоянмын, үйшікке мені кіргізші!
Тышқан: Сен мені жеп қоймайсың ба?
Қоян: Жоқ, мен мейірімдімін, мен сәбіз жеймін. Ал мен би билегенді жақсы көремін(қоян мен тышқан би билейді).
Жүргізуші: Қоян, балалар да биді жақсы көреді.
«Қаламдар – балалар» биі орындалады.
Қоян: Қандай керемет,тамаша биледіңдер.
Тышқан: Қоян, сен мейірімді, көңілді екенсің! Қане, кір ,бірге тұрайық.
(Қоян үйшікке кіріп кетеді).
Жүргізуші: Тышқан мен қоян бірге тұра бастайды. Олар бірге түрады, ұрыспайды, бір-бірімен дос, Жаңа жылда Аяз атаның сыйлығын кітуде. Күндердің бір күніндеолардың үйшігіне сарғылт түсті,үлпілдеген бұзық келеді.
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін, бар орманның көркімін, кәне, кім үйшікте тұрады?
Жүргізуші: Онда тышқан – балапан, қоян – қорқақ тұрады.
Түлкі: Тук – тук – тук! Ашыңдар, мен сендерге доспын! Қыста күн өте суық, үйге кіргізіңдер.
Тышқан: (терезеден) Сен не істегенді жақсы көресің?
Түлкі: Ойынды.
Қоян: (терезеден) Сен не жегенді жақсы көресің?
Түлкі: Тышқан – балапан мен қоян – қорқақты.
Тышқан: Кет!
Түлкі: Ал енді кетпеймін! Сендер есікті ашыңдар, мен сендерді ұстап аламын.
Қоян: Біз саған есікті ашпаймыз! (тығылып қалады)
Түлкі: Әлі-ақ ашасыңдар! Аяз ата үйге кіре алмайды, сендер сыйлықсыз қаласыңдар!
Жүргізуші: Балалар, кәне қоян мен тышқанға көмектесейік, түлкіні қуып жіберейік! (Балаларға мақтадан жасалған қар тарқатылады)
Түлкі: (жүргізушіге қарап) Сендер не ойластырдыңдар?
Жүргізуші: Ал сен, түлкі, жақсылықпен өзің кет! Сен бізге дос емессің! Өзің кетесің бе?
Түлкі: Иә саған, тапқан екенсіңдер.
Жүргізуші: Олай болса, кәнекей балалар түлкіні қармен атқылайық та, қоян мен тышқанды құтқарайық!
Қармен ойын.
Балалар қарды шыршаға қарай лақтырады.
Түлкі: Ой, сендерге не болған?
Ой қардан қорқамын, ол суық! Ой-ой-ой-ой (қашады).
Жүргізуші: Алақай! Біз түлкіні қуып жібердік. Тышқан, қоян шығыңдар.
(Олар үйден шығады)
Қоян: Рахмет сендерге балалар (еңкейді).
Тышқан: Рахмет көмектескендеріңе! Енді Жаңа жылды жақсы өткіземіз. Аяз Атаны күтеміз, ол бізге сыйлықтар әкеледі.
Түлкі: (шығады) Тышқан, қоян мені кешіріңдерші! Кешіріңдерші мені балалар! Мен енді бұзық болмаймын, мейірімді түлкі боламын.
Жүргізуші: Түлкіні кешіреміз бе?
Балалар: ИӘ.
Түлкі: Балалар, мен сендермен ойнағым келеді. (Қоян және түлкі ойын жүргізілуі).
Ойын түлкімен
Жүргізуші: Рахмет түлкі, көңілді ойыныңа. Ал, жүгіріңдер, Жаңа жылға дайындалыңдар, шыршан безендіріңдер!
Тышқан: Сау болыңдар!
Қоян: Кездескенше!
Жүргізуші: Балалар, кәне, түлкі, тышқан мен қоянмен қоштасайық! Сау болыңдар, кездескенше.
Ақшақар: Мерекеде біреу жетіспей тұрған сияқты! Кәнекей, Аяз Атаны шақырайық!
Балалар Аяз Атаны шақырады, ән айтады, Аяз Ата көрінеді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз Ата!
Аяз Ата: Міне келіп жеттім. Бұл қай жер екен? Сәлеметсіңдерме менің достарым, Жаңа жылдарыңмен! Міне мен, нағыз Аяз Ата. Қары қатаң, қысы суық, қатты бораны мен желі бар жерден келдім. Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын, баршаңызға бақыт, мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін!
«Аяз Ата» өлеңі орындалады. Содан кейін «Аяз Атамен ойындар» жүргізіледі.
Ақшақар: Аяз Ата сен ештеңе ұмытқаң жоқсың ба?
Аяз Ата: Ештеңе ұмытқан жоқ сияқтымын. Тымағым орнында, тоным орнында...
Жүргізуші: Балаларға сыйлық беруді ше?
Аяз Ата: Ойбай, шынымен қартайғанмын. Шырша астында жоқ па?
Жүргізуші: (балалар іздеуге шығады) ЖОҚ!
Аяз Ата: Орындықтардың астнда жоқ па?
Жүргізуші: Жоқ!
Аяз Ата: Бір жерде ұмытып кеткен шығармын. Ештеңе емес, мен қазір сиқырлы сөзді айтамын, сонда сыйлықтар пайда болады!
Сиқырлы сөз: жел тұрып дауылдатсын, шыршалар қарағандай төмен иілсін. Әдемі қапта мен балаларға сыйлық әкелдім. Сыйлықтары бар қапты көрсетіп таратады. Безендірілген шырша жанында балалар әндетеді.
Аяз Ата: Ал енді балалар, менің кететін уақытым келді. Кездескенше, балалар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген