Материалдар / Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: Сурет салу Тақырыбы: Кесек қар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: Сурет салу Тақырыбы: Кесек қар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2021
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бірінші кіші ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі конспектісі.

Өткізу күні: .

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Тақырыбы: Кесек қар
Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту : Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қар кесектер , қар , аққала
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Кесек қар » танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен? Сурет пен жұмыс:
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
- Балалар, мына суретке қараңдаршы, бұл ненің суреті?
- Иә, балалар, қардан аққала жасауға болады.
Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз.
Ойын. «Аққала»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту.
Шарты: Балалар үш топқа бөлініп, аққаланың дөңгелек бөлшектерін мақтадан жасайды, барлық бөлшектерді бірге құрастырады. Сурет салу әдісін түсіндіру .
3.Қорытынды:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қардан біз не жасадық?
- Қардың түсі қандай?
Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.



































































































Бірінші кіші «Балдәурен»тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі конспектісі.

Өткізу күні: .16.01.2019ж.

Тәрбиеші: Бопылова Н.Ж

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жерден жатқан баспалдақтың арасынан адымдау,бөренеден еңбектеу.

Мақсаты: Тепе-теңдік сақтауға үйрету.Баспалдақтың тақтайынан адымдау,денені тік ұстауға тізені жоғары көтеруге жаттықтыру.

Ойын: «Допты ұста»

Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: «Допты ұста» беру ойынын ұйымдастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Сабақтың мазмұны

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

уақыты

І –Ұйымдастырушылық кезең


Спорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.

Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.

Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау.

3 рет





3 рет

ІІ- Негізгі кезең

1. Жерден жатқан баспалдақтың арасынан адымдау

2. Бөренеден еңбектеу.


Ойын: «Допты ұста»


Еденде жатқан бөренелердің арасымен ауыспалы адымдап өту. Қырынан қойылған баспалдақтың арасымен өрмелеу.Бөрененің бойымен жүру және үстіне тырмысып шығу, бөренеден секіріп шығу.

Ойынды түсіндіру:

Бір орыннан ұзындыққа секіру. Аласалау заттардан секіріп өту, кеглиді доптармен құлату.






Тәбиеші берген допты ұстап алу.

3 рет




4 рет

ІІІ- Қорытынды


Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.

Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.

Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.

5 рет









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!