400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Білім беру саласы: «Шығармашылық». Ұйымдастырылған оқу қызметі:Мүсіндеу. Тақырыбы: «Жұлдызқұрт».

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Жұлдызқұрт».

Мақсаты: Ермексаздан жұлдызқұрт мүсінін жасау. Балаларға түрлі мүсінді жасата отырып, олардың түсін ажырата білуге үйрету. Дөңгелектер жасап, оларды

өзара біріктіру арқылы жұлдызқұрт мүсінін шығару дағдыларын дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, ұқыптылыққа, жұмыс жасау барысында тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Қажетті заттар:Түрлі түсті ермексаз, кішкентай тақтайша (үстелді былғамау үшін бар жұмысты соның үстінде жасаймыз).

Билингвальды компонент: Жәндіктер-насекомые, жұлдызқұрт-гусеница.

Сөздік жұмыс: Жұлдызқұрт, жәндіктер.

Интеграция: «Таным», «коммуникация», «дене шынықтыру»


Оқу қызметінің

кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі


Мотивациялық-

қозғаушылық




Ұйымдастырушылық-

ізденушілік





























Рефлексиялық-

қозғаушылық


Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Жылы лебіздерін білдіреді.


Жарайсыңдар, балалар.

Айтыңдаршы, жылдың қай мезгілі?

Кім көктем туралы тақпақ біледі?

-  Балалар, сендер орманда болдыңдар ма? Құстардың әнін естідіңдер ме? Қәне, тыңдап көрейікші (Құстардың жазу әуені естіледі) Көктемде табиғат оянады Мен сендерге жұмбақ жасырайын

Қорбан-қорбан етеді,

Орман оның мекені,

Тәтті балға тойыпап,

Қыста ұйқыға кетеді (аю)

Денесінде көп ине,

Іс тікпейді әрине (кірпі)

Көктемде табиғат оянады .Аюлар апанынан шығады, ал кірпілер інінен жәндіктер де тіріледі Қараңдар, мен не таптым! Жапырақшалар неге шұрқ-шұрк тесік? Оны не жеп қойған? Бұл жерде бір нәрсе болу керек Балалар, сендер ештеңені көрмедіңдер ме? (Балалар жапырақша бетінде жұлдызқұрт отырғанын аңғарады)

-  Ей, сен кімсің, сен мұнда не істеп отырсың?

-  Мен жұлдызқұртпын. Бүгін мен сендерге қонаққа келдім, сендер не істей алатыңдарыңды қарап көрмекпін.

Тәрбиеші дайындаған үлгіні көрсету

- Бұл шынында жұлдызқұрт, ал мен оны байқамай қалдым. Себебі ол да жапырақшалар тәрізді жасыл түсті .Келіңдер, жұлдызқұртты жақыннан қарап көрейік ( жұлдызқұртты қолыма алам ) Ой, қандай әдемі өзі. Денесі шарлардан құралған сияқты. Алдында ең үлкен шар-бұл оның басы, содан кейін кішілеу, сосын одан да кішкентай және т с. с.. ал ең соңында ең кішкентай шар-құйрығы түр. Жұлдызқұрттың басында қара көзі бар.

Жұмысты орындау тәсілін көрсету

1. Жасыл түсті ермексазды мұқият жұмсартамыз. 

2. «Шұжықша» есеміз (алақандардың арлы-берлі қозғалысымен)

3. Пышақтың көмегімен «шұжықшаны» көптеген бөліктерге бөлеміз. 

4. Ермексаздың әр бөлігінен домалақтап шар жасаймыз. Көптеген шар пайда болады.

5. Енді шарларды бір-бірімен жалғастырамыз. Алдында үлкен шар тұрады-бұл бас, одан соң кішірек шарды, бұдан кейін одан да кішкентайын, сосын одан да кішісін, сосын ең соңына- ең кішкенесін қоямыз-бұл біздің жұлдызқұрттың құйрығы болады. Шарларды бір-біріне мықтап бекіту керек

6. Екі кішкентай қара шарды домалақтаймыз-бұлар көздер болады. 

7. Көздерді басқадан жапсырамыз Міне мынандай әдемі жұлдызқұрт пайда болды!

Жұмысты орындау тәсілін бекіту.

- Қандай тұсті жұлдызқұртты мүсіндейміз?

-  Шарларды қалай домалақтаймыз?

-  Бас үшін қандай шарды аламыз? (ең үлкенін)

-  Естеріңде ұстаңдар, алдында ең үлкен шар болады, сосын

Сергіту сәті :

Кане, қанат жазайық,

Көбелек боп ұшайық

Ұшып—ұшып алайық ,

Орнымызға қонайық

(«Көбелектер» әуені)

Ойын: «Не қайда болады?

Балықтар,аққу,бақа,қоңыз,көбелек,су,

жасыл шөп,гүл

Суда-балықтар,аққу,бақа .т.б.

Шөпте-қоңыз,көбелек,гүл,



Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі

Жұмысты орындау барысында шарлардың көлемі бойынша-ең үлкенінен ең кішкентайына дейін орналасу ретіне назар аудару, моншақтармен әшекейлеу

-  Балалар, кане жұлдызқұрттың бөліктерін санайық тұра және кері.

Бөліктердің түстері қандай?

Қандай сұлу жұлдызқұрт!

Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?

Енді сендер әр түрлі жәндіктерді істей аласыңдар домалақтау тәсілімен.

Түсінікті ме, балалар?

-Балалар бүгін мүсіндеу қызметінде не жасап үйрендік?

-Оны неден жасадық?

-Көңіл күйлерің қалай?

Балаларды мадақтау, жұмыстарын талдау және көрмеге қою.



-Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тақпақтарын айтып, бір-бірімен амандасып, тілектерін айтады.






Іңкәр:

 Көктем қандай көңілді, күміс жаңбыр төгілді Мөлдір аспан ашылып, жыршы құстар көп келді,

Нұрсаят.

Көкке бояп өңірді,

көктем келді көңілді

Бау-бақшада, орманда құстар әні төгілді

Е.Өтетілеуов




Балалардың жауаптары


Аю,кірпі







Жұлдызқұрт






















Балалар жұлдызқұртты ұстап көреді


Түрлі- түсті ермексаздар.


Кішкентай тақтайша немесе қатты қағаз.


Үстел үстін былғамау үшін керек.







































-Түсті ермексаздан.

-Өте жақсы.




Балалардың жауаптары

















































( Балалардың жауаптары)


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жұлдызқұртты, жұлдызқұрт туралы ойынды.

Игереді: Дөңгелектер жасап, оларды өзара біріктіріп жұлдызқұрт мүсінін шығаруды.

Меңгерді: Түрлі мүсінді жасай отырып, олардың түсін ажыратуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
2068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі