Білім беру
саласы: Таным,
Әлеумет
Бөлімі:
Жаратылыстану
Тақырыбы: Жабайы және үй
жануарлары.
Мақсаты:
а)Үй жануарлары мен Қазақстан
аумағында мекендейтін жабайы жануарлар туралы, үй жануарларына
күтім көрсету ерекшеліктері, жабайы жануарлардың өмір қалпы туралы
түсініктерін кеңейту.
ә) Ой белсенділігін, бақылау,
талдау, тұжырымдар жасау дағдыларын
дамыту.
б) Тіршілік иелеріне қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
Құрал –
жабдықтар: Тақырып бойынша
иллюстрациялық материалдар, қарындаштар,интерактивті құрал-
жабдық.
Сөздік жұмыс: жабайы, үй жануарлары,
тұрақ, орман, қора, жүн, аяқ, тұяқ, мүйіз,
құйрық.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері:
Табиғат
біздің –
анамыз,
Табиғатқа
баламыз.
Табиғатты
қорғайтын,
Біз бақытты
баламыз.
Балаларға үй жануарлары мен
жабайы жануарлар туралы түсіндіреді. Кез
келген жануардың – үй
жануардың да жабайы жануардың да тұрағы әртүрлі аталуы мүмкін
екеніне назар аударады. Далада, орманда өз бетімен тіршілік ететін,
қорегін өзі табатын жануарларды жабайы жануарлар деп атайды. Ал
адамның қасында өмір сүретін адам қамқорлық жасайтын, жем-шөп, су
беріп, қорасын тазалап, күтіп баптайтын жануарларды үй жануарлары
деп атайды. Үй жануарларына түйе, жылқы, сиыр, қой , ешкі және ит
пен мысық жатады. Бір сөзбен үй жануарлары деп
атайды.
Жабайы жануарлар адамның
қасында тұра алмайды. Себебі адамнан қорқады. Олар қоректерін
өздері тауып жейді. Жабайы жануарлардың тіршілік ету талаптары
(қыста ұйқыға кету, түнде жорту т.б.) адам өмірімен сәйкес
келмейді. Қыста жабайы жануарлар қатты қиналады. Себебі олар
тоңады, қорек табу да қиын. Жабайы жануарларға аю, қасқыр, түлкі,
тиін, қоян жатады. Бұлардың барлығын бір сөзбен жабайы жануарлар
деп атайды. Қоян – қорқақ аң орманда мекендейді. Қояндардың жаулары
көп. Сондықтан қояндар тонын ауыстырып отырады. Олар жазда жермен
тустес сұр тонмен жүрсе, күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ
жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы
тонының арқасында суыққа тоңбайды. Аппақ қарда олар байқалмайды.
Жауларынан осылай қорғанады. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Аю
– ақылды, жыртқыш. Аюдың екі түрі бар ақ аю суда, салқын жерлерде
мекендейді. Қоңыр аю орманда мекендейді. Жазда орманда жеміс-жидек
теріп, қорегін табады. Күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда
алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғаннан емес жейтін қорегі
таусылғаннан кейін ұйықтайды. Тиін-орманда тіршілік ететін
кішкентай жануар. Тиіндер ағаштардың қуысында тұрады,
бұтақтан-бұтаққа секіріп, қарағайдың бүріндегі дәндерді жейді. Жаз
бойы жинап,қуыстарға тығып қойған азығын – жаңғақтарды, жидектер
мен саңырауқұлақтарды қыста жеп шығады. Түлкі – ақылды, қу, және
жыртқыш жануар. Түлкі қыста ұйықтамайды. Азығын жортып жүріп тауып
жейді. Түлкі де інде тұрады. Орманды, далалы жерде мекендейді.
Қасқыр – жыртқыш. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді,
сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан исінен сезеді. Қыста
жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Орманда үңгірде, апанда
мекендейді. Балаларға жабайы және үй жануарларының төлдері қалай
аталатынын айтып түсіндіреді.
Үй жануарлары: Түйенің төлін
бота, жылқының төлін құлын, сиырдың төлін бұзау, қойдың төлін –
қозы, ешкінің төлін – лақ, иттің баласын – күшік, мысықтың баласын
– марғау деп атайды.
Жабайы жануарлар: Аюдың
баласын қонжық, қасқырдың баласын бөлтірік, түлкінің баласын
жәудір, қоянның баласын көжек, тиіннің баласын тиін
дейді.
Дидактикалық ойы: «Төлін
тап»
Ойынның
шарты: Суреттегі жануарлардың
төлдерін дұрыс тауып, сызықпен
қосып шығу
керек.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды.
Ойлы- қырлы
жерлерді.
Ытқып-ытқып
жүгірді,
Қарап еді
артына.
Қиығын салып
көзінің.
Келе жатқан
томпаңдап,
Көжегі екен
өзінің.
Дидактикалық ойын: «Не қалай
дыбыстайды?»
Ойынның шарты: Аудио запистен
жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануардың дауысы екенін ажырата
білуі керек.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
1. Үй жануарларына нелер
жатады?
2. Не үшін үй жануарлары деп
аталады?
3. Үй жануарларын қалай күтіп
баптайды?
4. Жабайы жануарларға нелер
жатады?
5. Не үшін жабайы жануарлар
деп аталады?
6. Жабайы жануарлар қайда
тіршілік етеді.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Қазақстандағы кейбір үй және
жабайы жануарлардың атауларын.
Түсінеді: Үй және жабайы жануарлардың
тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды, үй жануарларының адамдарға
әкелетін пайдасын.
Қолданады: Табиғатқа қамқор көзқарас
дағдыларын.