400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: « Түрлі-түсті мұздар».

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру. ә)Тәжірибе жасау арқылы түрлі түсті судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.б) Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру. «Мұз қалашығы» ертегісі желісін білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:  Жаратылыстану.

Тақырыбы: « Түрлі-түсті мұздар».

Мақсаты: а)Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру. ә)Тәжірибе жасау арқылы түрлі түсті судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.б) Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру. «Мұз қалашығы» ертегісі желісін білу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 3 банкі су, қызыл, көк және сары түсті гуашь, қалыптар. Сөйлейтін қоян.

Сөздік жұмыс : мұз.

Билингвальды компонент : су-вода, мұз-лед.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиеші іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті



Мотивациялық қозғаушы:


Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар шеңбер бойы тұрып, жылы тілектерін білдіреді






ұйымдастырушы-ізденушілік:











Балалар сендер білесіңдерме,жербетіндегі ең көптараған зат-су.

-Тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз, егін суарамыз, кіржуамыз. Өртсөндіруге пайдаланамыз. Жербетінде ауыз су тапшы. Оны үнемдеп жұмсау қажет.

-Балалар, бізге ғажайып қонақ – Африкада тіршілік ететін керік келді. Ол өмірінде қар ұшқындары мен түрлі түсті сүңгі мұздарды көрмепті. Кәне, біз оған түрлі түсті мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетейік.

Су тазалықтың досы. Көктемде күн жылынып, қар мен мұздар ери бастайды. Ағаштар бүршік жарып, жерге көкшығады, жан-жануарлар төлдейді, құстар елге оралады, табиғат керемет бір түске боянады.

Балалар орталықтарға бөлінеді.

Құм,су орталығы.

Балаларға суы бар банкілерді көрсету.

-Балалар, банкілерге не құйылған?

-Су қандай?

-Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді. Кім мөлдір суды жақсы көреді? Оны қайда қолданамыз?

-Енді біз түрлі түсті су жасаймыз. Әр банкідегі суға түрлі бояуларды араластырамыз.

Банкілердегі суға қызыл, көк және сары бояуды қосып араластырып көрсету.

-Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз сүңгілерін жасаймыз.

Сөздік жұмыс : мұз.

-Суды мұзға айналдыруға бізге аяз көмектеседі. Өйткені су аязда қатады. Мына қалыптарға суды құйып, сыртқа шығарып қоямыз. Қалыптарға суды құйып, оны терезе алдына шығарып қоямыз.

Әдебиет орталығы:

Сөйлейтін қоян:

«Мұз қалашығы» ертегісін тыңдайды.

Билингвальды компонент : су-вода, мұз-лед.



Тыңдайды.

Судың пайдасы, қасиеті туралы біледі.




Қонақпен амандасады.


Қызығушылық танытады











Балалар орталықтарға бөлінеді.



-Су.

-мөлдір, таза.

Тамақ дайындаймыз, таза суды ішеміз, таза суда балықтар тіршілік етеді.


Бақылайды








Қайталайды: мұз


Аяздың суды қатыратынын біледі.




Тыңдайды.




Қайталайды: су-вода, мұз-лед.




Рефлексивті -түзетушілік:


Сергіту сәті:

Музыка қойылады: «Қарша қыз» биін билейміз

Ойын: «Анықтамасын ата»

-Су қандай?

-Су не үшін қажет?

-Су қатама?

-Жарайсыңдар, балалар! Ал керікжан, қалай, ұнады ма? Балалар бізге қонаққа қандай жануар келді?

Біз не істедік?

Бізбен бірге серуенге шық. Судың неге айналғанын көресің.

Серуен кезінде судың мұзға айналғанын көрсету.

Музыка әуеніне сай би билейді.



Балалар жауабы




-Керік келді.

-Түрлі-түсті мұздар жасадық


Балалар су сұйық және қатты күйде болатынын, аязда судың қататынына көздері жетеді.

Күтілетін нәтиже :

Білу: судың түрлі түсті етіп «бояуға» болатындығын.

Игеру: су және оның күйлері туралы ұғымды;

Меңгеру : тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс-тәжірибе дағдыларын.

«Мұз қалашығы» ертегісін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
5577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі