Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: « Көңілді пішіндер »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: « Көңілді пішіндер »

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасайды: Пішіндердің түстері мен көлемдеріне қарай топтастырады. Түсінеді: Пішіндерді салыстыра білу түсінігі болады. Қолданады: Қоршаған ортадан пішіндереге ұксас заттарға қызығушылық танытады. Керекті құрал-жабдықтар: Әртүрлі пішіндер, пішіндер бейнеленген сурет, картотека. Сөздік жұмыс: Төртбұрыш , үшбұрыш , шеңбер, қызыл, сары, жасыл. Билингвальды компонент: төртбұрыш- прямоугольник, үшбұрыш- треугольник, дөңгелек-круглый, қызыл-красный, сары-желтый, жасыл-зеленый
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: « Көңілді пішіндер »

Мақсаты: Пішіндердің түстері мен көлемдерін ажыратуды және оларды топтастыра білуді жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Пішіндердің түстері мен көлемдеріне қарай топтастырады.

Түсінеді: Пішіндерді салыстыра білу түсінігі болады.

Қолданады: Қоршаған ортадан пішіндереге ұксас заттарға қызығушылық танытады.

Керекті құрал-жабдықтар: Әртүрлі пішіндер, пішіндер бейнеленген сурет, картотека.

Сөздік жұмыс: Төртбұрыш , үшбұрыш , шеңбер, қызыл, сары, жасыл.

Билингвальды компонент: төртбұрыш- прямоугольник, үшбұрыш- треугольник, дөңгелек-круглый, қызыл-красный, сары-желтый, жасыл-зеленый.


ҰОҚ барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері (Балалар шеңбер болып тұрады)

Кел балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бүгін сондай ерекше күн.Далада жарқырап күн шығып тұр.Күн бізге көтеріңкі көңіл-күй , жылулық сыйлайды. (Балалар орындарына отырады)

2.Негізгі бөлім

-Балалар бүгін біз сендермен «Көңілді пішіндер» туралы айтып, қызықты ойындар ойнаймыз.

- Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, қане жауабын кім табар екен?

Әрі қызыл, әрі сары

Жеп көрсең тәтті дәмі

(Алма)

-Жарайсыңдар балалар !Алманың түсі қандай екен? –Қызыл.

Алманың пішіні қандай екен? –Домалақ.

-Бәрекелді! Олай болса балалар, бүгін біз сендермен түстері әртүрлі « Көңілді пішіндермен» танысамыз.

-Домалақ. Домалақтың бұрыштары болмайды, домалайды. Бәріміз домалатып көрейік. Домалақтың түсі сары.

-Сары домалақ неге ұқсайды?

-Күнге, допқа ұқсайды.

-Жарайсыңдар, келесі пішініміз үшбұрыш.

-Үшбұрыштың үш бұрышы бар. Үшбұрышты домалатып көрейік, домалады ма?

-Жоқ.

-Неге?

-Өйткені, үшбұрыштың бұрыштары бар, бұрыштары болғандықтан тіреліп қалады.

-Үшбұрыштың түсі қызыл.

-Мына суреттен үшбұрыштарды көріп тұсыңдарма?

-Әрине, үйлердің шатырлары , шатырлардың да үш бұрышы бар.

-Келесі пішініміз қандай?

-Жарайсындар, төртбұрыш. Бұл пішін неліктен төртбұрыш деп аталады? Бәрекелді, себебі бұл пішіннің төрт бұрышы бар.

-Төртбұрыштың түсі қандай? Жасыл.

-Айналамызға қарайықшы, төртбұрышты пішінге қандай заттар ұқсайды?

-Тақта, есік, терезе.

-Өте жақсы.

-Балалар қараңдаршы, бізге « Көңілді күлдіргіш» қонаққа келіп қалыпты.

-Сәлеметсің бе, «Көңілді күлдіргіш»

-Сәлеметсіңдер ме , балалар. Мен « Көңілді күлдіргішпін» , бәріміз бірге көңіл көтеріп, ойын ойнайық.

(Күлдіргіш музыкамен кіреді, балаларға түрлі қимылдар қайталатып,

күлдіреді)


-Балалар, мен сендерге «Кім жылдам?» деген қызыкты ойын алып келдім. Ойынның шарты: үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ пішіндерін жылдам менің сиқырлы қораптарыма жинау керек. Кім тездетіп жинаса, сол балаға сыйлығым бар. Ол үшін үш баланы ортаға шақырамын. Ал, кім жылдам, жарыс басталды, бір, екі,үш!

Қалған балалар қол соғып отырады.




Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар! Сендерге ойын ұнадыма? Олай болса «Көңілді күлдіргіш» бәріміз бірге демалып алсақ қайтеді? Орнымыздан тұрайық.




Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарап бұрылып,

Солға қарап бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

«Көңілді күлдіргіш» сергіту сәтін жасап, сыйлыққа турлі түсті шарлар таратып, балалармен қоштасады.

фото3.jpg













Қорытынды бөлім

Тәрбиеші: Біз қандай пішіндермен таныстық? Олардың қандай қасиеттерін білдік?

Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш,домалақ. Үшбұрыш және төртбұрыштың бұрыштары бар, домалақ пішіннің бұрыштары жоқ, домалайды.

Тәрбиеші : Жарайсыңдар! Ол пішіндердің түстері қандай?

Балалар: Қызыл, жасыл , сары.

Тәрбиеші: «Кім жылдам?» ойыны ұнадыма?

Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2021
2284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі