400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Білім беру саласы: «Таным» Кіші сала: Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй - жануарлары»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй - жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

- Жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі.

- Сыртқы келбеті және оның мінез-құлқы.

- Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру.

- Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

Билингвалдық компонент: жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, ешкі-коза, қой-баран.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары, дала жануарлары.


І кезең-

Мотивациялық- қозғаушы

-Балалар, адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

-Үй қандай бөліктерден тұрады?

- Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? 

-Балалар, дұрыс айтасыңдар, енді алдымыздағы тұрған үйдың неше терезесі бар екенін санайық?

-Балалар, әр терезеде жұмбақтар бар екен, мен сендерге оқып берейін.

- Үй



- Төбесі, есік, терезе, үйдің қабырғасыннан тұрады.

- Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа ұқсайды.

- 1, 2, 3.




Жұмбақтарды тыңдауға келіседі.

ІІ кезең-

Ұйымдастырушылық ізденіс

1. Терезе:

Қамыс құлақ,

тостаған тұяқ,

мінсең қанат,

сүті дәрі, еті тамақ.   

2. Терезе:

Кезікті бір жануар.  

Үстінде екі тауы бар,

3. Терезе:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар 



4. Терезе:

Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.

 

5. Терезе:

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

           

Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді.


Ойын: «Бұл не?»

-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » - мал дейміз.



Дид/ойын: «Адаспай тап».

(Игровизормен жұмыс жасау).

Мақсаты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру. 


-Балалар, мен сендерге үй жануарларының аталары туралы тақпақты айтып берейін мұқият тыңдайық.


Жылқы атасы- Қамбар ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба.

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкінің иесі- Сексек ата.


Дид/ойын: «Мекеніне апар»

Мақсаты: Үй жануарларын, дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін дамыту.




Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен. 


-Балалар үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?









- Балалар, енді мен сендерге осы үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдандар.

Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек.

Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.


Балалардың жауаптары:

- Жылқы.





- Түйе.



- Қой.





- Сиыр.





- Ешкі.



Балалар суреттегі жануарларды атайды.




Балалар үстелдің үстінде жатқан суреттерді мұқият қарап, жануарлардың атын атап, тақтаға жапсырады.



Балалар игровизормен жұмыс жасайды.

Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосып, сәйкестендіреді.



Тақпақты мұқият тыңдайды.




Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтайды.






Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.



Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды тәрбиешімен орындайды.







- Сиыр «мө-мө-мө» - деген дыбыс шығарады.

- Қой «мә-мә-мә» -деп маңырайды.

- Ешкіні, лақты «шөре-шөре» - деп шақырады.

- Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады.

- Түйе «бө-бө-бө» -деп боздайды.






Балалар үй жануарларының

адамға беретін пайдасы туралы мұқият тыңдайды.


ІІІ кезең-

Рефлексивті-түзету

Балаларға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қортынды жасау.

Балаларды мадақтау.


Балалардың қызықты жауаптары.


Мадақтауға риза болады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп.

Түсінеді: Олардың күту жолдарын.

Қолданады: Жануарларға қамқор болуға.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі