Тақырыбы: «Пішіндер әлеміне саяхат»
Білім беру
саласы: Таным.
Коммуникация.
Бөлім: ҚМҰҚ , Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Танымдық дағдыларын арттырып, алған білімдерін бекіту.
Балалардың ойлау және логикалық дағдыларын
қалыптастыру.
Міндеті: Балаларға дидактикалық тапсырмаларды
орындату арқылы
логикалық дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйелендіру
мен онымен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.
Кіріспе :
Шаттық шеңбері
Армысың, шапағатты күніміз!
Aрмысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келді сізге, өзіңіздің балаңыз!
Здравствуй, небо голубое!
Здравствуй, солнце золотое!
Здрaвствуй, воздух и вода!
Здрaвствуй, матушка земля!
ІІ. Негізгі
бөлім:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Здравствуйте ребята!
— Балалар бүгін көңіл күйлерін қандай?
— Балалар бүгін бізде ерекше күн!
Ал, олай болса, біз бүгін «Пішіндер әлеміне» саяхатқа шығамыз.
Сендер саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
— Балалар барлығымыз назарымызды Интерактивті
тақтаға аударайықшы?
Тәрбиеші: Сендер нені көріп
тұрсыңдар?
Балалар: Көліктерді
Көлік суреттері: көлік, поезд, ұшақ, т.б.
— Жарайсыңдар , балалар! Осы көліктердің біреуін
таңдап, саяхатқа шығайық.
Тәрбиеші: Сендер қандай көлікті
таңдайсыңдар?
Балалар: Поезд ( Поезд суреті жеке
)
— Ал,
енді осы поездбен саяхатқа шығайық.
Тәрбиеші: Поезд қандай дыбыс
шығарады?
Балалар Поездың дыбысын
келтіреді.
— Балалар бізге арналған тапсырма бар
екен?
Ал,
енді назарымызды тақтаға аударып, жұмбақты мұқият
тыңдаймыз.
Жұмбақ:
Бұрыштан, сызықтардан
Құрылған бұл не екен?
(Пішіндер)
(Бейне таспамен жұмбақ
жасырады)
— Ал,
саяхатымызды жалғастырайық.
— Балалар қараңдаршы біз «Пішіндер әлеміне» келдік.
Сендер пішіндерді атай аласыңдар ма?
Ендеше тақтаға назар аударайық.
(Пішіндер туралы бейне таспа
көрсетіледі)Включи звук
Дидактикалық ойын: «Орнын
тап»
Шарты: Балалар Интербелсенді тақтамен жұмыс жасап,
пішіндерді орнына орналастырады.
— Балалар сендерге пішіндер әлемі ұнады
ма?
көлеңкелі
Ендеше келесі саяхатымызға қандай көлік
таңдаймыз?
Барлық көліктердің суреттері.
Ұшақ жеке
— Ұшақ қалай ұшады?
— Балалар әжей сендерге жұмбақ жасырады екен! Ал,
сендер шешуін табуға дайынсыңдар ма?
Жұмбақ:
Кемпірқосақ қандай түстен
тұрады?
(Бейне таспамен жұмбақ
жасырады)
Балалар әжей сендерге жасырған жұмбақтың жауабын
білесіңдер ме?
— Ал,
саяхатымызды жалғастырайық. Балалар, қараңдаршы, біз «Пішіндер
әлеміне» келдік.
Сендер пішіндерді атай аласыңдар
ма?
Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай
топтастыр»
Шарты: Балалар Интерактивті тақтадан жалаушаларды
түсіне қарай жинайды.
— Балалар, сендерге шаршаған шығарсыңдар. Ендеше
біраз бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт
(Бейне таспамен орындалады)
Ал,
ендеше біз келесі көлігімізді таңдаңдаймыз.
(Көліктер, кеме, қайық, т.б.)
— Ал,
енді соңғы жұмбақ қалды балалар,
— Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
Жұмбақ
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Жан – жағына қарамай
Айтыңдаршы бұл не? (Сандар)
(Бейне таспамен жұмбақ
жасырады)
Дидактикалық ойын: «Тура және кері
санау»
(Интерактивті тақтадан)
Шарты: Балалар сандарды тура және кері
санайды.
Қорытынды: Балалар біз бүгін қайда саяхатқа
бардық?
Сендерге ғажайып әлемге саяхат жасаған ұнады ма?
Балаларға сұрақ қойып, жауап ала отырып, оқу қызметімізді
қорытындыладым. Балаларды белсенділіктеріне қарай мақтап,
мадақтадым.