400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сезім тәрбиесі. Тақырыбы :Қиылған суреттер.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сезім тәрбиесі.

Тақырыбы :Қиылған суреттер.

Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін ,бөлшектерден бүтінді шығару дағдысын дамыту.Суретте бейнеленген затты тануға және оны атауға үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Балалар саппен топқа кіреді.

Тәрбиеші :Балалар біздер балабақшамызға,яғни тобымызға келдік па десек,орманға келіппіз.Ендеше айналамызға қарайықшы,әр түрлі аңдар бар екен.Аңдармен амандасайық балалар.Балалар біз орманда жүрсекте өзіміздің күнделікті орындалатын тапсырмаларымызды ұмытып кетпейік.Шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбер: Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза,мөлдір көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Тәрбиеші: Балалар ақыры орманға келген екенбіз,бір саяхаттап шығайық.

Балалар: Орманға барамыз

Табиғатқа қараймыз

Бар әлем әдемі

Түрлі- түсті әлемі

Ағаштары әсем-ай

Біз келдік алақай.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоянның көңіл күйі жоқ екен.Көңіл күйі неліктен жоқ екен сұрайықшы.

Қоян,қоян неге сен көңілсізсің?Балалар қоян үндемейді.

Қоян ендеше менің өзіме айта қойшы ,неге көңілсізсің ?

Балалар: қоян қақпақтарын шашып алған екен,сол қақпақтарды жинап беруін сұрап отыр.Балалар қоянға көмектесейік.

Айтпақшы балалар біздің өткен оқу қызметіміздің тақырыбы қақпақтар болып еді.Балалар қақпақтардың пішіні қандай?

Балалар: Дөңгелек

Тәрбиеші :Өте дұрыс. Ал мына қақпақтардың түсі қандай?

Ал мынау ше?

Балалар: Қызыл жасыл.

Тәрбиеші :Өте дұрыс , жарайсыңдар

Сол кезде топқа аю келеді.

Тәрбиеші: Балалар бұл кім екен?

Балалар :Аю

Аю: Сәлеметсіңдерме балалар. Мен аң патшасы арыстанның туған күніне бара жатыр едім.Туған күніне апара жатқан сыйлығымды қолымнан түсіріп алып,шашып алдым.Жолда келе жатып,сендерді көргесін,сендерден көмек сұрауға келдім.

Тәрбиеші: Балалар ендеше ормандағы аңдармен қоштасайық.

Аюжан сізде бізбен бірге балабақшамызға жүріңіз,тобымызға барайық.Сізге менің бүлдіршіндерім өздерінің көмегін көрсетеді.

Балалар жүріңіздер тобымызға барайық.Орындарыңа отырыңдар.

Тәрбиеші :Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Қиылған суреттер»

Балалар барлығымыз суретке қарайықшы ненің суреті?

Балалар: Алма. Алмұрт. Апельсин. Банан.

Тәрбиеші: Өте дұрыс, бұлардың барлығын жемістер деп атаймыз. Балалар жемістер бау-бақшада өседі.Балалар апельсиннің түсі қандай?

Балалар: сары

Тәрбиеші: Пішіні қандай?

Балалар :Дөңгелек

Тәрбиеші: Өте жақсы

Балалар мынау менің қолымдағы белгісіз жемістің бір бөлшегі,ал мынау екінші бөлшегі,екеуін біріктіріп құрастырсақ,анаса жемісі шығады.

Аю: Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер

Тәрбиеші: Аюжан енді саған өзіміздің көмегімізді көрсетейік

(Аю қораптан қиылған жемістердің суреттерін алып,балаларға таратып береді

Тәрбиеші: Балалар алдарыңыздағы суретке мұқият қараңдаршы,шашылған суреттердің бөлшегі.Бұл суреттерді құрастырып, белгілі зат шығаруымыз керек.

Ендеше барлығымыз бірігіп ,аюдың сыйлығын құрастырып берейік.

Балалар менің қолымдағы суреттен алма жемісі шықты.

Мәди айтағой сенде қандай сурет шықты?

Мәди: Банан

Тәрбиеші: Дұрыс банан жемісі шықты

(Аю қатты қуанады

Аю :Рахмет Балалар ,сендердің көмектеріңді ешқашан ұмытпаймын.

Тәрбиеші :Аюжан ендеше туған күнге кеш қалмай барыңыз.

Аю Сау болыңыз балалар.

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар,ендеше барлығымыз орнымыздан тұрайық,бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар,орындарыңа отырыңдар.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кім келді?

Балалар: Аю

Тәрбиеші :Өте дұрыс,аю келді

Балалар мен сендерге жемістің бір түрін таратып берейін ,бұл не?

Балалар: Алма

Тәрбиеші :Иә,алма.Алма қатты ма,жұмсақ па?

Балалар: Қатты.

Тәрбиеші: Пішіні қандай?

Балалар: Дөңгелек

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Балалар: Сары.

Тәрбиеші: Өте дұрыс.Жарайсыңдар балалар .

Балалар алманың дәмі тәтті болады,дәмін біз қазір оқу қызметімізден кейін көретін боламыз.

Ендеше бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түстерді ажырата біледі.

Түсінеді :Дөңгелек пішінді

Орындайды :Қиылған суреттерді құрастырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі