400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Білім беру саласындағы жаңашылдық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласындағы жаңашылдық

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Суюндинова Азиғат Бекжанқызы



Білім беру саласындағы жаңашылдық Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді.

Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.

 

Білім беру мекемелерін оңтайландыру бағыты бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып жатқан шаралар аз емес. Алдымен, оған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған білім ордаларын айтуға болады. Аталған бағдарлама аясында 2009-2010 жылдары республикада 219 мектеп, 2010 жылы 93 мектеп салынып, пайдалануға берілген екен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның негізгі жоспары - жыл сайын 100 мектеп салу. Осы бағдарламаның аясында еліміздегі әр облыстардағы көптеген елді мекендерде жаңа заманауи білім беру ошақтары ашылды. Әр облыста бой көтерген Назарбаев зияткерлік мектептері осы бағыт негізінде қолға алынған болатын. Жоғары оқу орындарына қатысты айтар болса, қазір жұмыс істеп тұрған барлық ЖОО-ларды тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді тарату қолға алынып жатыр. Бұл да білім беру мекемелерін оңтайландыру бағытында қарастырылатын мәселелердің бірі. 

 

Екінші бағыт - оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Бұл бағыттың үдерістері біздегі білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті сабақтар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейту жоспарланған. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері,12 жылдық мектепке арналған маман

баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта оқытуды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынды. 

 

Үшінші бағыт - білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Бұған инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқалар жатады. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияны енгізу, оқушының жеке интеллектуалдық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыстанып жатыр. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-лары да түрлі инновациялық методикаларды пайдалана басталады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастыруда.

 

Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.

 

Хакім Абайдың мынадай сөзі бар: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма» деген. Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру саласына ерекше көзқарас пен қомақты қаржы бөлінуі керек. Біздің елде осы салаға бөлінген қаражат саны жыл сайын өспесе, кеміп жатқан жоқ. Соңғы 15 жылда ел экономикасының өсімі 16 есеге, соның ішінде білім беру саласына жұмсалатын қаражат 9,5 есеге өскен. Яғни, соңғы жылдардың нақты дерегін келтіретін болсақ, мемлекет тарапынан ғылымға бөлінген қаржы 2011 жылы 26,8 млрд. теңгені, 2012 жылы 48 млрд. теңгені құраған екен. Бұл ғылым саласының одан әрі дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру қарастырылған екен. Яғни, 2012-2014 жылдарда жүргізілген, әлі де жасалатын ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржыландырудың мөлшері 1,731 млрд. теңге құрап отыр. 

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді.

 

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да білім саласы қалыс қалып көрген емес. Білім беру саласындағы жаңашылдыққа ұмтылуда инженерлік оқыту, инновациялық зерттеулерді жетілдіру, ғылым мен бизнестің кооперациясы, перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасын дамыту сынды ұсыныстарды айта кеткен жөн. 

 

Елбасы Н. Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда, соның ішінде халықаралық ЖОО-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды» - делінген. Демек, елдегі білім беру саласы үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Жоғарыда келтірілген бағыттар жүйелі дамитын болса, білім беру саласы да алға жылжитыны сөзсіз. 

 

Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Еліміздегі білім беру саласында қордаланған мәселелер өте көп. Мәселен, мұғалімнің білімсіздігі, оқулықтар мәселесі, басшылардың жүгенсіздігі, оқушылардың тәрбиесі, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер, тағысын тағы. Бұлардың барлығы елдегі білім сапасыздығын арттыратын факторлар саналады. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайды тағы белгілі. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі