Тыныштық
сәті: Нұрға бөлену
Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге
қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп
көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балғын және таза
әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен
тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр
сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.
Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр
аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз
нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек
жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан
әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана
естиді. Нұр көздерімізге де жетті,
көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек
ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр
бірте-бірте қарқын және шұғылана
бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, балаларыңызға,
мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы
нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық
түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің
ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай
Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз…
Енді
осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен
көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Қазіргі
әлемдегі рухани-адамгершілік білім
берудің басымдылығы туралы
Білім
тек өмір сүру үшін ғана емес, ол тіршілік
үшін, өмірді толық және мәнді өмір
сүру үшін керек. Білімнің тиімділігі
жұмысқа орналасу үшін қажеттігінде
тұрған ешқандай жамандық жоқ, бірақ
білімді адамның өмірі тіршілік етуімен,
пайдалы жұмыспен шұғылдануымен ғана
шектелмейді. Қазіргі таңда адамзат
дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің
барлық деңгейлерінде түрлі дағдарысқа
тірелді: жеке тұлғалық дағдарыс
(интеллектуалдық, эмоционалдық,
тәндік), қоғамдық дағдарыс (экономикалық,
саяси, мәдени, отбасылық, білімділік),
экологиялық дағдарыс (ресурстық,
климаттық, табиғи). Осының бәрі адамзатқа
дамудың жаңа жолын іздестіруді талап
етеді. Қазіргі кезеңде жаһандық
мәселелерді шешудің жетекші орталығы
Рим клубы болып саналады, ол өз қатарында
әлемдік деңгейдегі әйгілі ғалымдар
мен саясаткерлердің басын біріктіріп
отыр. Рим клубы адамзаттың материалдар
мен ресурстарды шектеусіз және шексіз
қолданудың әлемдік деңгейдегі
қайшылықтарын анықтады. Материалдарды
тұтыну идеологиясы тұлғаның дамуына
кері әсерін тигізуде.
Рухани
жетістікке «жаңа гуманизмді» дәріптейтін
баршаға ортақ жаһандануға, сүйіспеншілікпен
әділеттілікке және озбырлықтан
жиіркенуге тәрбиелеу нәтижесінде
адамның қасиеттерін өзгерту арқылы
қол жеткізуге болады. Рим клубының
негізін қалаған А.Печчеи адамзат
өндірісті арттыру және қолдану
идеологиясынан, рухани жетілуге қарай
өзгеруі қажет деп санайды. Мәселенің
шешімі – адамның тек ішкі жағында.
«Өзін-өзі
тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасының психологиялық-
педагогикалық негіздері
«Адам
бойындағы рухани даму мүмкіндігін
көрсететін тағы бір жайт – оның айқын
өмірлік позициясының болуы. Егер ол
тек ғана баюға ұмтылатын, бірақ еліне
өз отандастарына қол ұшын беруді,
көмектесуді ойламайтын, имандылық
пен адамгершіліктен аулақ тұрған
болса, қанша кітап оқыса да, бәрібір,
ондай адамның руханилығы туралы сөз
болуы да мүмкін емес»
Әбдімәлік
Нысанбаев.
Руханилық
бұл адам табиғаты, адам ойы, санасы,
еркі, бұл адамның ерекшелігін құрайтын
біртұтас ағын. Адам Әлеммен тығыз
байланыста. Руханилық табиғатта жоқ
нәрсе. Біз оны өз санамызбен, жеке
дамуымыз арқылы жасап, құрамыз. Адам
руханилығы болмыстың жоғары рухани
қырымен байланысты.
Жаһандану
ұғымы, жалпы алғанда әлемдік өркениеттің
аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық
өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.
Жаһандану белгілі бір үдерістердің
жалпығаламшарлық сипатын білдіреді.
Қазіргі дәуірде бүкіл адамзат
әлуметтік-мәдени-экономикалық, саяси
және басқа да байланыстар мен біріңғай
жүйесіне енді.
Сонымен қатар, ғылымның, техника мен
ақпараттық технологиялардың дамуы
өте жоғары деңгейге жетті, сәйкесінше,
қазіргі өркениеттің жайлылығы өсті,
алайда осыған қарамастан әлемде
тыныштық пен сенімділік жоқ. Барлық
дағдарыстың себебі - адамдардың рухани
- адамгершілігінің төмендеуі.
Оқыту,
ойлау, түсіну барысы – сана ішінде
қалыптасады. Оқыту, ойлау, түсіну
барысы – бес сезім мүшелері арқылы
қалыптасады, олардың екеуі – көру
және есту – ақпаратты қабылдаудың ең
қажет жолдары. Бес сезім мүшелері
арқылы ақпарат қоршаған ортадан
адамның түпкі санасына түсіп,
эмоционалдық реңге енеді.
Оқыту
үдерісі, ойлану және түсіну – бұның
бәрі сананың ішінде болады. Сыртқы
әлемнен алынған ақпарат бес сезім
мүшесі арқылы түпкі санаға (саналық
немесе бейсаналық) келіп түседі де,
онда психоэмоциялық реңге ие болады.
Сананың құрылымы, оның табиғаты – ол
адамның руханилығымен байланысты
психологияның түбегейлі мәселелерінің
бірі. Зигмунд Фрейд ең алғаш рет адам
санасынан оның бейсаналық аймағын
бөліп алып құрылымын анықтады. Ол
невроздарды зерттей отырып, сана
аймағынан ығыстырылған эмоциялар
табады да осы аймақты түпкі сана деп
атайды.
Карл
Густав Юнг сананың жеке тұлғалық төмен
деңгейінен басқа сананың жоғары
деңгейі (жоғары сана) бар екенін
зерделей отырып, бейсаналық ұғымын
кеңейте түсті, ол адам күйзеліске түсу
барысында оның бойында шығармашылық
рухани қуатының оянатынын атап
көрсетті. Осындай жоғары деңгейдегі
дәрежеге ұмтылу үшін адамның ішкі
санасының тазаруы және ізгіленуі
қажет, сол мақсатпен «Өзін-өзі тану»
білім беру Бағдарламасының әдістемесі
бағытталып құрылады.
Сананы
тазарту - мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтардың жарыққа шығуы. Бірақ
санамызды тазартуды бастамастан
бұрын, тыныштықты сақтап, өз
көңіл-күйімізді реттей білуіміз қажет.
Ақиқатқа негізделген көңіл-күй арқылы
ақылымыз бен денемізді тыныштандыру
керек. Олар тыныштанған кезде автоматты
түрде жүрегіміз ашылады. Тек қана
жақсы ойлар ойлау керекпіз, сонда ғана
біздің санамыз жоғарылайды. Бұл жолды
тек қана сүйіспеншіліктің көмегімен
өту тиіс. Бұл сүйіспеншілік – шексіз,
шынайы болуы қажет. Осындай сүйіспеншілікті
бастан кешіргенде ғана, рухани шабыт
біздің санамыздың жоғарылауына әкеп
соғады. Бұл бізге тыныштық табуға
көмектесіп, іс-әрекетімізді нақты
етіп, даналықты игеруге мүмкіндік
береді
4.
Өзін-өзі танудың аксиологиялық
аспектілері
Акcиология-(грекше-құндылық,логос-ілім)деген
мағынаны білдіреді.
Құндылық
категориясын зерттейтін филосифия
саласы.
Адам
үшін аса маңызды заттар
құбылыстар,қасиеттер,жай-күйлерді
құндылықтар деп атайды..
Құндылықтар
туралы ойды ең алғаш ашқан Сократ
болатын.
Петракова
ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі
оларды үш түрге бөліп қарастыруды
көздейді.
Олар:
табиғи,жүре пайда болған және абсалюттік.
Табиғи
құндылық -адамның
табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеті
құндылығы.
Жүре
пайда болған құндылық-бұл адамның
интелектуалды және адамгершілік
тұрғыдан дамуы барысында меңгерген
құндылықтар.
Абсалюттік
жалпыадамзаттық құндылық-ол
уақытқа бағынбайтын,ешқандай
ортамен,қоғаммен шектелмейтін,бүкіл
адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс
әрекет
Ішкі
тыныштық
Қиянат
жасамау
5.Өзін-өзі
тану мен басқа пәндермен интеграциялау
Қазіргі
кезде жас ұрпақты сапалы да ,саналы
етіп тәрбиелеу заман талабы. Күн сайын
біз ұстаздар жаңа нәрсе іздеуге
талпынамыз. Ол рухани адамгершілік
құндылықты бала бойына барлық пәндерде
оқыту мазмұнына енгізу.
Биологиялық
тұрғыда:
Жүрек-ол барлық нәрсені алдын ала
сезіп біліп отырады. Жүрегіміз мейірлене
қараймыз. Барлық адамдарды жүрегімізге
жақын тартамыз.Адамдардың бір-бірін
жақсы көруі,көмектесуі,мейірімді
болуы барлығы да жүректен бастау
алады. Жүрегімізге жақын адамдарға
жанымыз ашып,қайырымды,қамқор боламыз.
Қазақ
тілі: Шешендік
сөз ақыл парасатқа мазмұнды,мәнді
болады.Шешен сөз айтушының ақыл-ой
дәрежесіне,білімділігіне
байланысты.Шешендік ғылымның теориясының
болуы,Цицерион айтқан жақсы шешен
болу үшін білімнің болуы аса маңызды
дейді.
Адамгершілік
тұрғыда:
Адамдар бір-біріне сөйлеу арқылы
мейірімді,жанащыр екенін білдіре
алады. Шешендік тілде сөйлейтін адамдар
дөрекі сөз сөйлемей,астарлап сөйлеп
адамдардың көңілін қалдырмауға
тырысатын болған. Оқушыларға жүйелі
сөйлеуді үйретіп,дұрыс әрекет жасауға
бағыт-бағдар бере аламыз. Сөйлеу арқылы
адамдар жылы сөздер айтады.
Дүниетану:
Құлақ-есту мүшесі. Құлақ арқылы
айналадағы дыбыстарды естиміз.Есту
арқылы,не болып жатқанын ажырата
аламыз. Құлағымызды үщкір заттардан
сақтауымыз керек.
Адами
тұрғыда:
Құлақ арқылы жақсы сөз естиміз.Бізде
жақсы болуға тырысамыз. Ақиқатты
тыңдаймыз. Шын сөйлеуге дағдыланамыз,Жылы
сөз есту арқылы,жүрегіміз сүйіспеншілікке
толы болады.
Интеграция
– бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын
және әлемдік көзқарасын анықтайды.
Интеграция процесі (латын тілінен
аударғанда integratio – біріктіру, қалыпқа
келтіру) бірін – бірі толықтыратын,
бір – бірімен байланысты жеке ұғымдарды
бір тұтас етіп біріктіру.
«Балалар
білімді аңсайды, бірақ олар жансыз
білім емес, жанды білімді аңсайды»Ш.
А. Амонашвили
Жансыз
білім
Бұл
білім хабарлана салысымен ұмытылып
қалатыны.
Бұл
білімді оқушылар мектеп табалдырығынан
аттамай жатып,сол жерде қалдырып
кететін, оған қызықпайтын және ол үшін
өкінбейтін білім.
Жанды
білім
– бұл адамды руханиландырады, ғылымға
ұмтылдырады, ойларын жаңа ізденіске
бұрып , жарыққа шығарады деген сөз.
6.Өзін-өзі
тану рухани адамгершілік білім берудегі
мұғалімнің ролі
Қазіргі
таңда мұғалім тұлғасының қайта өзгеруі
барлық әдістемелер мен бағдарламалардан
маңыздырақ екені дәлелдеуді қажет
етпейді. Бұл жайында әйгілі қазақ
ұстазы Ы. Алтынсарин өте жақсы айтқан:
«Мұғалім – білім берудегі ең маңызды
адам. Ең озық педагогикалық оқу
құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал
инспекторлық бақылау маңызы жағынан
мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды.
Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі
барлық асыл заттардын қымбат».
Осы
жайында Ш.А. Амонашвили былай деген:
«Барлық реформалар басталуы тиіс
жерде емес, әуел бастан құрдымға
ұшырайтын жерде басталады. Реформа
тек мұғалім бойында басталады. Егер
мен – нашар мұғалім болсам, маған
берілген ең жақсы бағдарламаларды
мен қандай деңгейге айналдырып
жіберемін? Егер мен жақсы мұғалім
болсам, маған берілген нашар
бағдарламаларды қандай деңгейге
жеткіземін? Әдістемені өз бетіңше
көре білуге тырысып, балаларға өз-өзіңді
ұсын. Сонымен, мектепті кім реформалайды?
Өз бағдарламаларымен министр ме? Әлде,
жеке ақиқаттарыыммен мен бе? Мұғалімді
ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу
керек. Мұғалімдерді балағаттаудың
орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір
суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер
21 ғасырдың ортасын салып жатыр».
Мұғалім
– ақыл кемістігін жоя отырып, жер
бетінде бейбітшілік орнауын қамтамасыз
етіп, өзін ұстай білуге үйретеді. Егер
оқушы өзін нашар ұстаса, бір адамның
мінезі азап шегеді, егер мұғалім өзін
нашар ұстаса, бұл көп оқушының мінезіне
зиян келтіреді. Егер мұғалім өз ісіне
беріліп, таза болса, онда мыңдаған
оқушы жақсара түседі және еліміз
білімді, кемел ұл-қыздарға ие болады.
Ежелден
мұғалімнің рөлі барлық әлем халықтарында
ұлық болған, мұғалімнің міндеттері
басқарушылар мен ата-аналардың
міндеттерімен қатар құрметтелген.
Ежелгі заманда мұғалімдерді, адамдарға
деген құрмет қатынастарын, өскелең
ұрпаққа білім беру жауапкершілігін
өз қолдарына алғандықтарын ескере
отырып шеберлер деп атаған. Мұғалімдер
кез келген қоғамда жоғары сұранысқа
ие, себебі әлеуметік ортаны қалыптастыру
солардың қолдарында, олар өмірге
жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ
ұрпақты даярлайды.
Оқу
білімдерін меңгертумен қатар, педагог
тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына
да жауапты екендігін ұмытпаған жөн.
Мұғалімнің басты борышы дәл осында,
өскелең ұрпақтың рухани әлемін
тәрбиелеуде, адамның қоғамда өмір
сүруінің моральдық нормалары мен
ережелерін айқындауында болып табылады.
Мұғалім бала кезден бастап баланың
бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды
жарыққа шығарады, әлемге деген дұрыс
қатынасқа дағдыландырады, мораль
нормаларына және ар-ұжданға сәйкес
өз мінез-құлқын түзетуге үйретеді,
қоршаған ортаға қатысты ізгілік,
құрмет, мейірімділік, қайырымдылық
пен төзімділік қасиеттерімен өмір
сүруге баулиды.
Мұғалімдердің
тәрбие алушылар үшін жасайтын кішігірім
ерліктері оқушылардың оларды өмір
бойы жадыларында ұстауына мүмкіндік
туғызады. Кез келген жағдайда өз
шәкіртінің мұқтаждығына көмекке келе
алатын шынайы мұғалім балалардың
тағдырларында орасан зор рөлге ие
болады және оның келбеті тіл алмайтын
оқушының өзінің жүрек тереңінде
мәңгілікке қалады.
Лев
Николаевич Толстой өз шығармаларының
бірінде былай деп жазады: «Егер
мұғалімнің іске деген сүйіспеншілігі
болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер
мұғалім оқушыға әке-шешесі секілді
сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда
ол барлық кітапты оқыған, алайда іске
де, оқушыларға да сүйіспеншілігі жоқ
мұғалімнен әлдеқайда жақсы болады.
Егер мұғалім іске және шәкіртке деген
сүйіспеншіліктерін біріктіретін
болса, онда ол – кемел мұғалім».
Әртүрлі
өмірлік жағдайлар біздің ұстаздарымыз
бола алады, себебі өмірдің өзі бізге
көп нәрсені үйретеді. Сондықтан, теріс
мәселелер мен жағдайлардан қашуға
тырыспау керек, себебі, оларды жеңе
отырып, біз рухани деңгейде өсеміз.
Тәжірибесімен көреген, сөзі мен ісі
сай мұғалімнің қасындағы шәкірттің
жолы қандай жеңіл. Соған қарамастан,
мұғалімнің өз ізденісін тоқтатпайды,
себебі өмірдің өзі – ұлы мектеп.
Кез
келген адамның өміріндегі мұғалімнің
рөлін қайта бағалау қиын. Өз шәкірттерін
қоғамда өмір сүруге және еңбектенуге,
жақсылық пен жамандықты ажырата
білуге, өз ар-ұжданымен үйлесімде өмір
сүруге тәрбиелейтін шынайы мұғалім
оқушылар мен олардың ата-аналарының
жадында мәңгілікке қалатындығы хақ.
7.
Жағдаяттарды шешу
Ата-ана
мұғалімге келіп, «Менің баламды сіз
төмен бағалап жүрсіз.Ол соңғы кезде
мектепке де келгісі, тіпті сабақ
оқығысы да келмейді» деп шағымданды.Сол
мұғалімнің орнында сіз қайтер
едіңіз?
Сіз
сынып жетекшісіз.Сыныбыңда екі
оқушы өзара ренжісіп, тіпті өштесіп
алған.Сіз оларды қалай тәрбиелейсіз?
Оқушыңыз
сабақтан себепсіз жиі қала береді.Әр
сөйлескен сайын уәдені үйіп-төгіп,
сізбен жылы қарым- қатынасты сақтап
кете барады.Бұл оқушымен қалай
жұмыс істер едіңіз?
Ертең
ашық сабақ өткізем деген күні қатты
ауырып қалдың.Ал сен барыңша
дайындалып, хабарлап қойдың.Не істер
едің?
Оқушының
берген жауабының растығына
күмәнданып, сынып жетекші оның
туысымен сөйлесті.Сол кезде оның
өтірік айтқанына көзі жетті.Оқушының
қателігін қалай жөндер едің?
Ұл
баланың шашын өсіруі әрине
еліктеушіліктен болады.Бір оқушыңыздың
шашы ерсі ұзын болып өсіп кеткен.Өзі
«сән» деп қиғысы келмейді.Қалай
түсіндіресіз?
8.Шығармашылық
жұмыс (интеграция)
9.Топпен
ән айту: Дуние
керуен
(Жігіттер тобы)
9.
Қорытынды:
Келешекте
жас ұрпақты бар мейірімі мен күш
жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің
тұтқасы болуына ұстаздар аянбай
еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар,
халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді
де саналы ұрпақ өсіретінімізге
сенімдімін.
Балаларға деген бар сүйіспеншіліктеріңді
үйрете отырып,тәрбие мен қоса білім
беру жолында,ұстаздардың еңбегі өте
зор. Осы еңбектеріңнің тәтті жемісі
оқушының рухани адамгершілігі мол
түлға болып қалыптасуы. Еліне адал
қызмет жасайтын ұл-қыздарды тәрбиелей
берейік.
|