400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы:Қатынас Ашық-оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Үй құстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру,үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету.Ойын арқылы сөздік қорларын молайту.Үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге,құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас

Ашық-оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Үй құстары.

Мақсаты:Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру,үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету.Ойын арқылы сөздік қорларын молайту.Үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге,құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:үй құстарының суреттері

Барысы: Балалар ең алдымен Амандасу адамгершіліктің әдептіліктің баспалдағы деп келген қонақтармен алайық..Балалар күн суық болсада, біздің жүрегіміз жылы.Жылуымызды жан-жағымызға беріп,жылулық шеңберін жасайық..

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Жарайсыңдар, балалар орындарыңа отыра қойыңдар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Тосын сәт:Топқа үй құстарын акеліп көрсету,түсіндіру.

Топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.

-Балалар сендер нені құрастырдыңдар?

Яғни, балалар бұлар үй құстары екен.Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Үй құстары деп аталады.

-Балалар қанекей назар аударайықшы.

Балалар үй құстарының атын атап кетсем: Әтеш тауық,балапан,қаз,үйрек.(Суреттерін тақтаға іле отырып атау). Балалар ,үй құстары жеммен қоректенеді.Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы көп жұмыртқасынан түрлі торттар,бәліштер пісіреді, етін адамдар сорпа тағамы ретінде пайдаланады,жүнінен жастық,көрпе жасайды.Сол себеті адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп,асырайды.Қора жасайды,ұя салады,жем береді,су құяды.

-Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса қазір қиял-ғажайыптар еліне саяхаттап,серуендеп емес қиялдап,көзімізді жұмып барамыз.Қанекей бәріміз көзімізді жұмайық. Музыка қосылады.

Балалар ертегілер еліне жеткен сияқтымыз,көзімізді ашайық.

Сендер тыныш отыра тұрыңдар,мен барып мына тұрған үйшікті қағып көрейін.

-Тук-тук кім бар екен?

-Мен бармын

-Сіз кімсіз?

-Мен қиял-ғажайып еліндегі ертекші әжеймін.

-Ооо,жақсы болды ғой.Біздің ертегі тыңдағымыз келеді.Сіз бізге «Үй құстарына» байланысты ертегі айтып бересіз бе?

-Сендер мені мұқият тыңдасаңдар айтып беремін.

-Жарайды келістік Біз ертегіні тыныш отырып тыңдауға уәде береміз.

-Олай болса мен сендерге «Екі әтеш» ертегісін айтып беремін.

-Балалар сендерге ертекші әжейдің ертегісі ұнады ма?

-Сіздің ертегіңіз бізге қатты ұнады.Біз енді өз елімізге оралайық. Рахмет сізге ертекші әжей. Сау болыңыз.

-Сау болыңдар ,балалар.

-Балалар елімізге қайту үшін көзімізді жұмамыз,музыка ойналады.

Балалар елімізге келдік көзімізді ашсақ болады.

Біз жаңа қайда саяхаттап келдік?

-Ол жақта кім бар екен?

-Иә,ертекші әжей бізге қандай ертегі оқып берді.

-Ертегінің ішінде қандай кейіпкерлер бар екен?

-Иә дұрыс айтасыңдар .Әтеш,балапандар үй құстарына жатады.

-Балалар үй құстарының дыбысын салу арқылы тілімізге жаттығу жасайықшы.

-Тауық қалай дыбыстайды? Қыт-қыт

-Үйрек қалай дыбыстайды?кря-кря

-Қаз калай дыбыстайды?га-га

-Әтеш қалай дыбыстайды?ку-ка-ре-ку.

Дидактикалық ойын: «Қай құс жоқ?»

Балалардың алдына үй құстарының суреттері қойылады

Балаларға көзіңді жұм деп,бір құстың суретін жасырып қоямыз .Көздеріңді аш дегенде қай құстың суреті жасырылғанын табу керек.

Жаңылтпаш жаттайық

Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады

Сергіту сәті:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әжең келсе есік аш,

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Қасқыр келсе мықтап бас.

Дидактикалық ойын:Үй құстары мен дала құстарын орналастыр.Балалардың қолдарына суреттер таратылады.

Қорытынды: аудио таспа тыңдау.құстардың аталуы

-Неліктен бұл құстарды үй құстары дейміз?

-Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

-Өте жақсы ,дұрыс айтасыңдар.

Балалар барлығыңызда оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар,тапсырмаларды жақсы орындадыңыздар, рахмет сендерге.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі