Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру үдерісінің сапасын арттыруда әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік жұмыс- бұл оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің неғұрлым ыңғайлы және тиімді жаңа формалары мен әдістерін іздеп табу, оларды оқу және тәрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп









Әдістемелік жұмыс

Тақырыбы: Білім беру үдерісінің сапасын арттыруда әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру







Авторы: Сәтмаханова Бибігүл Әліпбекқызы

Лауазымы: оқу жұмысы жөніндегі орынбасар

















Педагог туралы мәлімет

1.Аты жөні Сәтмаханова Бибігүл Әліпбекқызы

2. Туған жылы, айы, күні 17.04.1972 жыл

3.Жұмыс орны Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп

4.Лауазымы Оқу жұмысы жөніндегі орынбасар

5.Педагогикалық жұмыс өтілі 31 жыл

6. Біліктілік санат Екінші біліктілік санатты орынбасар

7.Білімі (оқу орнының атауы, бітіріген жылы , мамандығы)

Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, 1994 жыл, химия-биология пәнінің мұғалімі

































Мазмұны

1.Кіріспе_____________________________________________________

2.Әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеті_____________________

3. SWOT талдау_______________________________________________

4. Білім беру үдерісінің сапасын арттырудағы өзгерістер_____________

5. Білім беру ұйымының жұмысының тиімділігін арттырушы негізгі 3

қозғаушы күш_______________________________________________

6. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында жүргізілетін жұмыстар____________________________________________________

7. Қорытынды_________________________________________________

































Аңдатпа

Бұл әдістемелік құрал -білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. Әдістемелік құралда ұжымның ішкі жағдайын ескере отырып, педагогтардың білім алушыларға білім беру сапасын арттырудың жолдары ұсынылған. Білім беру ұйымы педагогтерінің табысты жұмыс істеуі, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін бірлесе әрекет ететін топтардың жұмысының білім алушылардың білім сапасын арттырудағы тиімді әдістемесі көрсетілген.

Мақсатты аудиториясы

-оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлар;

-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар;

-бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасарлар.































Білім беру үдерісінің сапасын арттыруда әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

Кіріспе

«Командалық жұмыс-ортақ ұстаным тұрғысынан бірлесіп

жұмыс істеу қабілеті, жеке жетістіктерді ұйым мақсатына

бағыттай алу қабілеті. Бұл қарапайым адамдарға күтпеген

нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жанармай»

Генри Форд

Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күн сайын артып келеді. Заманауи ойлауға қабілетті, алған білімін тез өзгеретін қоғамда жүзеге асыра алатын тұлғаны жоғары кәсіби шеберлігі бар мұғалімдер ғана тәрбиелей алады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың іс-әрекетін жүйелі, тиімді ұйымдастыру үшін өз іс-әрекетіне талдау жасай білуінде. "Кәсібилік" ұғымына пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық-педагогикалық білімдер мен дағдылар ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің тұлғалық әлеуеті де қамтылады. оның кәсіби құндылықтар жүйесі, сенімдері, көзқарастары.

Білім беру үдерісінің сапасы-оқушылардың білім, білік, дағды деңгейімен ғана емес, оқыту ортасының сапасы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу бағдарламасының тиімділігі және білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімделуімен анықталатын кешенді ұғым.























Әдістемелік жұмыс- бұл оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің неғұрлым ыңғайлы және тиімді жаңа формалары мен әдістерін іздеп табу, оларды оқу және тәрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдану мақсаттарын көздейтін мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің басқаруымен өткізілетін іс-шараларды көрсететін педагогикалық әрекеттің негізгі түрі.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

  • педагогтардың кәсіби дамуын қолдау;

  • мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • оқушылардың білім деңгейін көтеру;

  • білім беру нәтижелерінің тұрақты өсуіне ықпал ету.



Міндеттері:

  • Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру және үздіксіз дамуына жағдай жасау;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын оқу үдерісіне енгізу;

  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау арқылы білім сапасын арттыру жолдарын айқындау;

  • Педагогтардың шығармашылық бастамаларын қолдау және ынталандыру.



Күтілетін нәтижелер:

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік дайындығының артуы;

  • Сабақ беру сапасының жақсаруы және оқыту әдістерінің жаңаруы;

  • Оқушылардың білім сапасы мен оқу мотивациясының жоғарлауы;

  • Инновациялық және цифрлық технологияларды тиімді қолданатын педагогтар санының артуы;

  • Білім беру ұйымында сапалы, тұрақты және тиімді білім беру ортасының қалыптасуы.

Осы мақсатқа жету жолында қойылған педагог кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісіне қолдану, оқу сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу үдерісіне әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру міндеттерін шешу үшін мектептің педагогикалық кадрларының әлеуетіне SWOT талдау жасау қажет. SWOT талдау арқылы педагогикалық ұжымның ішкі және сыртқы факторларын бағалайды. SWOT талдауы ұжымның күшті және әлсіз жақтарының шынайы және деректерге негізделген бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Мысалы:

SWOT талдау

(педагогикалық кадр)

Күшті жағы

-аудандық, облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадалары мен байқауларына қатысушылар мен жүлдегерлердің болуы;

-сандық технологияларды жақсы меңгерген жас мамандардың болуы;

- аудандық, облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадалары мен байқауларына қатысушылар мен жүлдегерлер дайындаған мұғалімдердің болуы;

-тәжірибелі ұстаздардың болуы;

Әлсіз жағы

-мұғалімдердің сапалық құрамы (педагог-шебер мұғалім болмауы, педагог-зерттеуші мұғалімдердің аздығы)

-тәжірибелі ұстаздардың білім беру платформаларын жақсы меңгермеуі;


Мүмкіндіктер

-мұғалімдердің оқушы жетістіктері үшін уақытпен санаспай жұмыс істеуі;

-жас мамандардың кәсіби білімін жетілдірудегі ізденімпаздығы;


-өз сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланатын мұғалімдердің болуы;

-мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуға ашықтығы;

-функционалдық сауаттылыққа қол жеткізетін тапсырмалар дайындауға деген қызығушылықтарының жоғары болуы;


Қауіп-қатер

-дарынды және талантты балалардың потенциалының толық ашылмауы;

-сабақтың дәстүрлі түрде өтуі;

-пән кабинеттерінің жеткіліксіздігі;

-интернет желісінің әлсіздігі;

-кейбір пән мұғалімдерінің мектептегі іс-шараларға қатысуының төмендігі;

-оқушылардың тек онлайн байқауларға қатысуымен шектелу;



SWOT талдау нәтижелерін талдай отырып, жаңа жұмыс бағыттарын жоспарлап, санға емес сапаға бағытталған жұмыстар жоспарлауда нұсқаулық ретінде пайдалану нәтижеге жеткізеді.

Білім беру үдерісінің сапасын арттыруда өзгерістерді жүзеге асыру-жүйелі, кешенді және ұзақ мерзімді жұмысты талап ететін маңызды бағыт.

1.Оқыту әдістерін жетілдіру

  • Белсенді оқыту әдістерін қолдану

  • Оқушыға бағытталған оқыту моделін енгізу

  • Дифференциация және жекелендірілген оқыту

2.Цифрлық технологияларды енгізу

  • Онлайн платформалар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану

  • Цифрлық сауаттылықты арттыру

3.Педагогтардың кәсіби дамуы

  • Үздіксіз біліктілікті арттыру курстары

  • Педагогикалық коучинг

  • Көшбасшылық

  • Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту

4.Басқару және білім беру ортасы

  • Мектепішілік басқарудың тиімді моделін қалыптастыру

  • Ынтымақтастыққа негізделген білім беру ортасы

  • Ата-аналармен серіктестік

  • Қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету

Білім беру ұйымының жұмысының тиімділігін арттыру үшін мектептегі негізгі 3 қозғаушы күш өз міндеттерін нақты бөлісуі қажет.

Shape1

Пән мұғалімі

-бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің өзара сабаққа енуі;

-оқушының негізгі игере алмаған тақырыптарын, оқу мақсаттарын анықтау;

- оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарын жасау;

-сыныптағы әрбір оқушының білім сапасына талдау жасау

Сынып жетекші

-Сыныптағы тоқсан қорытындысына бір пәннен «3» болған оқушыларды анықтау

-пән мұғалімдерімен оқушы білімінің төмен болу себептерін талқылау

-ата-анамен байланыс жасау (бейресми)

Мектеп әкімшілігі

-тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасына талдау жасау;

-мектеп бойынша бір пәннен «3» болған оқушыларды анықтау;

-пән әдіс бірлестігінде сыныптар бойынша жеке пәндердің білім сапасын талқылау;

-мұғалімдерге әдістемелік көмек беру (семинар-практикум, тренингтер өткізу)

Мұғалімнің шеберлігін арттырудың негізгі жолдарының бірі-үздіксіз кәсіби білімін жетілдіру. Біліктілікті арттыру курстарына қатысу, семинарлар мен тренингтерге бару педагогтардың жаңа әдіс –тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді. Мектепішілік семинарларды, коучингтерді ұйымдастыру мұғалімдердің көшбасшылық құзіреттілігін және ұйымдастырушылық, бәсекелестік, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады.

Семинар тақырыптары

Өткізілетін іс-шараның тақырыбы

формасы

мерзімі

жауапты

1

Оқу мақсаттары мен ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіру

Семинар

қараша


2

Мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдары

Семинар -тренинг

қараша


3

Мұғалімнің эмоционалдық күйзелісінің алдын алу

тренинг

Қараша


4

Сабақта тиімділігі жоғары кері байланыс түрлері

Семинар-тренинг


желтоқсан


5

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс -тәсілдер»

Семинар-кеңес

қаңтар


6

Оқушылардың мотивациясын арттыру жолдары

Семинар-практикум

қаңтар


7

Цифрлық педагогика: жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар

Семинар

қаңтар


8

Пәнді оқытуда құндылыққа баулу жолдары

Семинар

ақпан


9

Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру

Семинар

наурыз


10

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары

Семинар-практикум

Сәуір



11

Оқушылардың шығармашылық көрмесін ұйымдастыру

Көрме


Наурыз





Семинар сценарийі

Тақырыбы: Оқу мақсаттары мен ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіру

Ұзақтығы-60-90 минут

Фрматы: практикалық-тәжірибелік семинар

Мақсаты:

  • мұғалімдерге оқу мақсаттарының құрылымын түсіндіру;

  • ойлау дағдыларының деңгейлері (Блум таксономиясы) мен оқу мақсаттары арасындағы байланысын анықтау;

  • қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерін ойлау деңгейлеріне сәйкес әзірлеуге үйрету;

  • ойлау мақсаттарына сай тапсырмалар құратыру дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

  • оқу мақсаттарын ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкестендіреді;

  • ойлау деңгейлеріне нақты тапсырмалар құрастыра алады;

  • оқу үдерісін жоспарлауда ойлау мақсаттары мен ойлау деңгейін дұрыс байланыстырады.

Қажетті ресурстар

  • Стикер

  • Маркер

  • Таратпа материалдар

  • Флипчарт

Семинардың жүру барысы:

І. Кіріспе 10 минут

1. Танысу жаттығуы- «Ассоциация»

Қатысушылар «ойлау дағдысы» және «оқу мақсаты» деген ұғымдарды стикерге жазып, тақтаға орналастырады.

Талқылау сұрақтары:

  • Қандай сөздер жиі қайталанды?

  • ОМ мен ОД арасында қандай байланыс бар?

ІІ. Теориялық бөлім (15 минут)

  1. Оқу мақсаттарының құрылымы

  • Білім беру деңгейі

  • Бөлім, бөлімше

  • Қажетті әрекет (етістік)

  • Күтілетін нәтиже

  1. Ойлау дағдылары деңгейлері (Блум таксономиясы)

  • Білу

  • Түсіну

  • Қолдану

  • Талдау

  • Жинақтау

  • Бағалау

Мысалы: 6.3.1.1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау

Түсіну деңгейі

ІІІ. Практикалық бөлім (30 минут)

Тапсырма 1. Оқу мақсаттарын деңгейлерге бөлу

Топтарға мақсаттары жазылған үлестірме қағаздар таратылады.

Міндеті: Әр оқу мақсатын Блум деңгейіне сәйкестендіру

Үлгі: 5.1.3.1-Кейіпкерге сипаттама беру-талдау

4.5.1.1-мәтінді тыңдап негізгі ақпаратты табу-түсіну

Тапсырма 2. Тапсырмалар құрастыру

Әр топқа 3-4 оқу мақсаты беріледі. Міндет:

Осы оқу мақсаттары бойынша 3 деңгейлі тапсырма құрастыру

Төмен деңгей (білу, түсіну)

Орта деңгей (қолдану)

Жоғары деңгей (талдау, жинақтау, бағалау)

Тапсырма құрастыру ескеру қажет:

  • Етістікке назар аудару

  • Не талап ететінін анықтау

  • Оны Блум деңгейіне сәйкес орналастыру



IV. Рефлексия және талқылау

Сұрақтар

  • Сәйкестендіру барысында қандай қиындықтар кездестірдіңіз?

  • Қандай жаңа идея алдыңыз?

  • Бұл тәсілдерді сабақ жоспарлауға қалай қолданасыз?

Кері байланыс. «Бір қадам-бір идея» әдісі. Қатысушылар стикерге семинардан алған бір пайдалы идеяны жазады.

V. Қорытынды

Негізгі тұжырымдарды бекіту

«Мұғалімнің эмоциялық күйзелісінің алдын алу»тақырыбындағы психологиялық тренингтің сценрийі

Тақырыбы:Мұғалімнің эмоциялық күйзелісінің алдын алу.

Мақсаты:

Мұғалімдердің кәсіби күйзелісінің алдын алу

Эмоционалдық демалыс беру, позитивті орта қалыптастыру

Ұжымдастықты нығайту

Бірлік пен қолдауды сезіндіру іс-шараның барысы:

1. Кіріспе сөз

Іс-шара мақсаты мен маңызын түсіндіру

Педагогтардың психоэмоциялық жағдайы – сапалы білімнің негізі екендігін атап өту

2. Қатысушыларды топқа бөлу

Кофе әдісі арқылы топтарға бөлінеді (әр үстелде кофе суреті немесе дәмі бойынша: «латте», «капучино», «эспрессо» т.б.)

3. Баяндамалар бөлімі:

Кәсіби күйзеліс туралы баяндама

Стресс түрлері

Мұғалімдер арасында жиі кездесетін белгілер

Алдын алу жолдары мен мектептегі әлеуметтік қолдау тетіктері

Кәсіптік бағдар бойынша кеңес

Мұғалім мамандығының құндылығы

Эмоциялық ресурс көзі ретінде өзін-өзі дамыту

4. Тренингтік бөлім

«Ұжым – біртұтас отбасы» тренингі:

Аяқталмаған суретәдісі: Әр топқа жартылай салынған сурет беріледі, олар оны өз қиялымен толықтырып, ұжымдағы рөлдерін бейнелейді

Презентация жасап, өзара бөліседі

«Біз біргеміз» жаттығуы:

Шеңберде тұрып, қатысушылар бір-біріне жылы лебіз, қолдау айтады

Командалық рухты көтеру

«Сәлем хат» техникасы Т.Махмутова

Қатысушылар бір-біріне жасырын түрде жылы сөз жазылған хат қалдырады

Оларды кездейсоқ түрде таратып, соңында оқиды

Әнтерапия

«Ұстазым» әнін ұжыммен бірге орындау

Эмоциялық релаксация, рухты көтеру

Қорытынды:

Психолог қорытынды жасап, әр мұғалімге арналған ресурстық кеңестер мен аффирмациялар ұсынады

Кері байланыс: «Бүгін не сезіндім? Не алдым?» (стикер арқылы)

6. Фотосессия және еркін пікір алмасу бөлімі


«Мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар-тренингтің сценарийі

Тақырыбы: «Мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар-тренингтің сценарийі

Форматы: Семинар-тренинг

Семинардың мақсаты:

  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған тиімді тәсілдерді тәжірибе арқылы көрсету

Күтілетін нәтиже:

  • Педагогикалық , әдістемелік, психологиялық және коммуникативтің шеберліктің мәнін түсінеді.

  • Белсенді оқыту әдістерін сабаққа бейімдей алады.

  • Кері байланыс берудің тиімді жолдарын меңгереді.

Семинар барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Қатысушыларды тіркеу

1.2. «Тиімді мұғалім» миға шабуыл

ІІ.Теориялық бөлім

    1. Мини-лекция. Мұғалім шеберлігін арттырудың негізгі бағыттары

ІІ.Практикалық бөлім

Топтық жұмыстар

1.1. «Шебер мұғалім моделі» Постер жасау

1.2. Шеберлікке тапсырма . «Тиімді сабақ құру»

ІІІ. Сергіту сәті

IV. Рефлексия және кері байланыс

Онлайн платформа арқылы кері байланыс алу










Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында жүргізілетін жұмыстар негізгі 2 бағытта жүргізіледі.

Shape2

Жұмыс бағыттары



Shape4 Shape3

Shape6 Shape5

Педагогикалық саяхат



Әртүрлі пән мұғалімдерін өзара жұптастыру









1.Әртүрлі пән мұғалімдерін өзара жұптастыру

    1. Жас шамалары бірдей мұғалімдер. Жас шамалары бірдей мұғалімдерде болып жатқан іс-әрекетке көзқарастары ұқсас болып, тез тіл табысады.

    2. Бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер. Бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер оқушының және сыныптың проблемаларынан хабардар және сыныптың әлеуметтік, психологиялық жәй-күйімен таныс болғандықтан ортақ шешімді тез табуға мүкіндік болады.

    3. Сандық білім беру ресурстарын жақсы меңгерген мұғалімдер. Өзара бірін –бірі тез толықтырады, жаңа платформаларды меңгеруге уақыт аз кетеді.

Осы критерийлерді ескере отырып мектепте 3 жұмысшы топ құрып, жетекшілер тағайындау.

Жас шамалары бірдей мұғалімдер тобы

Тірек сөз: «Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің қызықты уақыты болып табылады» А.Құнанбаев

Мақсаты: сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар.

Жылдық жұмыс жоспары

Атқарылатын жұмыс тақырыбы

мерзімі

жауапты


Үлгерімі төмен оқушылардың үйірмелерге қатысуын анықтау

қыркүйек



Үйрме жетекшілермен бірлесе жүргізілетін жұмыстар:

-спорттық сайыстар өткізу;

-құстарға ұя жасау;

-«Үздік ертекші» ертегі айтудан сайыс

-«Ертегілер елінде» сахналық көрініс

Айына 1рет


наурыз


Қаңтар, сәуір


Ақпан



Тәлімгермен бірлесе жүргізілетін жұмыстар:

-«Отбасыма жаңа жылдық сыйлық» өз қолымен сыйлық дайындау

-«Анаға тағызым» тақырыбында концерттік бағдарлама


желтоқсан


наурыз



Кітапханамен бірлесе жүргізілетін жұмыстар:

-«Кітапханаға саяхат»

-«Минутқа кітап оқимыз» онкүндік

-«Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу апталығы

-«Жыр жазамын жүрегімнен» Оқушылардың шығармашылық кеші



қараша


Желтоқсан, ақпан


Қаңтар, наурыз


сәуір



Танымдық қабілеттерін жақсарту:

-«Көркем жазу»

-«Менің Отаным Қазақстан» өлеңдер оқу, суреттер салу;

-математикалық ойындар


-полиглот сайысы

Айына 1 рет


Желтоқсан


Айына 1 рет


Айына 1 рет


Түсініктеме

Барлық іс-шараға тоқсандық қорытынды бойынша үлгерімін жақсарту қажет оқушылардың қатысуы жоспарланады.





Бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер тобы

Тірек сөз: «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға –оқу керек, бай болуға-кәсіп керек, күшті болуға-бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» А.Байтұрсынұлы

Мақсаты: Сыныптың бастапқы білім деңгейін талдау, диагностикалау, бірлесе жоспар жасау, білім берудің сапасын арттыруда командалық жұмыс қалыптастыру.

Бұл топтағы мұғалімдер өзара бірлесе отырып Lesson study сабағын өткізеді және барлық сыныптағы мұғалімдер тоқсан соңында білім сапасына талдау жасайды.

Сыныптың білім сапасын талдау және салыстыру парағы

Сыныбы:

Пәні:

Білім сапасы%

Оқушы саны

Оқушының аты-жөні

1

40-64%

40-45%



2

46-50%



3

51-55%



4

56-60%



5

61-64%



1

65-84%

65-70%



2

71-75%



3

76-80%



4

81-84%



1

85-100%

85-90%



2

91-95%



3

96-100%





Мұғалімдер білімнің сапасын жақсарту үшін санға емес, сапаға жұмыс жасауға жоспар жасайды. І тоқсанда білім сапасы 40-45% аралығында болған оқушының ІІ тоқсанда 46-50% аралығында білім сапасын көрсетуіне жұмыс жасайды.

Lesson study зерттеу сабағы.

Lesson Study-дың мақсаты әр мектепте әртүрлі. Lesson Study-дың мақсатқа бай ланысты үш түрі бар. Бірінші түрі Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына байланысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі бақылау дағдыларын дамытады.

Сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады (Пит Дадли, 2015)

Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды.


Цифрлық білім беру ресурстарын жақсы меңгерген мұғалімдер тобы

Тірек сөз: «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» Ж. Аймауытов

Мақсаты: оқытудың әр түрлі мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға, оқушылардың пән бойынша үлгерімінің артуына , дербес өнімді іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, әр оқушының табысқа жету үшін ықпал жасау, сабақтарды қызықты өткізу және оқушы мотивациясын жақсарту.

Топ мүшелері цифрлық технологияларды жақсы меңгерген әртүрлі пән мұғалімдерінен құралған.

Цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Онлайн платформалар, цифрлық ресурстар оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың білімге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, цифрлық сауаттылығын арттырады.

Бұл топтағы мұғалімдер педагогикалық ұжымның сандық білім беру ресурстарын жақсы меңгеруі үшін оқыту жұмыстарын жүргізеді және өздері сандық білім беру ресурстарын пайдаланып сабақ өтеді. Цифрлық платформалар әр білім алушының білім деңгейіне сай тапсырма беріп, оқу процесін дараландыруға көмектеседі. Бұл әсіресе әртүрлі үлгерім деңгейі біріктірілген сыныптары бар мектептер үшін тиімді. Цифрлық жүйелер педагогтерге онлайн курстар, семинарлар, вебинарлар арқылы біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ауыл педагогтерінің заманауи педагогикамен жұмыс істеуіне жол ашады.

Өткізілетін сабақтың тақырыбы

Мазмұны

1

Learning Apps

интерактивті модульдер (қосымшалар, жаттығулар) арқылы оқу процесін қолдауға арналған қосымша

2

Kahoot

кез келген оқу пәні мен кез келген жасқа сай келетін ойын түрінде оқытуға арналған тегін платформа

3

Quizizz

ойын түрінде оқытуға арналған платформа, тест жасаудың түрлі әдістерін ұсынатын 12 тілде жұмыс жасайтын онлайн көмекші-сервис

4

Zoom

бейнеконференциялар (вебинарлар), онлайн іс-шаралар өткізуге арналған платформа-сервис

5

Padlet

бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған көп уақыт жұмсамай және ауыр дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет.

6

ЖИ арқылы презентация жасау

Презентация жасауға уақыт үнемдеуге болады

7

Жасанды инттелекті арқылы персонажды сөйлету

Жасанды инттелекті арқылы персонажды сөйлету



  1. Педагогикалық саяхат

Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына ену (бір күнде бірнеше сабаққа ену)

2.1. Сабаққа қатысатын мұғалімдер таңдап алынады.

2.2. Қатысушылар нақты бір аспектіге назар аударады (мұғалімнің сұрақ қоюы, бағалауы т.б)

2.3. Сандық технологияларды жақсы меңгерген мұғалімдердің сабақтарына ену.









Қорытынды

Білім беру сапасының үдерісін арттыруәдістемелік жұмысты дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. Әдістемелік жұмыс-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі, ал кәсіби дамыған мұғалім-сапалы білімнің кепілі. Сондықтан әдістемелік жұмысты жаңаша көзқараспен, жүйелі түрде ұйымдастыру-бүгінгі күннің басты талабы.











































Пайдалынылған әдебиеттер:

1. Ауыл мектептерінде оқу процесін цифрландыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. –Астана.Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2025 ж

2.Білім беру ұйымының әдіскері №3

3. SWOT талдау.Уикипедия-ашық энциклопедиясы

4.Мектеп директорының орынбасары. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4 2015 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12