ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК
ЖҮЙЕСІНЕ
ЕНУ
ЖҰМЫСТАРЫ
2017-2018 оқу
жылы
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛДАР МЕН КҮНДЕЛІКТЕРДІҢ
БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Биылғы оқу жылында білім саласында енгізіліп
отырған жаңалықтың бірі
«Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған
электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі»
пилоттық жобасы ауданымыздың 10 мектебіне енгізілген
болатын.
-
“Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің
бірыңғай ақпараттық жүйесі” пилоттық жобасын енгізу
туралы
ҚР БҒМ 2016 жыл 29 тамыздағы №536
бұйрығы;
-
Қызылорда облыстық білім басқармасының №91,
04.10.2016 ж;
-
Шиелі аудандық білім бөлімінің №6731,
07.10.2016 ж; бұйрықтарына
сәйкес
-
№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейде №87,
10.10.2016ж “Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды
журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі” пилоттық
жобасына енгізілген
болатын.
Автоматтандырылған ақпараттық
білім беру «Күнделік» жүйесі, электрондық құжат айналымдары білім
беру ұйымдарының және әлеуметтік желілік өзара іс-қимыл құралдары
барлық білім беру процесінің қатысушыларына яғни, педагогтар,
ата-аналар және оқушылар мүмкіндіктерін біріктіретін бірыңғай
электрондық білім беру жүйесі болып
табылады;
Ақпараттық жоба қызметінің
басты бағыттары:
-
Бірыңғай ортаның ақпараттық алмасуын
енгізу.
-
М ектеп экожүйесіне қызмет көрсету және
құру.
-
Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз
ету.
Білім жүйесіндегі жаңа жобаны
жүзеге асырған kundelik.kz жүйесі педагогтарды
қағазбастылықтан құтқарып, оқушылардың үлгерімі жөніндегі
статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өңдеуді, сондай-ақ, білім
алу үдерісіне қатысушылардың арасындағы ақпараттандыруды жаңа
сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл жаңа жобаның енгізілуі қала
мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға да игі ықпалын
тигізбек. Электронды күнделіктің қағаз күнделіктен қандай
айырмашылығы бар?
Электронды күнделік
мүмкіндіктері:
Ата-ана
үшін:
Электрондық күнделік- бұл кез-келген оқуға
байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас құралы.
Кестедегі өзгерістерді, балаңыздың ағымдық және қорытынды
жетістіктерін бақылай алады.
Осы күнге дейін
қолданылып келген қағаз күнделіктен ата-ана баласының оқу үлгерімі,
тәртібі, сабаққа дайындығы жайында толыққанды ақпарат ала алмайды.
Ал, электронды күнделікті ата-ана тәуліктің кез-келген уақытында,
қай жерде жүрсе де қарауына мүмкіндігі бар. Одан тек баланың
үлгерімі жайындағы ақпарат алып қана қоймай, тәртібі, тіпті сабаққа
қалай дайындалғаны туралы да толыққанды ақпарат алуға болады. Бір
сөзбен айтқанда, ата-ана баласының қайда жүргендігін, немен
айналысып жатқанын, сабақ үлгерімі қандай екендігін – бәрін біліп
отырады. Сонымен бірге, тақырыптық форумдар өткізуге,
фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен
немесе мұғаліммен байланысуға да болатын жаңа
жоба. Балаңыздың
үй тапсырмаларын орындауын бақылау және қадағалау үшін ыңғайлы
құрал. Сіздің
email мекен-жайыңызға балаңыздың оқу үлгерімі мен мектептегі
маңызды оқиғалар туралы күн сайын келетін
хабарландырулар.
Kundelik.kz– бұл хабар алмасуға арналған
жабық әрі замануи орта. Тақырыптық форумдар жасауға, іс-шарадағы
фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен
немесе мұғаліммен байланысуға
болады.
Мұғалім
үшін:
Ал, электронды журнал
мұғалімдерді басы артық жұмыстардан құтқарып, бос уақытын
көбейтуге, сол арқылы сабаққа тыңғылықты дайындалып, білім деңгейін
көтеруіне мүмкіндік жасамақ. Электронды журналдың формасы негізінен
қазіргі таңдағы қолданыстағы журналға ұқсас, бірақ оған бірнеше
қосымшалар енгізілген. Атап айтқанда, күндік, апталық журнал және
сабақ парақшасы болып жіктелген. Журнал ақ-қара немесе түрлі түсті
болып жасалған. Оны таңдау еркі әр мұғалімнің өзінде. Мұғалім
кез-келген сабаққа түсініктеме және қосымша материалдар қоса алады.
Үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі сыныптың барлық
оқушысына немесе жеке-жеке тапсырма беруге, әр түрлі сыныптар үшін
тапсырмаларды көшіруге, оларды файлдарға қосуға және орындалу
барысын басқаруға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тағы бір
артықшылығы – қағаз күнделік сияқты пайдаланылған соң лақтырып
тастамай, электронды нұсқада сақталады. Бірнеше жыл өткеннен кейін
де қажет ақпараттарды мұрағат арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Бұл
әсіресе, мұғалімдерге өте ыңғайлы. Олар сабақ жоспарларын жылда
қайталап жасамай, бір рет дайындаған соң келесі жылдары аздап
толықтырып отырса болғаны.
Оқушылар
үшін:
Kundelik.kz сайты қағаз күнделіктің
міндеттерін оңай шешеді және басқа да мүмкіндіктер береді: кесте,
үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында
пайдаланылатын материалдар, орташа балл, өткізілген және
келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің
түсініктемелері.
Онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық
туындыларды қамтиды. Медиатекада барлық пәндер бойынша сабаққа
жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және
көрсетілімдер жиналған.
Kundelik.kz жүйесіндегі жеке парақшаны
портфолиоға оңай айналдыруға және барлығына жетістіктеріңіз туралы
хабарлауға болады. Оны жеке блог және жазбаларды жасау және
дайындау үшін әуесқойлығың, жеке материалдар мен ресми
мадақтамаларға, дипломдарға арналған файлдар, жаңалықтары бар
қабырға және тағы басқа әрекеттер арқылы жасауға
болады...
Басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасу, өз
мектебіңіздің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе
оларға қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылау,
мектептік өмірдің фотосуреттерімен
бөлісу.
Kundelik.kz сайтымен қызықты әрі пайдалы
уақыт өткізу– бұл әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген байқауларға
қатысу. Байқаулар өнерпаздық әрі зияткерлік болуы мүмкін. Өз
бетіңмен немесе сыныптастарыңмен бірге қатысып, бағалы ұтыстарға ие
бол!
Аталған жоба – сынып журналын, оқушылар
күнделігін және мектеп рейтингісін қамтитын бірыңғай жүйе
болғандықтан оның тиімді жақтары көп. Біріншіден, ұстаздар қауымы
қағазбастылықтан сәл де болсын арылды. Екіншіден, ата-аналар кез
келген уақытта сабақ кестесіндегі өзгерісті көріп, баласының алған
бағаларымен танысады. Ал оқушылар үй тапсырмасын орындау кезінде
ұстаздан кеңес сұрай алады.
Бұл жаңа жобаны яғни, электронды күнделікті
қолданудағы қиындықтардың бірі сервер қызметінің тоқтап қалуы,
интернет желісінің баялауы, мектепте интернет желісіне қосылған
компьютерлердің аздығы сияқты проблемалардың жиі орын алатынын
байқадық.
Қорыта айтқанды электронды
күнделік жүйесі бала тәрбиелеуде «Үштік одақ» ынтымақтастығын
нығайтуда алдағы уақыттарда өз тиімділік нәтижесін көрсетеді деген
ойдамыз.