Материалдар / Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім саласына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан ХХІ ғасыр ұстазы оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған жаңа әдістер енгізе отырып, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынына ілесе білуі керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
422
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Көксу политехникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Кылышова Светлана Амантаевна


Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылыгы.


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімі, тілі мен мәдениетімен анықталады. Сондықтан білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамытып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Білім саласына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан ХХІ ғасыр ұстазы оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған жаңа әдістер енгізе отырып, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынына ілесе білуі керек.

Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгертпейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуына көмектеседі, жаңалықтарға жетелейді.

Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Соның бірі электронды оқулық.

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында білім алушы екі жақты білім алады: біріншісі –пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану білім алушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек-сигналдар арқылы оқыту т.с. Электронды оқулық арқылы білім алушы көптеген қосымша материалдар ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша білім алушыларды оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану- шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Соңғы кезде білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттары табысты дамып келеді, сөйтіп оқыту процесіндегі ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдана отырып, оқытудың тек қана формасы мен әдісі өзгеріп қана қоймайды, жаңа басқару және оқу процесін қадағалау әдістерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады.

Әлемдік тәжірибені үйреніп , жинақтап қорыту арқылы дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену векторын айқындауға болады. Мысалы «Интернет-мектеп», «Интернет – оқу орны» бағдарламалары осылайша ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары лабороториялық жабдықтар, аспаптар, құрал –саймандар немесе көрнекі құралдарын алуға мүмкіндігі жоқ мектептер мен оқу орындарына үлкен көмек көрсететіні даусыз.

Білім беру жүйесі дамуындағы мәселелердің бірі- қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан білім беру – біздің республикамыздағы білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен бірігуі үшін тиімді форма.

Сондай-ақ дистанциялық білім беру ең соңғы техника құралдарын және инфрақұрылымдарды пайдалану қажеттілігінен туған білім беру жүйесі болғандықтан, ол тек қана прогреске жетелейді. Нақты айтқанда қашықтықтан білім беру жүйесі арқылы тәжірибе негізінде үздіксіз білім беру идеясын іске асыруға болады. Міне, осы технологиялар арқылы білім беру деңгейін жоғары сатыға көтеретіні анық.

Қоғамның одан әрі дамуы – оқытушының кәсіби даярлығына, әдістемелік жаңалықтар, жаңа ақпараттармен қарулануына байланысты. Оқытушының ақпараттық мәдениеті – өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу.

Ізденіс-оқытушы өмірінің өзегі. Ақпараттық технологияны терең меңгерген оқытушы өзінің ақпараттық мәдениеттігінің биіктігімен, жан-жақтылығымен, кәсіби шеберлігімен, іскерлігімен ерекшеленетіндігін өзі дәлелдеп отыр. Яғни, оқытушы ақпараттық мәдениетін одан әрі дамытудағы жеңіл формасы – білім алушыларды дамыта оқыту үшін пікір – сайыс технологиясын пайдалану. Дамыта оқыту технологиясының проблемалық ситуация әдісінің алгоритмі пікір-сайысқа негізделіп құрылған. Сондықтан пікір-сайыс элементтерін әр сабақта қолдану-өте тиімді әдіс. Оны жүзеге асыру үшін сабақта проблеманы дұрыс қоя білу шарт. Оқытушы білім алушыларға осы проблеманы шешудегі қөз қарастарын біле отырып, пікірін тыңдайды. Осы жерде сұрақ туындауы мүмкін. Пікір-сайыстың маңызы неде? Бұл технология жан-жақты біліктілікті қалыптастырады, тапқырлық пен логикалық ойлауды жетілдіреді, адамдармен мәдениетті қарым-қатынасқа үйретеді, зеректілікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін ақпараттық коғамды қалыптастырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық орта кең ауқымды, өте бай. Ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады.

  • интернет көздерінен

  • кітапханалар, сөздіктер, анықтамалар, ақын-жазушылар, озық-тәжірибелерді зерттеу

  • электронды оқыту бағдарламалары,электронды кітапханалар,фильмдер т.б.

  • музыкалық және бейнелеу өнері шығармалары т.б.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне еңгізу оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде білім алушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде білім алушылар басынан бастап қызықты танымдық әрекетттерге араласа алады. Осындай үрдіс барысында жастар білім алып,оны іс жүзінде қолданып қана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздері мен қажетті деген қорларын да өздері таңдап алады.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалынып, кеңінен таралуда. Осы тұрғыда жұмыс жасау үшін оқытушылардың компьютерлік сауаттылығын сараптау керек деп ойлаймын. Себебі: педагогикалық құбылыс ұздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Ал, болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері-кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.

Интерактивті тақта – топтағы білім алушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Оның көмегімен тіл сабақтарында өзекті мәселелерді шешуге болады. Маңыздылығы мынада:

- білім сапасының арттыруы;

- ғылыми жұмыстың деңгейін көтеру;

- жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;

- білім алушыларды автоматтандырылған өндірісте еңбекке дайындау;

- білім алушылардың білім деңгейін, икемділігін тексеру;

- оқытушының, білім алушының шабытын, қызығушылығын арттырады, ынталандырады.

Жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық технологияны толық меңгерген оқытушы ғана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Мен өз кызмет тәжірибемде осындай жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, қабілеттіліктерін ашуға болатындығын көрдім.

Өйткені жақсы нәтижеге жету үшін әрбір жұмыстың мониторингісі, талдауы жасалып отырған жөн. Оқытудың жаңа технология тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түседі.

Қазіргі таңда білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шындық. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсыновтың «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы». Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Білім мекемесі қызметін ұйымдастырудың

Мұғалім шығармашылығын қалыптастырудағы ролі/Әдістемелік нұсқау/Алматы 2017.

2.Техникалық және кәсіптік білім ақпараттық-әдістемелік журнал 2018

3.Кәсіптік қазақ тілі. Алматы 2015

4.Мектеп директоры. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.2008,2010.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!