ЖШС Каспий өңірі «Болашақ»
колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
БЕКІТЕМІН
Басшының
оқу - әдістемелік жұмысы
жөніндегі
орынбасары ___________
Улыкманова
Ж.К.
«____»__________ 2025 ж.
«Жасанды интеллект және білім беру: болашақтың
оқыту әдістері» педагогтерге арналған семинар
Тақырыбы: Білім беруде жасанды интеллектті
қолдану: комикс және сторибук жасау
тәжірибесі
Әзірлеуші(лер) __________ Усенова Бағила
Савурбаевна
(қолы)
Т.А.Ә.
__________ Закарина Нұрзада
Қожайқызы
(қолы)
Т.А.Ә.
__________ Тоғай Нұрайна
Қазанбайқызы
(қолы)
Т.А.Ә.
Тақырыбы: Білім беруде жасанды интеллектті қолдану:
комикс және сторибук жасау тәжірибесі
Мақсаты: Гуманитарлық пәндер оқытушыларына жасанды
интеллект құралдарын пайдалану арқылы оқу процесін жаңғыртудың,
соның ішінде комикс пен сторибук (story book) жасау арқылы білім
алушылардың қызығушылығын арттырудың инновациялық тәсілдерін
үйрету.
Міндеттері:
-
Гуманитарлық бағыттағы пәндерде жасанды
интеллекттің тиімді қолдану жолдарын таныстыру;
-
Оқу
мазмұнын визуализациялау арқылы білім алушылардың танымдық
белсенділігін арттыру;
-
Комикс
және сторибук форматындағы оқу материалдарын жасауға арналған
заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді үйрету;
-
Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігі мен
шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
Сабақта
storytelling әдісін және визуалды контентті біріктіріп қолданудың
үлгісін көрсету
Пайдаланылатын ЖИ
технологиялары:
|
Көрнекілік түрі
|
ЖИ
құралы
|
Мақсаты/
идеясы
|
Мысалы
|
|
Мәтін
құрастыру, сценарий жазу
|
ChatGPT/
|
Әдеби
мәтін, диалог, комикс сценарийі немесе сторибук мазмұнын жазуға
арналған.
|
«Абай
жолы» шығармасының бір үзіндісін заманауи комикс түрінде
баяндау.
|
|
Мәтін мен
идея генерациясы
|
Gemini
(Google AI)
|
Тақырыпқа
байланысты оқиға желісін, кейіпкерлерді, негізгі идеяны автоматты
түрде құрастырады.
|
“Friendship
and AI” тақырыбында ағылшын тілінде қысқа сторибук
жазу.
|
|
Визуалды
сурет / иллюстрация жасау
|
Bing Image
Creato
|
Сипаттама
бойынша көрініс, кейіпкерлер мен фон суреттерін
жасау.
|
“Қобыланды
батыр” жырындағы шайқас көрінісін сурет түрінде
жасау.
|
|
Комикс көріністерін
бейнелеу
|
|
Leonardo.ai
|
Көркем
стильде кейіпкерлер мен сахналарды сызбалық форматта
бейнелеу.
|
Қазақ
ертегісінің иллюстрациясын мультфильм стилінде
дайындау.
|
|
Комикс
генераторы
|
AI Comic
Generator
|
Мәтінді
енгізу арқылы автоматты түрде дайын комикс кадрларын
жасау.
|
“Ана тілі –
асыл қазына” тақырыбында 4 кадрлы комикс
құрастыру.
|
|
Визуалды
дизайн және беттеу
|
Canva (AI
tools)
|
Комикс
немесе сторибуктың беттерін безендіру, мәтін мен суретті
үйлестіру.
|
ChatGPT
жазған мәтін мен Bing жасаған суреттерді біріктіріп сторибук
жасау.
|
|
Онлайн
кітап түрінде жариялау
|
Heyzine
|
Дайын
сторибукты немесе комиксті онлайн айналмалы (flipbook) форматта
жариялау.
|
Canva (AI
tools) жасалған комиксті цифрлық кітап ретінде
шығару.
|
1. Кіріспе бөлім
1-тренер:
Бүгінгі дәуір – цифрлық интеллект дәуірі. Егер бұрынырақта мұғалім
оқу мазмұнын тек мәтін арқылы жеткізсе, енді жасанды интеллект
көмегімен сол мазмұнды бейнеге, комикске, тіпті сторибукқа
айналдыру мүмкіндігі бар.
2-тренер:
Комикс пен сторибук — жай көрнекілік емес, оқушылардың эмоциясын,
логикасын, елестету қабілетін қоса дамытатын құрал. Ал жасанды
интеллект – оны жасаудың ең жылдам әрі қызықты
тәсілі.
3-тренер:
Бүгін біз сіздермен бірге ChatGPT, Gemini, Bing Image Creator,
Leonardo.ai, AI Comic Generator, Canva және BookCreator сияқты
құралдарды қолданып, гуманитарлық сабақтарды жандандыру жолдарын
тәжірибеде көреміз.
2. Негізгі
бөлім
1-бөлім. Жасанды интеллект – гуманитарлық пәндердегі
жаңа серпін
Жасанды интеллект (ЖИ) – тек
техникалық құрал емес, ол ұстаздың шығармашылығын кеңейтетін
заманауи серіктес.
Әдебиет пен тіл сабақтарында оны пайдалану арқылы:
-
мәтінмен жұмыс істеуді
жеңілдетуге,
-
оқиғаны визуалды түрде баяндауға,
-
студенттің қиялын, тіл байлығын дамытуға
болады.
Мысалы:
-
“ChatGPT” арқылы шығарманың
жалғасын жазу;
-
“Gemini” арқылы ағылшын тілінде storytelling
құрастыру;
-
“Bing Image Creator” көмегімен сол оқиғаны
бейнелеу.
Бұл тәсіл студентті
оқырманнан — шығарушыға, авторға айналдырады.
2-бөлім. Комикс
және сторибук: білім берудегі маңызы
Комикс –
мәтін мен бейнені біріктіріп, күрделі идеяны қарапайым формада
жеткізетін құрал.
Сторибук (Storybook) – оқу мазмұнын оқиға
желісімен бейнелеп, көркем ойды визуалды түрде ұсыну
тәсілі.
Екеуінің де
артықшылығы:
-
Оқушы назарын
ұстайды (визуалды есте сақтау артады);
-
Тілдік дағдыларды дамытады (мәтінді
талдау, диалог құрастыру);
-
Шығармашылық пен сыни ойлауды
күшейтеді.
Мысалы, әдебиет сабағында
“Абай жолы” романындағы бір көріністі комикс түрінде бейнелеуге
немесе “English Proverbs Illustrated” тақырыбында ағылшын
мақал-мәтелдерін сторибук етуге болады.
3-бөлім.
Практикалық шеберлік: “Оқиға бейнеле – интеллектіңді іске
қоспа!”
Тапсырма:
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді.
Әр топ өз пәніне сай тақырып таңдайды (мысалы: “Қазақ тілі – менің
мақтанышым”, “Friendship”, “Шәкәрімнің адамдық мұраты”).
Қадамдар:
-
ChatGPT /
Gemini – оқиға сценариін немесе кейіпкер сипаттамасын
жазады.
-
Bing / Leonardo / AI Comic
Generator – мәтінге сәйкес суреттер жасайды.
-
Canva / BookCreator –
дайын мәтін мен суретті біріктіріп сторибук немесе 1 бет комикс
жасайды.
Уақыты: 20–25
минут
Нәтижесі: Әр топтың визуалды мини-туындысы (комикс немесе
сторибук беті).
Топтық
таныстыру:
Әр топ өз туындысын көрсетіп, “Қай ЖИ құралы ең пайдалы болды және
неге?” деген сұраққа жауап береді.
4-бөлім. Интерактив және
талқылау
Талқылау қорытындысы:
Қатысушылар өз тәжірибесінде AI құралдарын қайда және қалай
қолдануға болатыны туралы ой бөліседі.
Қорытынды
ой:
Жасанды
интеллект – шығармашылықтың жауы емес, серігі.
Егер біз оны саналы қолдансақ, ол шәкірттің елесін, сезімін, тілін
және қиялын бір арнаға тоғыстырады.
Ал әр ұстаз — сол
интеллектті бағыттайтын нағыз
сценарист.