ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
БЕКІТЕМІН
Басшының оқу - әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары ___________
«____»__________ 2025 ж.
«Жасанды интеллект және білім беру: болашақтың оқыту әдістері» педагогтерге арналған семинар
Тақырыбы: Білім беруде жасанды интеллектті
қолдану: комикс және сторибук жасау
тәжірибесі![]()
Әзірлеуші(лер) __________ Усенова Бағила Савурбаевна
(қолы) Т.А.Ә.
__________ Закарина Нұрзада Қожайқызы
(қолы) Т.А.Ә.
__________ Тоғай Нұрайна Қазанбайқызы
(қолы) Т.А.Ә.
Тақырыбы: Білім беруде жасанды интеллектті қолдану: комикс және сторибук жасау тәжірибесі
Мақсаты: Гуманитарлық пәндер оқытушыларына жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы оқу процесін жаңғыртудың, соның ішінде комикс пен сторибук (story book) жасау арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттырудың инновациялық тәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
-
Гуманитарлық бағыттағы пәндерде жасанды интеллекттің тиімді қолдану жолдарын таныстыру;
-
Оқу мазмұнын визуализациялау арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
-
Комикс және сторибук форматындағы оқу материалдарын жасауға арналған заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді үйрету;
-
Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
Сабақта storytelling әдісін және визуалды контентті біріктіріп қолданудың үлгісін көрсету
Пайдаланылатын ЖИ технологиялары:
|
Көрнекілік түрі |
ЖИ құралы |
Мақсаты/ идеясы |
Мысалы |
||
|
Мәтін құрастыру, сценарий жазу |
ChatGPT/ |
Әдеби мәтін, диалог, комикс сценарийі немесе сторибук мазмұнын жазуға арналған. |
«Абай жолы» шығармасының бір үзіндісін заманауи комикс түрінде баяндау. |
||
|
Мәтін мен идея генерациясы |
Gemini (Google AI) |
Тақырыпқа байланысты оқиға желісін, кейіпкерлерді, негізгі идеяны автоматты түрде құрастырады. |
“Friendship and AI” тақырыбында ағылшын тілінде қысқа сторибук жазу. |
||
|
Визуалды сурет / иллюстрация жасау |
Bing Image Creato |
Сипаттама бойынша көрініс, кейіпкерлер мен фон суреттерін жасау. |
“Қобыланды батыр” жырындағы шайқас көрінісін сурет түрінде жасау. |
||
|
Leonardo.ai |
Көркем стильде кейіпкерлер мен сахналарды сызбалық форматта бейнелеу. |
Қазақ ертегісінің иллюстрациясын мультфильм стилінде дайындау. |
||
|
Комикс генераторы |
AI Comic Generator |
Мәтінді енгізу арқылы автоматты түрде дайын комикс кадрларын жасау. |
“Ана тілі – асыл қазына” тақырыбында 4 кадрлы комикс құрастыру. |
||
|
Визуалды дизайн және беттеу |
Canva (AI tools) |
Комикс немесе сторибуктың беттерін безендіру, мәтін мен суретті үйлестіру. |
ChatGPT жазған мәтін мен Bing жасаған суреттерді біріктіріп сторибук жасау. |
||
|
Онлайн кітап түрінде жариялау |
Heyzine |
Дайын сторибукты немесе комиксті онлайн айналмалы (flipbook) форматта жариялау. |
Canva (AI tools) жасалған комиксті цифрлық кітап ретінде шығару. |
1. Кіріспе бөлім
1-тренер:
Бүгінгі дәуір – цифрлық интеллект дәуірі. Егер бұрынырақта мұғалім
оқу мазмұнын тек мәтін арқылы жеткізсе, енді жасанды интеллект
көмегімен сол мазмұнды бейнеге, комикске, тіпті сторибукқа
айналдыру мүмкіндігі бар.
2-тренер:
Комикс пен сторибук — жай көрнекілік емес, оқушылардың эмоциясын,
логикасын, елестету қабілетін қоса дамытатын құрал. Ал жасанды
интеллект – оны жасаудың ең жылдам әрі қызықты
тәсілі.
3-тренер:
Бүгін біз сіздермен бірге ChatGPT, Gemini, Bing Image Creator,
Leonardo.ai, AI Comic Generator, Canva және BookCreator сияқты
құралдарды қолданып, гуманитарлық сабақтарды жандандыру жолдарын
тәжірибеде көреміз.
2. Негізгі бөлім
1-бөлім. Жасанды интеллект – гуманитарлық пәндердегі жаңа серпін
Жасанды интеллект (ЖИ) – тек
техникалық құрал емес, ол ұстаздың шығармашылығын кеңейтетін
заманауи серіктес.
Әдебиет пен тіл сабақтарында оны пайдалану арқылы:
-
мәтінмен жұмыс істеуді жеңілдетуге,
-
оқиғаны визуалды түрде баяндауға,
-
студенттің қиялын, тіл байлығын дамытуға болады.
Мысалы:
-
“ChatGPT” арқылы шығарманың жалғасын жазу;
-
“Gemini” арқылы ағылшын тілінде storytelling құрастыру;
-
“Bing Image Creator” көмегімен сол оқиғаны бейнелеу.
Бұл тәсіл студентті оқырманнан — шығарушыға, авторға айналдырады.
2-бөлім. Комикс және сторибук: білім берудегі маңызы
Комикс –
мәтін мен бейнені біріктіріп, күрделі идеяны қарапайым формада
жеткізетін құрал.
Сторибук (Storybook) – оқу мазмұнын оқиға
желісімен бейнелеп, көркем ойды визуалды түрде ұсыну
тәсілі.
Екеуінің де артықшылығы:
-
Оқушы назарын ұстайды (визуалды есте сақтау артады);
-
Тілдік дағдыларды дамытады (мәтінді талдау, диалог құрастыру);
-
Шығармашылық пен сыни ойлауды күшейтеді.
Мысалы, әдебиет сабағында “Абай жолы” романындағы бір көріністі комикс түрінде бейнелеуге немесе “English Proverbs Illustrated” тақырыбында ағылшын мақал-мәтелдерін сторибук етуге болады.
3-бөлім. Практикалық шеберлік: “Оқиға бейнеле – интеллектіңді іске қоспа!”
Тапсырма:
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді.
Әр топ өз пәніне сай тақырып таңдайды (мысалы: “Қазақ тілі – менің
мақтанышым”, “Friendship”, “Шәкәрімнің адамдық мұраты”).
Қадамдар:
-
ChatGPT / Gemini – оқиға сценариін немесе кейіпкер сипаттамасын жазады.
-
Bing / Leonardo / AI Comic Generator – мәтінге сәйкес суреттер жасайды.
-
Canva / BookCreator – дайын мәтін мен суретті біріктіріп сторибук немесе 1 бет комикс жасайды.
Уақыты: 20–25
минут
Нәтижесі: Әр топтың визуалды мини-туындысы (комикс немесе
сторибук беті).
Топтық
таныстыру:
Әр топ өз туындысын көрсетіп, “Қай ЖИ құралы ең пайдалы болды және
неге?” деген сұраққа жауап береді.
4-бөлім. Интерактив және талқылау
-
“Сабақта storytelling әдісі не үшін қажет?”
-
“ЖИ құралдары мұғалім еңбегін жеңілдете ме, әлде алмастыра ма?”
-
“Сіздің сабағыңызда комикс жасау идеясы қай тақырыпқа сай келеді?”
Талқылау қорытындысы:
Қатысушылар өз тәжірибесінде AI құралдарын қайда және қалай
қолдануға болатыны туралы ой бөліседі.
Қорытынды ой:
Жасанды
интеллект – шығармашылықтың жауы емес, серігі.
Егер біз оны саналы қолдансақ, ол шәкірттің елесін, сезімін, тілін
және қиялын бір арнаға тоғыстырады.
Ал әр ұстаз — сол
интеллектті бағыттайтын нағыз
сценарист.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім беруде жасанды интеллектті қолдану: комикс және сторибук жасау тәжірибесі

шағым қалдыра аласыз