Білім беруде ойын технологиясын тиімді пайдалану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім беруде ойын технологиясын тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама білім беруде ойын технологиясын тиімді пайдалану туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тексерілді»

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

22 «Нұршуақ» бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК әдіскері

Сарбаева Э.И ________







Баяндама: Тақырыбы

«Білім беруде ойын техналогиясын тиімділігі пайдалану!»



Дайындаған: Байденова Ж.А







Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.

Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет.

«Біздің міндет — жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»деп ұстаздарға жаңа міндет қойған болатын. Сондықтанда әр педагог өзінің білімін жетілдіріп,іздену қажет. Дарынды, білімді, тәрбиелі тұлға қалыптастыруда біздің бөбекжайымыз білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгертудеміз. Шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған

Ойын  технологиялары: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық. Моторикасы мен сенсорикасын дамытатын М.Монтессори әдістемесінің элементтерін және кәзәргі уақытта топқа бөліп кіріктірілген іс әрекетті қолданудамыз.

Арнайы бұрыш жасақтап балалардың қызығушылығын арттырудамыз. Балалармен жұмыс жасау — үлкен бақыт. Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалды айта келе,бөбекжайымыздың барша педагогтары бала санасына ұлттық салт дәстүрді дәріптеуде. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор. Педагог кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.

Менің алдыма қойған мақсатым ; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке дамыту. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай, кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамынтұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру.

Менің мақсатым орындалып ,нәтижеге қол жеткізуге жұмыстанамын.

Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

Педагогтар,тәрбиешілер технологияларды оқып үйрену,меңгеру кезеңінде арнайы курстарға барып кәсіптік біліктіліктерін арттыру қажет. 

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар болуы керек.

жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.

Балалардың дамуындағы маңызды факторлардың бірі – олардың қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.  Баланы  жан-жақты дамытудың тиімді жолдарының бірі, бала қабілетін арттыратын қолайлы заттық кеңістік дамытушы ортасын ұйымдастыру, құру болып табылады.

Заттық-кеңістік дамытушы орта дегеніміз не, оны қалай құрамыз? – деген сұрақтар туындайды.

Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құруда  міндетті түрде әр жастағы балалардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ,қызығушылығын ескеруіміз қажет,

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,

өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз  ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы.

Дамытушы ортада бала ересектердің өзіне деген мейірімді қарым-қатынасын, дербестігін ынталандыруын, жеке басын құрметтеуін, балаға қиын сәттерде қолдау көрсетілетінін сезіне білу керек.

Дамытушы ортада балаға өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік ала алуы тиіс.

Дамытушы ортада баланың мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіріліп,әртүрлі әлеуметтік ортадан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етілуі тиіс.

Дұрыс құрылған дамытушы ортада бала әрекетке ынталандырылады, бала тұлға ретінде дамиды, қабілеттерінің ерте көрінуіне ықпал болады және  еркін шешім қабылдауға қалыптасады.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:

қауіпсіз;

қолжетімді;

әртүрлі;

мазмұнды;

көп атқарымды;

өзгермелі;

тартымды.

- білім берудің  сапалы болу жолдарын, қатысушылардың атынан мына сөздермен түсіндіреді.

«Балалар үшін – бұл ойын түрінде қызықты оқыту;

Белсенді шығармашылық әрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дамуына мүмкіндік беріп, баланың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді.

Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі