400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулі бойынша рефлективті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің білім берудегі басқару және көшбасшылығы жайлы жазылған рефлексифті есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚО, Созақ ауданы білім бөлімінің

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ

биология пәнінің мұғалімі

Оралбекова Күлай



«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулі бойынша рефлективті есеп

Біліктілік курсында бағдарлама барысында үйренген әдіс-тәсілдерді өз тәжірибеме енгізе отырып сабақтар жалпы білім беруде жаңа идеялар, үлкен өзгерістер әкелетінін түсіндім. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілдерінің шорқақ, сөздік қорлары аз және өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындықтарын ескере отырып, келешекте осы кемшіліктерді жою мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қол жеткізбекпін. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін: • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.

-көшбасшылықты іске асырудағы қажеттілік көкейтестілігін оқыту үдерісінің субъектілерінің жеке тұлғалық, кәсібилік, коммуникативтік дамуының құралы ретінде қарастыру;

-көшбасшы ретінде даму мен біліктілікті қалыптастыруда тәжірибе алмасу;

«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулін мен таныстырылым әдісінен және бағалау парағын қолдана отырып топ мүшелерінің жұмысын бақылап отырған көшбасшыдан көремін. Өйткені бұл әдісте таныстырылым жасаған оқушы және бағалай білген оқушы өз тобының көшбасшысы болады. Өз тобы атынан шыққан оқушы өзін көшбасшысы ретінде сезініп ілгері ұмтылады, өз мүмкіндігіе риза болады, ал өз тобының жұмысын бағалап отырған көшбасшы тобын алға жетелу үшін бар күшін салып отырады.

Мен көшбасшылық бақылауды тізбектелген сабақтар топтамасындағы үш сабағымда да жүзеге асыра алдым. Тек бағалау парағындағы кезеңдердің аты сабақ тақырыбына байланысты және жаңа әдіс-тәсілдердің өзгеріп отыруына ауысып отырды.

Мысалы бірінші «Сүтқоректілер класы» тақырыбындағы сабағымда «Таңғы тілек» айдары бойынша оқушылар бір-біріне жақсы тілек айта отырып сабақты көңілді бастадық. Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісі арқылы жіпті бірбіріне лақтырып өрмекші торын жасай отырып сұрадым. Мақсатым оқушылардың үй тапсырмасын қызықтыра отырып сұрау. Жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақ жасыра отырып аштым. Мақсатым оқушылардың ойлау қабілеттерін ұштау. Жаңа сабаққа байланысты алғашқы мәліметтерді «Суреттер сөйлейді «әдісі арқылы өздеріне мәлімет айтқыза отырып түсіндірдім. Ары қарай «Джигсо» әдісі бойынша оқулықтан мәтін талдаттым. Мақсатым оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру. Топтастыру стратегиясы бойынша оқушыларға сүтқоректілер жайлы мәліметті жар қағазына топтастырып жазуға тапсырма бердім. Мақсатым. Оқушылардың ойын жүйелеп, қорытынды жасай білуіне жағдай туғызу. Сергіту сәтінде тақырыпқа байланысты тез бір сөз ойлап, ол туралы толық түсіндіріп беруге тапсырма бердім. Мақсатым оқушыларды шапшаңдыққа баулу және сабаққа байланысты мәліметтерді пысықтау. Сабақты қорыту үшін «Сәйкестендір» әдісін қолдандым. Төменде берілген белгілерді талдауға тапсырма бердім. Сәйкес келетін сандағы мәліметті тиісті қатарға жазу керек.Яғни қайсысы жорғалаушыларға, қайсысы құстарға, қайсысы сүтқоректілерге?

  1. Іштей ұрықтанады

  2. Дене температурасы тұрақсыз

  3. Дене температурасы тұрақты

  4. Денесіне аралас қан тарайды

  5. Жүрегі төрт қуысты

Мақсатым жаңа сабақты қайта пысықтап қорыту.

Үйге оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазып келуге тапсырма бердім. Мақсатым оқушының өз бетімен ізденуіне ықпал ету.

  1. Сүтқоректілердің өзіне тән қандай белгілері бар?

  2. Сүтқоректілердің бездерінде қандай бещдер бар?

  3. Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің ерекшелігі неде?

Сабақ соңында оқушыларға сабақтан алған әсерлерін ауызша айтуға тапсырма берілді. Яғни не білетін еді?, не білді?, не білгісі келетіні? жөнінде. Мақсатым оқушылардың алған әсерлерін сараптай отырып сабақтың тиімді тұстарын анықтау. Сабақты көшбасшының бақылау көмегімен бағаладым. Көшбасшыға арнайы бағалау парағын беріп сол парақтағы кестелерді толтыра отырып оқушылардың бағасын шығаруға тапсырма бердім. Мақсатым оқушының көшбасшылық қабілетін жетілдіру. Бағалау парағындағы бағандар сабақ барысында өтілген кезеңдерге байланысты құрылды. Мысалы: Үй жұмысына дайындығы, жаңа сабақ бойынша жұмбақ шешу, Суреттер бойынша мәлімет айту, «Джигсо» әдісі бойынша мәтін талдау, топттастыру стратегиясы, сәйкестендіру кестесі, қорытынды. Әр топтың көшбасшысы өз топтарын шынайы бағалай білді.

Екінші сабағым «Сүтқоректілердің көбейуі ж»не дамуы» тақырыбында болды. Бұл сабақты ұйымдастыруда да, әдеттегідей, «Таңғы тілек» айдары бойынша оқушылар бір-біріне жақсы тілек айта отырып сабақты көңілді бастадық. Себебі оқушының сабақтағы жақсы көңіл-күйі сол сабақтың қызықты әрі жақсы өтуіне септігін септігін тигізетінін білдім. Үй тапсырмасын сұрауда «Қарлы кесек» әдәсән қолдандым. Оқушыларға қарлы кесек лақтыру арқылы зымыран сұрақтарын қоя отырып, жауап алып отырдым. Мақсатым оқушылардың үй жұмысына тыңғылықты дайындықпен келуіне қалыптастыру.

1. Сүткоректілер деп қандай жануарларды атаймыз?

2. Сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері қандай?

3. Сүтқоректілердің жүрек құрылысы қандай?

4. Сүткоректілерде қандай сезім мүшелері жетілген?

5. Хордалылар типі қандай бөлімдерге бөлінеді?

Жаңа сабаққа оқушыларға сұрақ қойып жауап ала отырып көштім.

Жоғарғы сатылы хордалылар типіне жататын өткен кластарды атаңыздар? Оқушылар жауабын айтқаннан соң, (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер). Енді осы кластардың өкілдері қалай көбейеді екен, соған байланысты бейнебаян тамашалайық. Балықтар – уылдырық салып суға; қосмекенділер – уылдырықты судың бетіне шашып; жорғалаушылар – жұмыртқа туып, құмға көмеді; құстар – ұя салып жұмыртқа басады. Сүтқоректілер дара жынысты, аталық және аналық. Барлық сүтқоректілердің өздерінің балаларын сүтпен асырайтындығын сендер білесіңдер. Сүттің құрамы: су, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, витаминдер мол болатын ақ түсті кенеуші сұйықтық. Сүтқоректілердің көбею және даму ерекшеліктеріне байланысты қағанақты және қағанақсыз болып екі топқа бөлінеді. Ары қарай жаңа сабақты тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетіп, өздеріне талдата отырып түсіндірдім. Мәтін талдауда елші әдісі арқылы екі топқа тапсырма бердім. Әр топ өздеріне тиесілі мәтінді талдап болған соң келесі топқа елші жіберіп сол топтың тақырыбы бойынша түйінді екі ой жазып келді. Мақсатым аз уақытта барлық балаларға тиесілі мәліметті ұғындыру. 1-топ Қағанақты сүтқоректілердің көбейуі және дамуы

2-топ Қағанақсыз сүтқоректілердің көбейуі және дамуы тақырыптары бойынша жұмыс жасады. Жазылым бойынша оқушыларға сүтқоректілердің буаз болу мерзімін сәйкестендіруге тапсыма беремін. Мақсатым оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жақсартуға ықпал ету. Сабақты «Ыстық орындық» әдісімен аяқтадым. Оқушылар арасынан тақырыпты жақсы меңгердім деген көшбасшыларды ортаға шығарып сұрақтарға жауап алып және жауаптарына қарай ыстық орындық егесін анықтадым. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріп отырды.

1) Көбею ерекшеліктеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

2) Жұмыртқа салушы мен қалталы сүтқоректілерді неліктен қағанақсыз деп атайды?

3) Қағанақ деген не?

4) Қандай қағанақты сүтқоректілердің балалары жақсы жетілген күйінде туылады?

5) Кіші және ірі аңдардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?

6) Жатыр дегеніміз не? Үй жұмысы бойынша тақырыпты оқып, аңдардың баласы қалай аталатынын біліп келуге және «Малдың баласын сүйю» өлеңін оқып келуге тапсырма бердім. Мақсатым оқушылардың тақырып бойынша біліктіліктерін арттыру. Сабақ соңында «БББ» әдісі бойынша оқушыларға сабақтан алған әсерлерін ауызша айтуға ұтапсырма берілді. Яғни сабақтан не үйренді? Не үйренгісі келеді? Мақсатым оқушылардың алған әсерлерін сараптай отырып сабақтың тиімді тұстарын анықтау. Сабақты бағалау кезеңінде бағалауды көшбасшының бақылау көмегімен жүзеге асырдым. Көшбасшыға арнайы бағалау парағын беріп сол парақтағы кестелерді толтыра отырып оқушылардың бағасын шығаруға тапсырма бердім. Мақсатым оқушының көшбасшылық қабілетін жетілдіру. Бағалау парақшасындағы бағандар осы сабақта қолданған әдіс-тәсілдерге байланысты қойылып отырды. Үй жұмысы бойынша «Қарлы кесек», жаңа сабақ бойынша бейнебаян талдау, оқулықпен жұмыс бойынша «Елші» әдісі, жаңа сабақты пысықтау бойынша сәйкестендіру кестесін толтыру Жаңа сабақты қорытындылау бойынша «Ыстық орындық әдісі». Оқушылардың сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін өзін өзі бағалау арқылы өздеріне берген бағасынан және кері байланыста жазған уәждерінен біліп отырамын. Сүтқоректілердің көбейуі және дамуы тақырыбын оқушылардың жақсы меңгергенін бейнебаян талдауда, мәтін талдауда еркін ой бөліскендерінен және сәйкестендіруде жаңылмай дәл мерзімді тауып отырғандарынан және сабақ соңындағы ыстық орындық үшін қызу айқастан білдім. Сабақ биология пәнінен Сүтқоректілердің көбейуі және дамуы тақырыбында жүргізілді. Оқу мақсаттары шынайы 45 минутта жетуге бағытталған. Мысалы: Сүтқоректілердің көбейуін, ұрпақтарына қамқорлық жасауын, жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстарын түсіну сияқты. Оқушылар бұл тақырыптан сүтқоректілердің көбею ерекшеліктерін, қағанақсыз сүтқоректілер, қағанақты сүтқоректілер, төлдерін сүтпен асырауы, ұрпақтарына қамқорлығы жайында білді. Сыныптағы оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілек тілеу арқылы сабақты көңілді бастағанан кейін сабақтың соңына дейін жағымда ахуалда болды. Топтық жұмыстарда бірлесе жүріп көңілді жұмыс атқара білді. Елшілік тапсырмалар орындауда әсіресе бұл сабақта Ысқақ Шахназа сабаққа ерекше қызығушылық танытты. Мен алдын ала жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Себебі «А» деңгейдегі оқушыларға күрделі тапсырма , «Ә» деңгейдегі оқушыларға орташа, «Б» деңгейдегі оқушыларға жеңіл тапсырмалар беруді жоспарлаған болатынмын. Жоспарым бойынша оқушылар өздеріне тиесілі тапсырмаларды ойдағыдай жеңіл орындап шықты. Егер тапсырманы барлығына бірдей етіп бергенімде «а» деңгейдегі оқушыларымның іші пысыпг, «Б» деңгейдегі оқушыларыма ауырлау тиер еді. Сабақта мен уақытты өткен сабаққа қарағанда тиімді пайдалана алдым. Себебі оқушылар топқа бөліну барысында бөткен сабққа қарағанда белсенділік танытып жатты. Алдағы уақытта да оқушыларды топтық тапсырмалар арқылы оқушылар аз уақытта мол мәліметтерге қол жеткізіп отырамын. Мен жоспарымдағы әдіс-тәсілдердің және тапсырмалардың саннын аздап азайттым. Себебі 45 минуттың ішінде барлық әдістерді бірдей пайдаланып қаламын деп оқушыларды шатастырып алдым. Оқушылар біраз жұмыстарға үлгермей қалып жатты. Сондықтан да 45 минуттың ішінде тек сол сабақты меңгеруіне ғана тиісты негізгі әдістерді ғана пайдаланамын деп шештім. Сүтқоректілердің көбейуі және дамуы тақырыбындағы сабағымда сабақты ынтымақтастық ахуалмен бастағаным тиімді болды. Себебі, сабақты көңілді бастаған оқушылар сабақтың соңына дейін сергек отырды. Топтық тапсырмалар тиімді болды. Себебі. Оқушылар бірлескен жұмыс арқылы бірігіп жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа қалыптасты. Дидактикалық тапсырмалар орындату оқушыларға әрі тың тапсырма әрі қызықты тапсырма бола отырып, сабақтың әрі қызықты әрі жүйелі өтуіне септігін тигізді.Сабақ соңында сабаққа байланысты айтылған оқушылардың ойлары яғни кері байланыс келесі сабағымның тиімді жоспарлануына оң әсерін тигізді.

Келесі сабағым Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі тақырыбында болды. Бұл сабақты ұйымдастыруда «Тілектер бұрқасыны» әдісі арқылы оқушылар шаттық шеңберін құрып, стикерге тілектер жазып ортаға лақтырды,ол тілектер оқылды. Мақсатым сабақты жағымды ақуалда бастау. Оқушыларды топқа бөлгенде «Күн шуақ» әдісін пайдаландым. Тақтаға күннің суретін іліп, жан-жағына шашқан шуақтарына топтың атын жасырып, оқушыларға бір-бір шуақ алуға тапсырма беріп, сол шуақта жазылған атауларға жиналу арқылы оқушыларды үш топқа бөлдім. Үй жұмысын сұрауда «Өткенді» қайталау әдісін қолдандым. Оқушыларға сұрақ-жауап алмасуға тапсырма беру, оқушылардан үйден дайындап келген жұмыстарын көру. Мақсатым оқушылардың үй жұмысына жауапкершілікпен қарауын қадағалау.

Жаңа сабақты түсіндірерде «Суреттер сөйлейді» және «Стоп кадр» әдісін біріктіре отырып пайдаландым. Сүтқоректілердің көбейуі және дамуы тақырыбы бойынша оқушылар суреттерге қарай отырып, ой қорытты. Келесі оқушы мәлімет айтқан оқушыны тоқтатып әрі қарай жалғастырды. Ары қарайлогикалық сұрақтарға жауап ала отырып, оқушылардың жаңа сабақ бойынша түсінігін кеңейте түстім.

Топтық жұмысқа «Кубизм» әдісі бойынша ауызша ой қозғау сұрақтарына жауап айтуға тапсырма бердім. Оқушылар кубикті лақтырып түскен санға сәйкес сұрақтың жауабын айтты. Сергіту сәтінде «Не жоқ «ойынын ойнаттым. Балалар тақтадағы сұрақтарға жылдам жауап беру керек болды. Арасында сасып жаңылып қалып күліп алғант оқушылар болды. Топтық жұмысқа өздеріне берілген сүтқоректілерді жар қағаздарына сипаттап жазуға тапсырма бердім.

1-топ.Суда мекендейтін сүтқоректілер

2-топ.Ұшатын  сүтқоректілер

3-топ.Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер

4-топ.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бойынша оқушылар жылдамсипаттама жазып шықты. Жұптық жұмысқа тесттік тапсырма бердім. Мақсаттым бірлескен жұмыс жүргізу.

Сабақ соңында «БББ» әдісі бойынша оқушыларға сабақтан алған әсерлерін ауызша айтуға ұтапсырма берілді. Яғни сабақтан не үйренді? Не үйренгісі келеді? Мақсатым оқушылардың алған әсерлерін сараптай отырып сабақтың тиімді тұстарын анықтау. Сабақты бағалау кезеңінде бағалауды көшбасшының бақылау көмегімен жүзеге асырдым. Көшбасшыға арнайы бағалау парағын беріп сол парақтағы кестелерді толтыра отырып оқушылардың бағасын шығаруға тапсырма бердім. Мақсатым оқушының көшбасшылық қабілетін жетілдіру. Бағалау парақшасындағы бағандар осы сабақта қолданған әдіс-тәсілдерге байланысты қойылып отырды. Үй жұмысына дайындығы бойынша» өткенді қайталау» жаңа сабақ бойынша «Суреттер сөйлейді» , логикалық сұрақтар, «Кубизм», «Топтық жұмыс», «Жұптық жұмыс», қорытынды баға. Нәтижесінде оқушылар өздерінің қай кезеңде қалай жауап бергендерін білгеннен соң сабаө соңында қойылған бағаға наразылық айтпайтын болды.

Оқушылардың сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін өзін-өзі бағалау арқылы өздеріне берген бағасынан және кері байланыста жазған уәждерінен біліп отырамын Сонымен қоса сабақтағы белсенділіктерінен де сабақты қаншалықты түсінгендерін білемін. Мысалы Сүтқоректілердің көптүрлілігі тақырыбындағы сабағымда оқушылар өткенді қайталау сұрақтарына белсенді жауап беріп отырды. Суреттерді сөйлете отырып жаңа сабаққа байланысты мәліметтер айтыа білді. Логикалық сұрақтарға сын тұрғысынан ойлана отырып шебер жауап таба білді. «Кубизм» әдісі бойынша өздеріне берілген санда қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бере отырып жаңа сабақты жақсы түсінгендерін аңғартты. Топтық жұмыста өздеріне берілген сүтқоректілерді сипаттауда топпен бірлескен жұмыс таныта білді. Жұптық жұмыста сабақты қорыту үшін тессттік тапсырма берген болатынмын. Мұны да оқушылар жылдам орындап шықты. Бағалауда көшбасшыға бағалау парағын бере отырып сол арқылы бағаладым. Сабақ биология пәнінен «Сүтқоректілердің көптүрлілігі» тақырыбында жүргізілді. Оқу мақсаттары шынайы 45 минутта жетуге бағытталған. Оқушылар бүгінгі тақырыптан Машина тігістерінің түрлері терминалогиясы машина тігістеріне қойылатын талаптарды білді.Оқушылар бұл сабақтан сүтқоректілер класына сипаттама бере отырып сүтқоректілердің  ішкі құрылыс,   сыртқы құрылысы туралы білді. Сонымен қоса, сүтқоректілердің түрлері мен өкілдері туралы білді.

Сыныптағы оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілек тілеу арқылы сабақты көңілді бастағанан кейін сабақтың соңына дейін жағымда ахуалда болды. Топтық жұмыстарда бірлесе жүріп көңілді жұмыс атқара білді. Күн шуағынан алған тапсырмаларын қызықты орындады. Логикалық сұрақтарға да оқушылар қызыға жауап беріп жатты. Ал сергіту сәтіндегі «Не жоқ» ойынында балалар сасып та қалып күліп жатты. Бұл сәт сабақтың көңілді өтуіне септігін тигізді. Жұптық, топтық тапсырмалар орындауда балалар бірлескен жұмыс таныта білді.Мен алдын ала жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Себебі үй жұмысын сұрау, жаңа сабақ, жаңа сабақты пысықтау, жаңа сабақты қорыту кезінде қолданған әдіс-тәсілдерім сабақтың жүйелі өтуіне септігін тигізді. Сергіту сәті балаларды әрі сергітіп, әрі тақырыпқа байланысты мәлімет алуларына септігін тигізді. Егер сабақты бірсарынды өте берген болсам балалар мұнша қызықпас еді. Сабақта мен уақытты өткен екі сабаққа қарағанда тиімді пайдалана алдым. Себебі оқушылар топқа бөліну барысында өткен екі сабаққа қарағанда белсенділік танытып жатты. Алдағы уақытта да оқушыларды топтық тапсырмалар арқылы аз уақытта мол мәліметтерге қол жеткізіп отырамын.Мен жоспарымдағы бағалаудың түрін өзгерттім. Себебі, балалардың қай сабақтан қандай ұпай ала отырып бағаланатындарына қызығатынын байқадым. Сол себепті алдын ала бағалау парақтарын көшбасшыға тарата отырып бағаладым. Бұдан былай да оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалап, оқушы көшбасшылығын алға қойып отырамын.





Мен өзімнің орта мерзімді жоспарымдағы үш сабағымды өту барысында «А», «Ә», «Б» деңгейлі оқушыларыма сараптама жүргіздім. Нәтижесінде Мазасыз Аман Ақеркені ұқсаттым. Себебі Альма да Ақерке де мектепте үй тапсырмасын дұрыс орындайды, оқу үлгерімі орташа, өзіне сенімсіз, жауабының дұрыс екеніне күмәнданады, ортадан қысылады. Дегенмен екеуінің өздеріне тән жеке қасиеттері де жоқ емес. Мысалы Альма үрейі басым, дұрыс емес жауап айтқанша тыныш отыра беруге бел байлап, сабаққа қатысудан бас тартады,сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас жасай алмайды. Ал Ақерке сыныптастарымен жақсы қарым-қатнас жасайды, тапсырманы орындауға салғырттық танытады, оқыса жетістікке жете алатын оқушы. Ал дәрменсіз Ханаға Сұлташ Сүндетті ұқсаттым. Себебі Хана да Сүндет те үлгерімі нашар, сыныпқа әлеуметтік тұрғыдан кірікпеген. Оқушылармен қарым-қатынас жасауға келе бермейді. Дегенмен екеуінің өздеріне тән ерекше қасиеттері де бар. Мысалы Хана Мұғалімнің айтқан тапсырмасы бойынша ештеңе орындамайды. Жүре пайда болған дәрменсіздіктің иесі. Өздігінен алға ұмтылмайтын оқушы. Ал Сүндет мейірімді, тәртіпті, өздігінен ешкімге соқтықпайды, сұраған сұраққа жауап беруге сәл болса да тырысады. Ал өте сақ Саллиге Төл Нұрзаданы ұқсаттым. Себебеі Салли де Нұрзада да өзіне сенімді, ынталы, тәртіпті, сол күнгі жақсы баға алу үшін ғана жұмыс жасайды, үнемі қауіпсіз жол таңдайды. Дегенмен екеуінің өздеріне тән ерекше қасиеттері де бар. Мысалы Салли жеткілікті деңгейде ақылды, үнемі жоғары бағаға оқи алады деген мұғалімнің сеніміне кірген, білі мен қиялын дамытуға тырыспайды. Ал Нұрзада өзіне тән қулығы басым, сабаққа дайын кейіп танытады, бірақ шын мәнінде сабақ сұрасаң кейде дайындықсыз келетін күндері болады. Өзін сыныптастарынан жоғары санайды, төрттік бағаны місе тұтпайды.

Менің үш сабағымда кездескен кедергілер мен шешу жолдары және нәтижелер мынадай болды.

1-сабақтағы кедергі уақытты тиімді пайдалана алмадым. Мұның шешу жолын топтық тапсырмалар орындату арқылы таптым. Нәтижесінде оқушылар ақ уақытта көп мәлімет алды.

2-сабақтағы кедергі оқушылар ортада сөйлеуге қысылды. Мұның шешімін өз ойларымен жауап беруге қалыптастырдым. Нәтижесінде оқушылар ортада еркін сөйлей бастады.

3-сабақта кедергі мектепте АКТ-ның аздығы. Бұл мәселеді мен ноутбуктың көмегіне жүгіндім. Нәтижесінде оқушылар АКТ-ны еркін меңгере бастады.

Жаңа әдіс- жаңаша оқыту негізі. Сондықтан да мен алдағы сабақтарымда да оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді басымдыққа алып отырамын.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 маусым
1801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі