400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудегі мектепке дейінгі тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте" дегендей қазіргі қоғам жан-жақты, білімде де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар қауымына орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: "білім берудің деңгейлері мен мазмұнын анықтағанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту -үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі" деп көрсеткен.

Мұнда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жастағы балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы бағдарламаларда денені шынықтыру тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық, еңбек тәрбиесі тақырыптарын қамтып тәрбиелеу мен оқыту жүзеге асырылды.

Баланың тілін дамыту кун тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылады.

Негізгі оқыту түрі-сабақ, мұнда әртүрлі ойындар мен дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады. Барлық сабақта және әсіресе, тіл дамыту сабағында айнала қоршаған ортамен таныстыруда, көркем әдебиет шығармаларын оқуда сөз белгілі бір заттың және айналадағы құбылыстың әрекетін білдіретінің және өз ойын жеткізуде мағынасына қарай сөзді дәл сәйкестеп табу керектігін саналы ұғындыру мен баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше.

Қазақ алфавитіндегі барлық дыбыстарды таныстыруда дауыс ырғағын, екпінін дұрыс келтіріп, дыбыстарды анық айтуға үйретіледі. Қатаң,ұян, дауысты дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, оларды айтуда дыбыс аппараты мен артикуляцияны дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға жаттықтырылады.Балалардың сөйлеу тілінің белсенділігін арттыруда оқылған ертегі,әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекет ерекшелігін, мінез, көңіл-күйі құбылысын сипаттай білуге үйретемін. Арнайы өтілген сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау,саяхат,серуен т.б, күнделікті өмірде, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауда, жаңадан меңгерген сөздерді орынды қолдана білуге тапсырмалар беремін.

Тілдің грамматикалық құрылымын бала өте ерте меңгере бастайды. Балалар диалогты, монологты сөйлеуді меңгереді, грамматикалық құрылым байланыстырып сөйлеу арқылы жетеді.

Күнделікті өмірде ойын барысында сөйлеу үлгілерін бірнеше рет қайталау арқылы бекітіліп,байланыстырып сөйлеуге психологиялық дайындық қалыптастырады,тиісті сөйлеу нұсқаларын таңдап алуға жаттығады. 5-6 жастағы балалардың тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру морфологияның(сөз құрау, оны өзгерту), синтаксистің міндеттерін қамтиды. Жүйелі ұйымдастырылған тілдік жұмыс балалардың бойындағы сөзге деген қызығушылықты, сезімталдықты тәрбиелейді. Бала сөз тыңдауды үйренеді, үлкендердің, құрбыларының тілінен дұрыс сөйлеу формаларын үйренеді.

Балаларды сөз құраудың амалдарымен таныстыру тілдің грамматикалық құрылымын дамытуда маңызды роль атқарады. Мысалы; аңдардың, үй жануарларының төлдерін, ыдыс-аяқ түрлерін, киім түрлерін,т.б атап үйрену.

Байланыстырып сөйлеу арнайы тілдік ойындар мен жаттығулар арқылы іске асады, мысалы; «жұмбақ құрастыр», «Ұқсайды-ұқсамайды» т.б.

Балалардың диалогтық, монологтық сөйлеу тілін дамытуда үлкендер айтқан әңгіме, ертегіні зейін қоя тыңдап, мазмұнын қайталап, әңгімелеп, айтып беру арқылы грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі. Ауыз әдебиет үлгілері; мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш,ертегілерді, сюжетті суреттерді, ойын-жаттығуларды, балаларға арналған мультфильм, кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс-тәсілдерін қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау, шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың сөйлеу тілін дамытамын. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын жаттығулары мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.03.2019
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі